Экономика және баскару институты. «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы. Туризм


Тақырып : Қазіргі басқару әдістері



бет106/134
Дата04.10.2020
өлшемі1,27 Mb.
#63955
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   134

Тақырып : Қазіргі басқару әдістері



Қарастырылатын сұрақтар:

1. Басқарудың экономикалық әдісі.

2. Шаруашылық механизмі.



3.Дәрістің мақсаты: Дәріс бойынша берілген тақырыпты толықтай қарастырып, студенттерге түсінікті етіп мәлімет беру.

4.Дәріс мазмұны:

I. Басқару дегеніміз – алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс. Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің маңызы зор. Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау әдістері деп түсініледі. Басқару әдістері дегеніміз – басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғы шарты болып табылады. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекше етеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер – басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады. Жалпы түрде алғанда, басқару әдістерін мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады;

  1. бүкіл басқару жүйесіне жататындар (жалпы әдістер).

  2. басқару жүйесінің жекелеген бөліктеріне жататындар (шағын ауқымдағы әдістер).

Басқарудағы әдістер:

  • кәсіпорын, бірлестік, экономикалық аймақ деңгейіндегі басқару қызметінің неғұрлым нақты тәсілдеріне;

  • министірліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістеріне;

  • түрлі деңгейдегі басшылардың өз қызметінде қолданатын әдістеріне;

  • белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдістеріне бөлінеді.

Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл әдістерінің бәрі шағын сипатта болады, өйткені олар қайсібір жекелеген басқару органына, қызметкерге қатысты. Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен басқару әдісінің проблемасына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жалпылама түрде талдау жасау маңызды.

Іс жүзіне басқару әдістерінің:



  • өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатнастарын білдіреді);

  • мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен);

  • қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысын білдіреді);

  • қолдану формаларымен (дара, коллегиялық, ұжымдық) ерекшеленетін сан алуан түрлері қолданылады.

Осы жүйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас экономикалық жүйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылған міндеттерді, соның ішінде:

  • экономикалық;

  • ұйымдық-әкімшілік;

  • әлеуметтік-психологиялық, міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал жасауды мақсат ететін әдістер маңызды орын алады.

Басқару әдістері оқшау емес, бірге пайдаланылады. Барлық басқару әдістері бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен бірге әдістердің әрбір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну формалары мен қолданылу шеңбері болады. Басқару әдістеріне талдау жасау кешенді көзқарасты, әдістің мазмұнын, оның бағытын және ұйымдық формасын бөліп көрсетуді талап етеді. Басқару әдістері өндіріске тән объективті заңға сәйкес келген жағдайда басқару мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Сонымен басқару әдісі дегеніміз – объективті заңдардың талаптарын іске асырудың әдісі. Басқару әдісінің мазмұны объективті заңдардың мазмұнына байланысты. Сонымен бірге мақсатқа жету үшін әдістің жай ғана объективті заңдардың талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет, өйткені экономикалық процестер өзінен өзі, өндіріс процесіне қатысушылардың қызметінен тыс өмір сүрмейді. Сондықтан басқару әдісі оған түрткі болатын әсердің мазмұнымен ғана емес, бағытымен де сипатталады. Басқару әдісі орындау жүйесі арқылы іске асырылады және белгілі бір ұйымдық форма алмай қоймайды. Басқару әдісінің елеулі әдісі оны құқықтық жағынан рәсімдеу болып табылады. Басқарудың праволық жағынан регламенттеу өндіріске басшылық етудің көбінесе мемлекеттік сипатта болуынан туындайды. Басқару әдістері өндіріс пен қызметкерге түрліше ықпал етеді. Нарық қатнастарына көшу кезеңінде өндірістегі мотивация қызметкердің нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мәдениеті мен саналылығына негізделеді.

Ықпал ету сипаты жөнінен барлық басқару әдістерін 3 топқа:

а) материалдық себеп әдістеріне;

ә) әлеуметтік себеп әдістеріне;

б) билік ету себептері әдістеріне бөлуге болады.

Осы топтардың әрқайсысы:



  • оңды себепті (ынталандыру);

  • теріс себепті (жазалу, мәжбүр ету) қамтиды.

Бұл әдістер жекелеген қызметкерге де ұжымға да ықпал ету әдістері болып табылады. Тәжірибеде таза себеппен жасалатын ықпал болмайды. Мәселен, материалдық қажеттерді қанағаттандыру әлеуметтік себептер үшін база жасайды. Бірақ бұл ықпалдарды бөліп алып, жеке-жеке қарауға болады.

Материалдық себептер мынадай үш түрде:



  • қоғамдық;

  • ұжымдық;

  • жеке түрде көрінеді.

Материалдық себептерге;

  • материалдық жағынан ынталандыру;

  • күштеу шаралары: айып салу, өсім алу және басқа да материалдық жазалар қолдану жатады.

Әлеуметік себеп құралдарының арсеналы өте зор – кең көлемді насихат және үгіт жұмысынан жеке көтермелеудің әр алуан формаларына дейін жетеді. Әлеуметтік себептер оңды (материалдық көтермелеу) және теріс (жазалау) болуы мүмкін. Билік ету себебі қызметкердің кез-келген жағдайда қимыл жасауға мәжбүр ету мүмкіндігіне негізделеді. Мұндай мүмкіндік мемлекеттің, қоғамның беделімен қамтамасыз етіледі және тиісті күштеу тұтқалары арқылы қамтамасыз етіледі.

Ықпал ету үлгісі бойынша басқару әдістері мыналарға:



  • тура немесе тікелей ықпал етуге;

  • міндеттер қоюға;

  • ынталандыратын жағдай жасауға бөлінеді.

Тура ықпал етуге басшының ешқандай түсініктеме бермей, егжей-тегжей нұсқау түрінде өкім беруі тән. Міндет қою - сан қырлы әдіс, өйткені міндеттердің тәптіштелу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Бұл қазіргі басқарудың негізгі типі. Ынталандыратын жағждай жасау басшылықтың мақсаттарына сай келетін жолды орындаушылардың өздері таңдап алатын жағдайда жеткізуге тиіс. Адамға жұмыста бұл әдістің мүмкіндіктері шектеулі, ол ұзақ мерзімді перспиктиваға арналған жалпы ықпал ету әдісі болып табылады. Халық шаруашылығының дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр. Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсамай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады. Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсініледі. Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделеріне арқылы жанама ықпал етудің пайдалануын көздейді. Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты – кәсіпорынның коллективті мен жекелеген қызметкерлері барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету. Экономиканы басқаруды түбірінен қайта құруды жүзеге асыру жағдайында қарастырылып отырған әдістер өндіріс процестерін реттеу мақсатында экономикалық тұтқалардың жиынтығын кеңінен пайдалануды, үнемділікті (пайда, кіріс) материалдық нәтижелер және интегралдық көрсеткіштер деп, өндірістік қызметке баға бберудің басты өлшемдерінің рөлін тануды, жоспар жасауда, оны мейлінше тиімді іске асырудың құралдары мен әдістерін таңдап алуда шаруашылық бөлімшелеріне жеткілікті дәрежеде дербестік беруді көздейді. Олар сонымен қатар барлық экономикалық көрсеткіштерді жақсарту ісінде толық алғырлық көрсетілуін қажет етеді. Экономикалық әдістерінің бірнеше тобын бөліп көрсетуге болады. Олар:

  • шаруашылық механизмі және оның құрылымы;

  • әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару;

  • экономиканы дамытудағы индикативті жоспарлауды пайдалану;

  • мемлекеттік реттеудің әдістері.

Осы көрсетілген әдістер тобына қысқаша сипаттама беру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет