«Экономика және басқару» институтының директоры


Валюталық операциялар ағымдық және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді. Ағымдық операцияларға



бет6/9
Дата31.01.2018
өлшемі1,21 Mb.
#36555
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Валюталық операциялар ағымдық және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.

  1. Ағымдық операцияларға жататындар:

  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не авнс төлемінің мерзімін 120 күннен аспайтын иерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

  • 120 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;

  • Салымдар( депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивидендтерді, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;

  • Гранттарды қоса алғанда, сада сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;

  • Осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

  1. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:

  • инвестицияларды жүзеге асыру;

  • интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

  • мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар

  • Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не авнс төлемінің мерзімін 120 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспотр- импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

  • 120 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;

  • өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруғңа құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;

  • зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар ;

  • жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізу ҚР Ұлттық Банкінен алғанлицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық Банкі валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.
3. Клинттердң шоттарын ашу және жүргізу.

Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:

  • заңды және жеке тұлғаларға ( резиденттерге және бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;

  • шоттардағы қалды бойынша пайыз төлеу;

  • овердрафт ( банк жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге ) несиелерін беру;

  • операция жасалуына қарай шоттың көшрмелерін беру;

  • кез-келген уақыт аралығына шот архивін рәсімдеу;

  • клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау ( клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату);

  • экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.


4. Сауда емес операциялар

Сауда емес операцияларға клиенттерге тауарлар мен қызметтер экспорты мен импорты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуларға байланыссыз операциялар жатады.

Өкілетті банктер сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:

- қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;

- шетел валютасын жне шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;

- шетел банктерінің жол чектерін сатып алу;

- ақшалай аккредитивтерді сатып алу.

Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату.

Халықаралы есеп айырысуларды жүзеге асыру үщін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:


  1. НОСТРО шоты ( біздің шотымыз сізде) – банк-корреспонднтте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;

  2. ЛОРО шоты ( сіздің шотыңыз бізде) –коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.

4. Конверсиондық операциялар –сол елдің қолма-қол және олма-қолсыз ұлттық валюталарына қарсы қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелерін білдіреді.

Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:

-СПОТ мәмілесі- бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

-ФОРВАРД ( мерзімді, аутрайт) мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу жне сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргзілген операциялар.

-СВОП мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта айта сатып алу жне сатуға сәйкес, яғни екі арама-қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.

3 дәріс



Тақырып: Валюталық қатынастар және валюта жүйесі

1. Валюталық қатынастар түсінігі

2. Валюталық нарық және оның түрлері

2. Валюталық жүйе және оның элементтері


1. Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз - құн) – елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.

Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды. Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы - ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.

Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолдаылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.

Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.



Валюта қатынастары – әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта айырбастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.
2. Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттардыв біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымыныа қызмет етеді.

Халықаралық есеп айрысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдері үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айрысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.

Валюталық нарықтарды шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтет үшін валюталық түсім алған экспортерлардан;

Сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден;

Сондай – ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлікжәне банктік комиссия түрінде валюталар алатаын сақтандыру қоғамдары мен банктерден: дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.

Сонымен валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық саудамен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралықкапиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналанатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетінресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай:


  • байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;

  • байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;

  • әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;

  • банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізі техникасын біртұтастандыру;

  • коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.

Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегң, Франкфуртна-Майнедегі, Париждегі, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.

Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвиртеленетін валюталармен операциялар жүргізіледі.Оның қатарына сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары т.б. бар.

Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарына компаниялар, жеке тұлғалар және банкттер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операицяларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды жеке тұлғаар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларын да жатқызады.

Институтционалдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкир үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.

Қалған банкетр мен брокерлік фирмаалар өздерінің валюталық операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады.Валюталық нарықтардағы валюталық мәмілелердің 95 пайызға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді.

Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады.

Девиздік банкетрің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айрырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің жағдайларына, банк саясатына байланысты.

Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушыларымен кездесетін валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына екі рет валютамен сауда жүргізіледі.

Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленемін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юэерлер). Активті қатысушылар өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар20-ға жуық банкетр ерекше бөлінеді.

Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.

Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формаасында – шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.

Аударым – бұл басқа елдегі банк – корреспондентіне өзінің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе пошталық аударым негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барасында банк екің операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады.

Банктік чек – шетелдік банк – корреспонденткен чекті ұстаушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.

Банктік вексель – осы елдің банкінің шетелдік банк – корреспондентке берген траттасы (аударым векселі). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді.

Бұл жерде чектермен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын де есте сақтау қажет.

Халықаралық есеп айырысулардың сызбалау механизмін былай беруге болады: тауарды экспорттаушы сатқа тауары үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкетрге сата отырап, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық валютаны алады.

Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтердің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиытығы.

Валюталық қатьынастардың жекелеген элементтері – вексел ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болды. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы «вексель жәрмеңкелері» мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштердің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Халықаралық валюталық қатыастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады. Валюталық қатынастаржағдайы ұлттық және дүниежүзілік эконмиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
3. Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байлагыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық – экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық – заңдық тұрғысына қарағанда – белгілі бір қоғамдық – экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік – құқықтық нормасы.

Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастардың жиынтығы. ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік наруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім – шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы – дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді.

Ұлттық және дүинежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады (1-кесте).
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің негізгі элементтері



Ұлттық валюталық жүйе

Дүинежүзілік валюталық жүйе

  1. Ұлттық валюта

  1. Халықаралық есептесу бірлігі, резервтік валюталар

  1. Ұлттық валютаның айналым дәрежесі

  1. Валюталардың өзара айналымдылығының шарты

  1. Ұлттық валютаның паритеті

  1. Валюталық паритеттердің біртұтас режимі

  1. Ұлттық валюта бағамының тәртібі

  1. Валюталық бағамдардың режимдерінің регламентациясы

  1. Халықаралық валюталық өтімділік

  1. Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу

  1. Валюталық шектеудің болмауы немесе болуы

  1. Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу

  1. Халықаралық несиелік айналыс құралдары, олардың пайдалану ережелерінің регламентациясы

  1. Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың біртұтас ережесі

  1. Елдердің халықаралық есеп айырысу регламентациясы

  1. Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың біртұтас ережесі

  1. Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі

  1. Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын нарықтарының режимі

  1. Елдің валюталық қатынастарына реттеуші және қызмет көрсетуші ұлттық органдар

  1. Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет