40 жастан асқан әйелдер! Сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзадағы ракты ертерек анықтау үшін маммографиялық тексеруден өтіп тұрыңыз. Егер Сіз 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жаста болсаңыз, онда сүт бездері рагының скринингіне қатысыңыз – ол үшін сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ертерек анықтау мақсатында маммографиялық тексеруден өтуіңіз қажет.
25 жастан асқан әйелдер! Жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен осы ағзаның обырынан сақтандыру мақсатында шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсырыңыз. Егер Сіз 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жаста болсаңыз, жатыр мойнының скринингіне қатысыңыз – жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсыру – осы ағзаның рагынан сақтану үшін қажет.
50 жастан асқан ерлер мен әйелдер, сіздер – колоректальді обыр скринингіне қатысыңыз, бұл үшін Сізге тоқ ішек (бүйен) мен тік ішек обырын анықтау мақсатында нәжіс және қан тапсыру қажет.
Ерлер! Егер Сіздің жасыңыз 55 жастан асса және қуық асты безіндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ерте сатысында анықтау үшін ПАА-ға үнемі қан анализін жасатқаныңыз жөн.
Үнемі флюорографиядан өтіп тұрыңыз.
Қорытынды:Елбасымыздың "Қазақстан - 2030” стратегиялықбағдарламасында "Біздің табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы бар елдер оны дұрыс игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай қалғаны” туралы айтылған болатын. Олай болса қазақ жерінің байлығын бағалайтын, туған жердің табиғатын сүйіп алмайтын жас ұрпақтың білімі мен тәжірбиесі көбірек көңіл бөлу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.
Адам баласының қалыпты өмір сүруі үшін оған қажетті қоршаған орта жағдайлары және табиғат байлықтары болуы қажет.
Адамзат қоршаған орта мен табиғат байлықтарын өз қажетіне пайдалана алатын саналы тіршілік иесі. Адам тек табиғатты пайдаланып қана қоймай, табиғатты өзгерте де алады.
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше маңызға ие. Пайдалы қазба байлықтарының шектен тыс көп пайдалануы, жер бетінен көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоқ болып кетуі және сонымен қатар табиғи ортаның ластануынан адамдардың денсаулығы да бұзыла бастады. Қоршаған ортаның шектен тыс ластануынан бұрын белгісіз аурулар пайда болуда. Тіпті сыртқы ортаның шектен тыс ластануы адамның генетикалық ақпараттарын өзгертіп жіберетіндігіне түрлі кейіптегі сәбилердің дүниеге келуі мысал бола алады.
Табиғат, Жер – Ана , туған жер, атамекен құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезімін ұялататын қасиетті сөздер. Адамның өзі сол табиғат пен Жер – Ананың перзенті.Өзіміздің қоршаған тіршілік ортасын – биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей ластамай, көркейтіп, көріктендіріп жеткізу бүгінгі жас ұрпақтың басты парызы болып табылады. Сондықтан, барлығымыз қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен оны қорғау жолдары туралы мағлұмат беріп, экологиялық, эстетикалық тәрбие беру және оларды туған өлке табиғатын сүюге, қорғауға, қамқорлық жасауға баулуымыз керек.
Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады.Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық парызы
Достарыңызбен бөлісу: |