Экономика және баскару институты. «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы. Туризм


Тақырып : Қазіргі басқару әдістері



бет110/134
Дата04.10.2020
өлшемі1,27 Mb.
#63955
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   134

Тақырып : Қазіргі басқару әдістері



2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдісі.

2. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдісі

3.Дәрістің мақсаты: Дәріс бойынша берілген тақырыпты толықтай қарастырып, студенттерге түсінікті етіп мәлімет беру.

4.Дәріс мазмұны:

I.Ұйымдық-әкімшілік әдістер. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері ұжымдарға және солар арқылы өндіріс процестері мен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ықпал етуге үлкен роль атқарады. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері дегеніміз - өндіріс процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдерімен жолдары құралдарының жиынтығы болып табылады.

Ұйымдық -әкімшілік ықпал үш бағыт бойынша жасалады.

  1. Басқарылатын жүйе элементтерінің арасындағы, яғни техника, технология ж”әне өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, еңбек заттары, еңбек құралдары мен жұмыс күші арасындағы, сондай –ақ біртұтас өндіріс және еңбек процесінде әртүрлі функциялар атқаратын қызметкерлердің еңбектегі іс-қимылдары арасындағы байланыстар мен арақатынастарды реттеу.

  2. Басқарушы жүйе ішіндегі байланыстар (қатынастар), атап айтқанда: бөлу ұйымдық әкімшілік ықпалға ұшырайды.

  3. Ұйымдық-әкімшілік ықпал жасаудың объектісі-басқаратын және басқарылатын кіші жүйелер арасындағы өзрар іс-қимыл формалары болып табылады.

Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістерінің ерекшеліктері:

  • ықпал етудің тура сипаты әдетте тікелей жасалады;

  • бөлу ықпалы әдетте актімен рәсімделеді;

  • ұйымдық-әкімшілік әдістер бүкіл басқару әдістері жүйесін пайдаланудың негізі болып табылады.

Ұйымдық-әкімшілік әдістердің көмегімен шешілетін міндеттердің ерекшеліктері басқару объектісіне жасалатынықпалдың сипатын анықтайды.Ықпал ету сипатына қарай олар 2 топқа бөлінеді:

Кез-келген экономикалық жүйеде оған жүйе ретінде тән болатын заңдар мен заңдылықтарды қолдау үшін ұйымдық әдістер жолымен:

  • кәсіпорынның кіші жүйелерін (сапа мен сан жағынан) олардың өзара сәйкес келуі мақсатымен;

  • олардың бірігуімен өзара іс-қимылының ұтымды формалары мен әдістерін енгізуді;

  • жүйе элементтері арасында ұтымды функционалдық байланыстар ұйымдастыруды;

  • жүйе бөліктері арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл мен олардың сәйкестігін сақтауды;

  • жалпы басқару жүйесін ара-тұра жетілдіріп отыруды анықтау қажет.

Басқаратын және басқарылатын кіші жүйелерге ұйымдық ықпал ұжымдар мен жекелеген қызметкерлердің жұмысын тәптіштеу формасында жасалады. Бұл тәптіштеу ұзақ уақыт әрекет ететін әкімшілік актілердің-Жарғылардың, Ережелердің, Қағидалардың, Нұсқаулардың көмегімен жүзеге асырылады.

Ұйымдық жағынан тәптіштеу дегеніміз- кәсіпорынның құрамын, оның органдары мен қызметкерлерінің функцияларын айқын белгілеуге мүмкіндік беретін әдіс.

Ұйымдық тәптіштеу нәтижесінде сол кәсіпорында:



  • ұйымдық құрылым;

  • басқарудың линиялық және функционалдық буындар туралы жалпы Ережелері;

  • лауазымды адамдар және қызметтер туралы жеке ережелер жасалуы тиіс.

II. Әлеуметтік-экономикалық жүйеде басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің атқаратын рөліне баға жеткісіз. Бұл жүйелерде негізгі элемент-адам. (басшы, субъект). Басшының өндірістегі аса маңызды функциясы –шешім қабылдау, ол шешімдерге жеке стильдер ықпал жасайды.

Басшының маман екені көбінесе оның еңбек ұжымын басқаруда әлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалана білуімен анықталады. Басшы әлеуметтік-психологиялық әдістердің көмегімен еңбек ұжымдарына және жекелеген қызметкерлерге ықпал жасайды, сондықтан да ол әлеуметтік-психологиялық факторлардың экономикалық қатынастарға игі ықпал жасайтынын көре білуге міндетті.



Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері еңбек ұжымдарында алда тұрған міндеттерді мейлінше тиімді шешуге жәрдемдесетін қолайлы және тұрақты моральдық-психологиялық ахуал жасауға бағытталған. Оларға жататын басқарудың әлеуметтік әдістері мыналар:

  • моральдық жағынан ынталандыру әдістері;

  • әлеуметтік жоспарлау әдісі;

  • тәрбиелік әдістер;

  • әлеуметтік бастама мен жаңашылдықты жандандыру әдістері;

  • қызметкерлер арасындағы ресми және бейресми қатынастар

Басқарудың психологиялық әдістері:

  • шағын топтарды, коллективтерді комплектілеу әдістері;

  • еңбекке адамгершілік сипат беру әдістері;

  • іштей құлшындыру әдістері;

  • кәсіптік іріктеу және үйрету әдістері.

Өз қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін басшы өндірістік коллективтің әлеуметтік даму жосмпарын жасай білуге міндетті, ол кіріспе бөліктен және мынадай 4 бөлімнен тұрады:

  • бірінші бөлім (әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер, қызметкерлердің біліктілігі мен білімін арттыру);

  • екінші бөлім (қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мен денсаулығын сақтау);

  • үшінші бөлім (қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру және мәдени, тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын жақсарту);

  • төртінші бөлім қызметкерлерді тәрбиелеу, олардың еңбектегі және қоғамдық белсенділігін дамыту және басқалары.

Қызметшілерді басқарудың мазмұнды қағидалары төмендегідей:

  • әр қызметкердің өз жұмысына өз жауапкершілігін жүктеу;

  • әр қызметкер тікелей кімге бағынуы керек және кімнен нұсқау алуы керектігін жете білу;

Нарықтық қатынастарының қалыптасу кезінде мынадай әлеуметтік-психологиялық аспектілерінің маңызы өте зор:

  • жұмыстағы басты ынталандыру-ол қызмет жағдайынан тұрақтылығы;

  • жұмыстан әкімшіліктің бастауымен босату өте сирек кездесуі керек, себеп: ол көптеген ережелерге байланысты;

  • жұмыскерлерді өз кәсіпорының жақсы қасиеттерін ұстануға тәрбиелеу.

Әлеуметтік-психологиялық басқаруда қызметшілерді басқару тиімділігін арттыруда мына факторларды ескерген жөн.

  • жұмыс орнының жақсы ұйымдастырылуы;

  • өндірісті кендікті тиімді жоспарлау мен пайдалану;

  • жұмыскерлердің мамандықтығын жүйелі түрде арттыру;

  • жұмысбастылықты тұрақты етуді қамтамасыз ету;

  • әртүрлі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жөндеу және іске асыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет