Экономика, жаһандану және еңбек



бет2/6
Дата11.12.2021
өлшемі50,31 Kb.
#99186
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
12 Бекбусинова Гульдана ППП-21 ӘЛЕУМЕТТАНУ
12 Бекбусинова Гульдана ППП-21 ӘЛЕУМЕТТАНУ, 12 Бекбусинова Гульдана ППП-21 ӘЛЕУМЕТТАНУ, 12 Бекбусинова Гульдана ППП-21 ӘЛЕУМЕТТАНУ
2. Негізгі бөлім.

Еңбек нарығы және жұмыспен қамту құрылымы.

Қазақстан Республикасы нарықтық қарым –қатынасқа көшіп жатқан кезінде көптеген шешілмеген күрделі мәселелерді шешуге тура келеді. Олардың бірі – еңбек нарығын қалыптастыру және дамыту. Еңбек нарығының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мәселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір және батыл қойылып отырады, күн тәртібінен аса түспейді. Себебі, алға қойылған саяси экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының бірі. Қазіргі жағдайда, нақты және анық айтатын болсақ, еңбек нарығы қалыптасып келеді. Еңбек нарығын қалыптастыру және дамытудағы келесі мәселе жалпы экономикалық - әлеуметтік даму. Осы дамудың деңгейі мен қарқыны нарыққа өту кезеңінде жіберіліпи жатқан кемшіліктер мен қателіктердің арасында оңды сипатқа және нәтижелерге әлі де болса қолымыз жетпей тұр. Экономикалық өмірдің ауыр салмағы халыққа оңай тиіп жатқан жоқ. Республикамыздағы нарықтық инфрақұрылымдардың дамуы қандайда бір жеңіл желпі сынды көтере алмайды. Осы жағдайлар еңбек нарығының дамуына белгілі бір дәрежеде тосқауыл болуда. Еңбек нарығының дамуына әсер ететін келесі жағдай – демографиялық ахуал. Бұл бағыттың алғаш өзгерістермен өзіне тән ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, өмірге келетін сәбилердің біршама төмендеді, өлім көбейді өмір сүру жасының ұзақтығы аздап та болса азайды.Қорыта айтқанда, халықтың ұдайы өсімі прогресивті типте. Демек, экономикалық және мәдени дамуға қажетті еңбек ресурстарынмен қамтамасыз етеді. Еңбек нарығының дамуының келесі мәселесі жұмыссыздық. Негізгі себебі өндірістің ибүтіндей немесе жартылай тоқтап қалуы. Елімізде нарыққа көшу жағдайында актуалды мәселелердің бірі еңбек нарығын реттеу және жекелеген сегменттерін қалыптастырып құру. Еңбек нарығын реттеудің негізгі әдістері - әлеуметтік – экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру жолдарымен жүзеге асады. Бұл бағытта мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Еңбек нарығын реттеуде мемлекеттің араласуы ауадай қажет, сырттап қалмауы шартты мәселе. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын қалыптастыру және дамутудың негізгі актуалды мәселелерінің бірі – жұмыспен қамтудың кезек күтпейтін алдыңғы шектегі шараларын белгілеу. Сөйтіп келгенде, бұл жұмыспен қамту саясатына саялайды олай болса, әлеуметтік қорғауға негізделген Қазақстанның қазіргі даму кезеңіне сай келетін жұмыспен қамтудың ыңғайлы және өркениетті саясатын жасау аса жауапты, күрделі және абыройлы жұмыс. Дамыған елдерде де жұмыспен қамту саясатына белсенді және енжар шаралар кіреді. Белсенді іс-шараларға жаңа жұмыс орындарын ашуға, қайта мамандануға, мүгедектерді еңбек қатарына қосуға және т.б. барлық шығындардың 25-30% жұмсалады. Қалған қаражаттар жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар төлеуге пайдаланылады. ұзақ мерзімді жұмыссыздық кезінде (1-2 жыл) жұмыссыздар аз қамсыздандырылған азаматтар санатына көшедә де, кедейшілік бойынша жәрдемақылар алады.

Қазақстанда 1991-1999 жылдары халықты әлеуметтік қорғаудың енжар нысандарына екпін берілді. 1991 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры құрылды, қорға бюджеттен тыс саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар, ал 1997 жылдан бері бюджеттік саладағылар да жалақы қорынан 1-2% ақша аудара бастады. ҚР «Халықтың жұмыспен қамтылу туралы» бірінші заңына сәйкес жұмыссыздардың бұрынғы жұмыс стажына, асыраудағы жандарына, жұмыстағы үзілістердің ұзақтығы мен өзге факторларға қарай жқмыссыздарға сараланған жәрдемақылар белгіленді. Әлеуметтік қолдау көрсетудің анағұрлым жоғары деңгейі штаттың қысқаруына немесе кәсіпорындарды таратқан жағдайға байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге кепілденді. Сондай-ақ мамандыққа оқыту мерзімінде жұмыссыздарға стипендиялар төлеу қарастырылды. 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының «Халықтың жұмыспен қамтылу туралы» жаңа заңы күшіне енді, ол жұмыспен қамту саласында белсенді саясат жүргізуге, азаматтарды жұмыс іздеуге уәждеуге, халықтың ең соал санаттарына әлеуметтік қорғау көрсетуге бағдарланды. Осы заңға сәйкес жұмыссыздық бойынша жәрдемақы едәуір азайтылды және ол айлық есептік көрсеткіштің 3,5 еселік мөлшерінде есептеле бастады. Бұрын жұмыс істемегендерге төленетін жәрдемақы жойылды. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау кезінде төленетін стипендиялар айлық есептік көрсеткіштің 3 еселік шамасында сақталды. Қазақстанда жұмыспен қамтудың белсенді саясаты мен еңбек рыногының жаңа пирамидасына көшудің амалсыздан және қаржылық пайымдардың мәжбүр етуінен болғанын атап кеткен жөн. Бюджет жағдайыныңодан әрі нашарлауы небәрі 3 ай өтпей жатып-ақ жаңа Заңға түзетулер енгізуді талап етті. ҚР 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» «Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізу туралы» Заңына сәйкес белгіленген тәртіпті жұмыссыздар болып танылған азаматтарға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төленбейтін болды.Оның орнына жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен атаулы көмек көрсету қарастырылды, оны аудандық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері жүзеге асырады.

Материалдық көмек – кедей адамдар (соның ішінде жұмыстан айырылғандарға да) жергілікті бюджеттердің қаржы жағдайын ескеру арқылы беріледі (тұрған үйді пайдаланғанға дотация, азық-түлікпен, отынмен, киім-кешекпен заттай көмек көрсету және т. б.). Қазақстанда шағын несиелендіру бағдарламасы 1998 жылы біраз дамуын тапты (жұмыссыздар мен кедей азаматтарға 400 АҚШ долларына баламалы мөлшерде шағын несиелер бөлу), оларды жұмыспен қамтудың жаңа салаларын ашу және әлеуметтік көмек ретінде қарауға болады. Алайда қаржылай қаражаттардың жеткіліксіздігіне байланысты бұл бағдарлама 2000 жылы қысқартылды. Сонымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатына көшу мән жағынан жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды жоюды білдіреді, ал жұмысқа орналастыру мен кадрларды даярлау жөнінде нақты қадамдар жасалған жоқ.Жоғарыда мазмұндалған мәселенің аспектінде «Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы» әбден уақтылы және керек болып табылды, ол Үкіметтің 2001 жылғы 27 маусымдағы Қаулысымен мақұлданды, қаулыда жұмыстан айырылған жағдайда әлеуметтік қорғауға арналған бөлім бар, бөлімде әлеуметтік қорғаудың екі деңгейлік құрылымын енгізу қарастырылған: жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға, кәсіптік қайта даярлауға, жергілікті бюджеттердің есебінен ақылы қоғамдық жұмыстар беруге жәрдемдесу жолымен әлеуметтік қорғау.

Екінші деңгей: белгілі бір уақыт аралығында әлеуметтік сақтандыру жүйесінен ресми сектордың қызметкерлеріне төлемдер беру. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлемдер алуға азаматтардың құқығы, егер азамат заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жұмыссыз болып танылса және жұмыс іздеумен белсенді түрде шұғылданса, сондай-ақ жүйеге нақты салым ақша салған жағдайда пайда болады. Төлемнің мөлшері жалақының деңгейі мен сақтандыру аударымдарының ұзақтығына байланысты болады. Осы құжаттың мазмұндық жағынан тоқталмастан, мынаны айтып өтеміз, міндетті әлеуметтік сақтандырудың есебінен сыйақы беруге жататын әлеуметтік қауіптердің тізбесіне жұмыстан айырылу қаупін кіргізу 2003-2005 жж. жоспарланып отыр. Бұл өте үлкен мерзім. Сонымен бірге жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бас стратегиясы негізгі 3 мақсатқа қол жеткізуді көздеуі тиіс: экономиканың нақты секторын дамыту, жаңа жұмыс орындарын жасау үшін әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту; кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшыраулары мен қызметкерлерді жұмыстан босатуға жол бермейтін жұмыс істеп тұрған өндірістерге бар мүмкіндігінше қолдау көрсету; жұмыспен қамту орындарын жекешелендіру, мұндай шараның қолданыстағы жүйеден айырмашылығы, жекешелендіру жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру қайта оқытуды шұғыл және икемді түрде жүзеге асыруға септігін тигізген болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет