Эконометрика



бет3/56
Дата08.02.2022
өлшемі3,29 Mb.
#98039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
7 ismagulova n.m. berguzinova t.m. ekonometrika
316 нб 23, коррупция, күшікбаева-әсем-127группа
1 Эконометрикалық моделдер


1.1 Эконометрика пәні және оның міндеттері
Эконометрика жеке ғылыми пән ретінде пайда болу тарихы 100 жыл шамасында есептеледі. Норвег ғалымы Р.Фриш осы пәнді экономикалық теория, статистика және математика пәндерінің бірігуі деп анықтады. Экономикадағы білімдер экономикалық көрсеткіштер арасындағы байланысты орнатады және экономикалық теория, моделдер түрінде беріледі. Макро және микроэкономикалық теориялардың сапалы (сапа жөніндегі) сұрақтарына жауап береді.
Экономикада ақша ұсынысының артуы пайыздың нақты ставкасына және іскерлік белсенділігіне әсер ете ме? Тұтыну құрылымын салық ставкасының кемуі қалай өзгертеді? Мемлекеттік бюджеттің дефициті инфляция және төлемділік балансының жағдайына қалай әсер етеді?
Аталған сұрақтардың әрқайсысына экономистер теорияға сүйеніп өз пікірлерін айтады. Сонымен қатар, негізделген шешім қабылдау үшін айтылған теориялық заңдылықтарды нақты сандық өрнектеу қажет.
Экономикада алуан ішкі және сыртқы байланыстарды бөліп және жекелеп сипаттау мүмкін емес. Экономикада пайда болатын осындай экономикалық айнымалылар арасындағы тәуелділіктерді тек қана нақты статистикалық мәліметтерді өңдеу аркылы алуға болады.
Сонымен, эконометрика дегеніміз экономикалық теория, статистика және математика ғылымдарына сүйеніп экономикалық құбылыстар мен процестерді сандық өрнектеу.
Эконометриканың негізгі міндеттері:
− құрылған экономикалық моделді эмпирикалық талдау жүргізу
үшін математикалық түрге келтіру, яғни моделді спецификациялау;
− құрылған модель нақты мәліметтерге адекват болу үшін оның параметрлерін бағалау, яғни моделді параметрлеу;
− құрылған моделдің параметрлерінің сапасын және моделдің сапасын тексеру, яғни моделді верификациялау;
− құрылған моделді зерттелініп отырған экономикалық көрсеткіштердің өзгерісін анықтауға, экономикалық құбылыстарды болжауға, экономикалық саясатты дұрыс жүргізу үшін пайдалану.


1.2 Моделдер
Экономикадағы заңдылықтар экономикалық көрсеткіштердің арасындағы байланыстар түрінде айқындалады. Тауардың тұтынуын зерттеу оның y көлемі, p тауардың бағасына, кірістің деңгейіне, алмастырушы тауардың бағасына және қосымша тауардың бағасына байланысты



Өндірістік функция экономикадағы Q – өнімінің L еңбек шығынына және K капиталға тәуелділігін анықтайды.





Осындай қатынастар айнымалылардың өзара байланыстары қандай болатынын көрсететін модель болып табылады. Жалпы бір айнымалы және n түсіндіруші айнымалылардан құрылған экономикалық модель





түрінде жазылады, мұнда тәуелді айнымалының нақты мәнінің теориялық моделмен анықталған мәнінен ауытқуын түсіндіруге арналған кездейсоқ шама. шамасы моделге кірмейтін басқа факторлардың шамасын анықтайды. Моделдер әртүрлі функционалдық түрде болуы мүмкін. Сызықтық экономикалық модель жиі кездеседі.



Сондай – ақ



дәрежелік экономикалық модель. Мұнда статистикалық мәліметтердің негізінде бағаланатын моделдің параметрлері. Сызықтық және дәрежелік тәуелділіктерден басқа квадраттық, кубтық, логарифмдік, логистік және басқа функциялар қолданылады.


Жалпы эконометрикалық модель:

;





регрессия теңдеуі.
Функционалдық тәуелділіктің түрін таңдау моделдің спецификасы, ал түсіндіруші айнымалылардың құрамын анықтау айнымалылардың спецификасы деп аталады. Егер моделдің тек қана бір түсіндіруші айнымалысы болса, яғни к = 1, онда ол қос регрессия деп аталады. Егер к > 1 болса, онда регрессия жиындық болады. Эконометрикалық моделдің негізін статистикалық мәліметтер құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет