Экологияны және биологияны оқыту әдістемесі


Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1



Pdf көрінісі
бет19/29
Дата24.01.2022
өлшемі187,38 Kb.
#113967
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. 

Сабақтың мақсаты мен міндеті. Тақырыптың негізгі ұғымдары. 

2. Биосфераның одан ары қарай өмір сүруі үшін биологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы адамның ролі.Ұсынылатын әдіс

және   тәсілдер.   Негізгі   білім   және   талдауға   арналған   сұрақтар.   Оқушылар   мен   мұғалімдердің   сабақтағы   іс-әрекеті.

Қосымша материалдар мен ұсынылатын әдебиеттер.

Әдебиеттер: 1-4

Тақырып   7.  

“Қоршаған   ортаға   адамның   шаруашылық   іс-әрекеттерінің   тигізетін   әсері”   тақырыбына   пәнаралық

конференция өткізу.

Мақсаты:  

“Қоршаған   ортаға   адамның   шаруашылық   іс-әрекеттерінің   тигізетін   әсері”   тақырыбына   пәнаралық

конференция өткізу.

Жоспар:

 1. Конференция міндеті мен мақсаты. Мұғалімнің қосымша жұмыстары және оқушылар тапсырмасы. Сценариді

оқушылар   біліктілігін   қалыптастыру   бағытында   өңдеу:   жалпылама   ойлау,   биосфераны   тіршілікке   қажетті   сфера

тұрғысынан жалпылама қарастыру.




Экологиялық  мәселелердің  өзектілігі, болашақ  және қазіргі  ұрпақтардың  өмір сүруіне  қажетті  қолайлы жағдайларды

қамтамасыз  ету мақсатында  оларды  шешуге  деген  объективті  қажеттілік  мектептің  алдына  оқушыларға  экологиялық

білім мен тәрбие берудің жаңа міндеттерін қойып отыр.

Бастауыш мектеп оқушыларында табиғатқа деген жауапкершілік қатынасының процесі оның көпжақты бағалығы

– эстетикалық, танымдық, экономикалық, практикалық меңгеруі негізінде жүзеге асырылады.

Қоршаған ортада  жауапкершілікпен әрекет  етуге  дайындық пен қабілеттілік және адамның интеллектуалдық,

эмоциялық   және   жігерлілік   сапаларының   дамуымен   тығыз   байланысты.   Оқушылардың   қоршаған   табиғтқа   және

азаматтық   қатынастарының   күшеюі   тек   білімдер   жүйесі   ғана   емес,   белгілі   бір   дағдылар,   іскерліктер,   әдептердің

қалыптасуымен   байланысты.   Қазіргі   заманғы   экологиялық   білімдері   меңгерудің   әдістемелік   негізі   «адам   –   қоғам   –

табиғат» жүйесіндегі диалектикалық бірлік болып табылады. Бұл білімдердің комплексті пән аралық сипаты бар және

оған жаратылыстану ғылымы, қоғамдық-тарихи, әлеуметтік экономикалық, технико-технологиялық және адамгершілік-

эстетикалық ұғымдар енеді де, олар дүниетанымдық сипатқа ие болады.

Оқушы   қоршаған   ортаға   жауапкершілік   қатынасы   үш  салада   көрінеді:   жеке   мінез-құлықының   мәдениетінде,

қоршаған табиғи ортаны жақсарту, оны күту, қорғауда қоғамдық-пайдалы еңбекті орындауға белсенді қатысуда; табиғат

қорғаудың қазіргі заманғы идеяларын кеңінен насихаттауда.

Олай   болса,   оқушылардың   қоршаған   ортаға   жауапкершілік   қатынасы   табиғат   туралы   ғылыми   білімдердің

органикалық бірлігі нәтижесінде, оны қорғауға іс жүзінде қатысудың қажеттілігін ұғынуы нәтижесінде қалыптасады.

Сонымен қатар қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік қатынастың жеке адамның біртұтас тәрбие процесінде:

идеялық-саяси, адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық қалыптасуын атап өту қажет.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің міндеттерін жүзеге асыруда интегралдық сипаты бар пәнаралық тұрғыдан

қараудың принципиалдық маңызы бар.

Жаратылыстану ғылыми циклдің пәндерін оқыту табиғаттың әр түрлі ұйымдасу деңгейлері, табиғи процестердің

біртұтастығы мен  өзара байланысы туралы  білімдерді  оқушылардың  меңгеруіне  мүмкіндік  береді.  Осының  негізінде

табиғатты пайдалану және адамның қызметінің биосфералық прцесстердің жаңа факторы ретінде рөлі ашып көрсетеді.

Қоғамдық-тарихи және гуманитарлық пәндерді оқыту оқушылардың назарын қоршаған табиғи ортаға жеке және

қоғамдық қатынастың әлеуметтік сипатына аударады.

 

Оқушыларға   идеялық-адамгершілік   тәрбиесін   берудегі   табиғаттың   орны   мен   рөлін   ашып   көрсету   маңызды.



Оқушыларды   өмірге   дайындауда   еңбек   тәрбиесіндегі   экологиялық   аспектіні   бағаламауға   болмайды.   Балалардың

табиғатқа, адамға қатысты іс-әрекеттерін бағалау, оның мотивтерін сараптау қажет.

Зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша төмендегі қорытындылар жасалынды:

1.  Экологиялық   білім  мен  тәрбиенің   мазмұнын  сараптау  жалпы  білім   беретін   мектепте   экобілім   мен   тәрбие

берудің   өзінің   принциптері   мен   міндеттері,   қоршаған   табиғи   ортаны   қорғау   мен   зерттеудің   іскерліктері   мен

дағдыларының, сонымен қатар экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнын анықтайтын бірқатар факторлардың бар

екендігін көрсетті.

2. Қалада оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесіне мына факторлар әсер етеді: мұғалімнің жеке басы,

білім мазмұны, отбасы, қоғам, қоршаған табиғи орта, ақпарат құралдары.

3.   Оқушылардың   экологиялық   білімдерінің   деңгейін   анықтау   үшін   жүргізілген   сауалнаманың   нәтижелері

«Экологиялық»   арнайы   курсы   оқытылатын   №26   гимназияда,   №25   мектеп   оқушыларымен   салыстырғанда   жақсы

деңгейде.

Экологиялық білім мен тәрбие саласындағы әр түрлі бағдарламалар мен оқулықтардың сараптау, экологиялық

білім мен тәрбие беру төмендегі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін екендігін көрсетті: 

- оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға пәнаралық байланыс тұрғысынан қарау;

- «Экология» арнайы курсында дәстүрлі емес сабақтардың әдістемелік нұсқаулары;

- Экология мәселелері бойынша сынып сағаттарын өткізу;

- Комплексті экологиялық танымжорық ұйымдастыру;

- Адамзаттың ғаламдық мәселелері бойынша сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет