Экономика және баскару институты. «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы. Туризм



бет107/134
Дата04.10.2020
өлшемі1,27 Mb.
#63955
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134
Шаруашылық механизмі – шаруашылықты жүргізудің қағидаларына негізделген әдіс. Бұл шаруашылық механизмі ұғымы кез келген кәсіпорындардың залалсыз қызмет істеуінің мәнін ашып көресетеді. Шаруашылық механизмі ұғымына мұндай көзқарас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберде жұмыс істеу үшін жағдай жасауды білдіреді.

Шаруашылық механизмі, басқаша айтқанда, өндірістік қатнастар жүйесі, өндіргіш күштер және қоғамның қондырмасы арасындағы өзара іс-қимылдарды көрсетеді деген сөз. Яғни шаруашылық механизмі ең алдымен өндірушілердің, содан соң тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып, әртүрлі өндіріс процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені бұл орайда негізгі элемент: біріншісі үшін залал шекпеу, екіншісі үшін өнімді пайдалану тілегі, үшіншісі үшін салық алу мен гүлдену тілегі өлшем болады. Сонымен, шаруашылық механизмі ғылыми тұрғысынан алғанда нарықтық механизмге өте жақын деуге, ал іс жүзінде оларды бір-бірімен балауға болады. Сондықтан экономикамыздың нарықтық қатнастарға бет алуы іс жүзінде ең алдымен жаңа шаруашылық механизмінің енгізілуіне байланысты. Бұл оларға мыналарғы:



  • кәсіпорындардың залалсыз жұмыс істеуіне;

  • пайдасы жоқ дотациялардың тоқтатылуына;

  • басқалармен салыстырғанды, ғылыми-техникалық прогресс нәтижелеріне кәсіпорындардың экономикалық айқындамаларын күшейтуге, яғни ғылыми-техникалық прогрестің енгізілуін ынталандыруға;

  • өндіруші жөнінде де, тұтынушы жөнінде де экономикалық мүдде категорияларының пайдаланылуына;

  • мемлекет арқылы қоғамның экономикалық айқындамаларын күшейтуге;

  • кәсіпорындардың шын мәнінде нәтижелі жұмыс істейтін ұжымдарының тұрмыс деңгейін күрт көтеруіне және т.б. қол жеткізуге болады.

Сонымен қалыпты өндіріс пен тұтынуды қамтамасыз етуге бағытталған шаруашылық механизмі нарықтық механизмге өтпей қоймайды деген қорытынды жасауға болады.

Шаруашылық механизмі нарықтық механизмге көшетін нарық жағдайында экономиканы басқару дегеніміз – қоғам алдында тұрған мақсаттарға бағытталған заңдар арқылы және экономикалық заңдарды мейліше жақсы пайдалану жағдайында қоғамдық қондырманың мейлінше ұтымды, экономикалық жағынан дұрыс ықпал жасауы болып табылады. Мұндай көзқарас ғылыми принциптерге негізделеді, ал олардың болмауы стимулдар жоқ және мақсатқа жету үшін емес екенін дәлелдейді.

Тұтынушы, өндіруші және қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырудың механизмі басқару құрылымынан тыс өмір сүре алмайды. Сондықтан мұндай құрылымдар қажет. Басқарудағы еңбек бөлісінің формасын басқару құрылымы деп түсіну қажет, ал бұл форма басқарудың негізгі бір функцияларға бөлінуін баян етеді. Бұл орайда басқару құрылымы элементтерімен және олардың байланыстарымен сипатталады.

Элементтерге:



  • басқару қызметкерлерге;

  • басқару техникасы;

  • басқару органдары жатады.

Басқару қызметкерлеріне басқару функциясының белгілі бір бөлігін орындайтын индивидтер жатады.

Басқару техникасына жататындар – басқару процесі үшін қажетті еңбек құралдарының жиынтығы.

Басқару органдарына басқару еңбегінің бөлінісі қатнастарымен байланысты қызметкерлер тобы кіреді. Басқару органдарының жиынтығы бұл ретте басқару органдарының жүйесін құрайды. Мұндай басқару органдары жоғары және төмен тұрған, тең құқықты органдарға бөлінеді. Бұл олардың басқару құрылымындағы жағдайына да байланысты. Басқару құрылымы басқару органдарының арасында бар байланыстар арқылы сипатталады.

Барлық нарықтық құрылымдар кез келген жағдайда белгілі бір принциптерге бағынатынын атап өту қажет. Бұл қағидалар басқару аппараттарына қойылатын талаптардан өз көрінісін табады. Бұл - ең алдымен басқару аппараты құрылымының оңтайлылығы; одан соң – құрылымды аңғарудың оперативтілігі экономикалық дербестік шеңберінде және шаруашылық механизмі анықтайтын жағдайда жұмыс істеудің сенімділігі мен басқару тиімділігі.

Қаралып отырған мәселелерге байланысты еске ала кететін бір жай - шаруашылық механизмі нарықтағы белгілі бір талаптарға сай келуге тиіс. Нақтылы айтқанда ол:


  • біздің санамыздан тыс әрекет ететін экономикалық заңдардың қолданылу шеңберінде оның толық сәйкес келуі;

  • шаруашылық механизмінің ғылыми негізділігі;

  • механизмнің іске асырылуы экономикалық мүдделер негізінде жүргізілуі тиіс;

  • қоғамда әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер механизімін жасау;

  • барлық деңгейдегі басқару объектілерінің мүдделерін біріктіру мен үйлестіру;

  • шаруашылық механизмін түбірінен өзгертпей-ақ одан әрі икемді ете түсу.

Жалпы алғанда, ұғым ретінде шаруашылық механизмі нарықтық механизаге толық үйлеседі деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет