Экономика және баскару институты. «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы. Туризм


Білім алушының оқу үлгерімін бақылау мен бағалау бойынша материалдар



бет134/134
Дата04.10.2020
өлшемі1,27 Mb.
#63955
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134
11. Білім алушының оқу үлгерімін бақылау мен бағалау бойынша материалдар:

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Бағалау саясаты:



«Туризмдегі менеджмент» пәні бойынша білімді бағалау кестесі



Бағалар критериі

Баға түрі

Апта

Жұмыс үшін %

Барлы ғы %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Лекцияға қатысу

100%

100%

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Жеке тапсырма

100%

100%













+










+










+







3

Нақты жағдайды талдау

100%

100%




+




+







+




+

+




+










4

Бақылау жұмысы

100%

100%







+







+













+







+




5

Тәжірибе сабағын- дағы белсенділік, жауаптың дәлдігі

100%

100%

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

6

Эссе (очерк)

100%

100%










+






















+










7

Презентация

100%

100%













+






















+







8

Коллоквиум

100%

100%



















+






















+

9

Емтихан

100%

100%

















































Барлығы

100%

100













































Семестр аралығында 7-ші және 15-ші аптада екі рубеждік бақылау жүргізіледі. Рубеждік бақылау бойынша студенттің ең жоғары үлгерім көрсеткіші 60%-ті құрайды.

Әр семестр соңында оқу пәні бойынша емтихан түрінде аралық аттестация жүргізіледі. Аралық аттестация бойынша ең жоғары үлгерім көрсеткіші немесе емтиханда студент 40% балл жинауы тиіс.

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы рубеждік бақылау (max 60%) мен аралық аттестация (max 40%) бойынша ең жоғары үлгерім көрсеткіштерінің қосындысымен анықталады, яғни 100%-ды құрайды.

Қорытынды емтихан 30 сұрақ бойынша курсты теориялық және тәжірибелік материалдарының негізгі мазмұнын қамтитын тестілеу формасында жүргізілетін болады.
Студенттердің білімі, біліктілігі және үйрену қабілеті төмендегідей түрде бағаланады.


Баға

Әріптік жүйе бойынша

Баллмен

%-дық мазмұны

Әдеттегі жүйе бойынша

А

4,0

95-100

Өте жақсы



А -

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы



В

3,0

80-84

В -

2,67

75-79

С +

2,33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2,0

65-69

С -

1,67

60-64

Д +

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

Қанағаттанғысыз


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Студенттерге талап:

Тұрақты дайындықсыз курс бойынша жақсы балл алынбайды. Бұл курс бойынша бағалаудың барлық семестр бойынша жүргізілетіндігін қарастырады. Студенттер сабақ уақытында оған барынша ат салысып отыруға мүдделі. Барлық жұмыстар үшін ең жоғарғы бағаны иелену, жұмыстардың барлық түрі толық көлемде орындалып, егер оларға дұрыс, әрі дәл жауап қайтарылған жағдайда ғана мүмкін болады.


1. Сабаққа қатысу.

Сабаққа қатысу міндетті болуы тиіс. Жіберілген сабақтар толық көлемде оқу -әдістемелік кешенде көрсетілгендей орындалып отырылады. Курстың үштен бірі себепсіз жіберілген жағдайда ол студент курстан шығарылады.


2. Аудиториядағы мінез-құлық.

Студент сабаққа кешікпеуі, сабақ үстінде әңгімелеспеуі, газет-журнал оқымауы, ұялы телефонмен сөйлеспеуге міндетті, ол әрқашан оқу процесіне белсене араласуы тиіс.


3. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасының орындалуы міндетті және ол бойыша есептесу оқытушының уақытына байланысты келісіледі. Үй тапсырмасымен есептесу уақытына келмеген студенттен тапсырма қабылданбайды. Осы есептесулер негізінде баға шығарылып, ол қорытынды бағалауға өз әсерінен тигізеді.



4. Глоссарий - мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі термин сөздер мен ұғымдардың жиынтығы. Сонымен қатар глоссарийде терминдер мен ұғымдардың түсініктемесін беруге болады.
«Туризмдегі менеджмент» пәні бойынша глоссарий

(пән атауы)


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

2

3

Менеджмент

Менеджмент

Management

Менеджер (басқарушы)

Менеджер (управляющий)

Manager

Акционерлік қоғам

Акционерное общество

Joint Stock company, Corporation

Ашық акционерлік қоғам

Открытое акционерное общество

Public company, Corporation

Талдау

Анализ

Analysis

Товар

Тауар

Goods

Бизнес-жоспар

Бизнес-план

Business Plan

Икемді өндірістік жүйе

Гибкая производственная система

Flexible Manufacturing System

Қызметті бөліп беру

Делегирование полномочий

Empowerment

Ақша қаражаттары

Денежные средства

Cash

Орталықсыздандыру

Децентрализация

Decentralization

Тауардың өмірлік циклі

Жизненный цикл товара

Product Life Cycle

Шығындар

Затраты

Expense

Тапсырыс

Заявка

Bid

Инновация немесе жаңашылдық

Инновация

Innovation

Ақпарат

Информация

Information

Өндірістік қуаттарды пайдалану

Использование производственных мощностей

Utilization

Күрделі қаржы

Капитал

Capital

Күрделі қаржы салымы

Капиталовложение

Capital Expenditure

Сапа

Качество

Quality

Бәсекелес

Конкурент

Competitor

Бәсекелестік артықшылығы

Конкурентное преимущество

Competitive Advantage

Дағдарыс

Кризис

Slump

Мәдениет

Культура

Culture

Көшбасшы

Лидер

Leader

Сызықтық менеджер (басқарушы)

Линейный менеджер

Line manager

Матрицалық ұйымдастыру құрылымы

Матричная организационная структура

Matrix Organization

Орта үзбе менеджері

Менеджер среднего звена

Middle Manager

Жігерлендіру

Мотивация

Motivation

Мердігерлер

Подрядчики

Contractors


Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары

1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
- Туризмдегі менеджмент ғылымының маңызы.

- Туризмдегі менеджменттің қазіргі заманда атқаратын рөлі.

- Менеджер және оған қойылатын талаптар.

- Ғылымның басқа ғылымдар жүйесінде алатын орны.

- Ғылыми басқару мектебі.

- Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебі.

- Адамгершілік қарым –қатынас мектебі.

- Бихевиористік мінез –құлық мектебі.

- Сан мектебі.

- Ұйым түсінігі және олардың жалпы сипаттамалары.

- Ресми және бейресми ұйымдар.

- Еңбекті көлденең және тігінен бөлісу.

- Басқару қызметінің мәні.

- Басқарудың деңгейлері.

- Ұйым құрылымы мен формалары.

- Сызықтық басқару құрылымы.

- Атқарымдық құрылым.

- Сызықтық -атқарымдық құрылым.

- Матрицалық ұйымдастыру құрылымы.

- Дивизионалдық ұйымдастыру құрылымы.

- Ұйымдастыру құрылымдарын жобалау.

- Менеджмент әдістерінің түсінігі және олардың жіктелуі.

- Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдісі.

- Басқарудың экономикалық әдісі.

- Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдісі.

- Өзін-өзі басқару.

- Туризмдегі менеджмент функцияларының маызы мен өзара байланысы.

- Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.

- Жоспарлаудың түрлері.

- Ұйымды басқарудағы бизнес-жоспар.

- Мотивация туралы түсінік.

- Қазіргі замандағы мотивация теориялары.

- Туризмдегі менеджмент тәжірибесінде мотивацияны пайдалану.

8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

- Бақылаудың табиғаты мен мақсаты.

- Бақылау түрлері.

- Өнім сапасын бақылау.

- Бақылауды мәліметтермен қамтамасыз ету.

- Басқарудағы коммуникацияның рөлі.

- Коммуникацияның негізгі түрлері.

- Фирмадағы коммуникация дамуының кедергілері.

- Коммуникация жүйесін жақсарту жолдары.

- Менеджмент тиімділігін қамтамасыз етудегі басқару кадрларының рөлі.

- Басқару қызметкерлерінің құрамы мен құрылымы.

- Персоналды іріктеу және орналастыру.

- Персонал біліктілігін жоғарылату.

- Басқару еңбегінің мазмұны мен ерекшеліктері.

- Еңбекті ұтымды ұйымдастырудың негізгі бағыттары.

- Басқару еңбегінің мәдениеті.

- Басқару шешімдерінің мазмұны.

- Шешімдерді жіктеу.

- Шешім қабылдау процесі.

- Шешімді орындауды ұйымдастыру және бақылау.

- Шешім қабылдау әдістері.

- Билік негіздері.

- Билік және ықпал ету формалары.

- Билікті жүзеге асыру тәсілдері.

- Менеджер беделі.

- Басқару стилінің түсінігі және сипаттамасы.

- Басқару стилінің түрлері.

- Басқару элементтері.

- Жағдайлық менеджмент концепциясы.

- Басшылықтың қосымша стильдері.

- Іскерлік қарым –қатынас мәні.

- Сөйлеу мәдениеті.

- Іскерлік келіссөздер.

- Келіспеушіліктің мазмұны мен табиғаты.

- Келіспеушіліктің негізгі түрлері.

- Ұйымдағы қайшылық себептері және нәтижесі.

- Келіспеушілікті шешу әдістері.

- Шиеленістің табиғаты мен себептері.

- Тәуекелділік түсінігі.

- Тәуекелділіктің түрлері.

- Тәукелділікті басқарудың жалпы тәсілдері.

- Хеджирлеу тәуекелді басқару құралы ретінде.
Емтиханға дайындық сұрақтары.
1. Бақылау дегеніміз не?

2. Бақылау қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді?

3. Бақылаудың негізгі компоненттерін көрсетіңіз?

4. Бақылаудың қандай түрлерін білесіз?

5. Алдын –ала бақылауға анықтама беріңіз?

6. Күнделікті (ағымдағы) бақылау қалай жүргізіледі және қандай мүмкіндіктер ұсынады?

7. Қортынды бақылау дегеніміз не?

8. Бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін қандай принциптерді сақтаған дұрыс?

9. Бақылаудың икемділік принципі нені көздейді?

10. Бақылаудың үнемділік принципі нені қарастырады?

11. Бақылаудың жан-жақтылық принципі нені қарастырады?

12. Бақылаудың үздіксіздік принципі не үшін қажет?

13. Жоспарлау дегеніміз не?

14. Менеджмент функциясы дегеніміз не?

15. Жоспарлаудың қандай принциптерін білесіз?

16. Жоспарлаудың бірлік принципі?

17. Жоспарлаудың толықтылық принципі нені көздейді?

18. Жоспарлаудың түсініктілік принципі – ...

19. Жоспарлаудың икемділік принципі нені қарастырады?

20. Жоспарлау техникасының бюджеттік әдісі не үшін қажет?

21. Жоспарлау техникасының өтелімдікті талдау әдісі нені көздейді?

22. Жоспарлаудың жедел зерттеулер техникасы нені қарастырады?

23. Жоспарлаудың қандай түрлерін білесіз?

24. Жедел жоспарлау дегеніміз не?

25. Тактикалық жоспарлау дегеніміз не?

26. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз не?

27. Бизнес-жоспар –бұл ...

28. Жоспарлау процесі қандай кезеңдерден тұрады?

29. Жоспарлауда әдістерді қолданудың басты мақсаты?

30. Менеджмент дегеніміз не?

31. Менеджмент – бұл ...

32. Менеджер дегеніміз ...

33. Маркетинг басқару қызметі ретінде –бұл...

34. Басқару қызметі ретіндегі маркетингтің философиясы қандай?

35. Маркетинг басқару қызметі ретінде нені қамтиды?

36. Ұйым дегеніміз не?

37. Барлық ұйымдарға бірдей сипаттаманы көрсетіңіз?

38. Ұйымның сыртқы ортасы дегеніміз не?

39. Ұйымының ішкі ортасы дегеніміз не?

40. Басқару мектептерін көрсетіңіз?

41. Ұйымның ішкі ортасына нелер жатады?

42. Еңбек ұжымында кездесетін қандай топтарды білесіз?

43. АҚШ-та басқару стильдерінің қандай түрлерін ажыратады?

44. Х. Кох (Германия) басшы стилін қалай бөлген?

45. Бейресми топтар қалай пайда болады?

46. Еңбекті көлденең бөлісу –

47. Еңбекті тігінен бөлісу қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады?

48. Персоналды басқару қандай қызметтерді жүзеге асырады?

49. Оперативтік басқару қандай қызметтерді жүзеге асырады?

50. Экономикалық жетекшілік қандай қызметтерді жүзеге асырады?

51. Жалпы жетекшілік қандай қызметтер атқарады?

52. Басқарудың жоғарғы деңгейінің атқаратын қызметі?

53. Басқарудың жоғарғы буынына кімдер жатады?

54. Басқарудың ортаңғы буынына кімдер жатады?

55. Басқарудың төменгі буынына кімдер жатады?

56. Басқару құрылымы дегеніміз не?

57. Басқару деңгейлері – бұл …

58. Басқарудың ұйымдастыру құрылымдарының түрлерін көрсетіңіз?

59. Сызықтық құрылымға анықтама беріңіз?

60. Сызықтық-атқарымдық құрылымға анықтама беріңіз?

61. Матрицалық ұйымдастыру құрылымы дегеніміз не?

62. Дивизионалдық ұйымдастыру құрылымы дегеніміз не?

63. Сызықтық, атқарымдық, сызықтық-атқарымдық, матрицалық және дивизионалдық –бұл ...

64. Басқару әдісі – ...

65. Басқарудың қандай әдістерін білесіз?

66. Ұйымдастыру-өкімдік әдісі объектіге немен әсер етеді?

67. Ұйымдастыру -өкімдік әдістің формалары?

68. Ұйымдастыру -өкімдік әдістің негізгі мақсаты:

69. Тікелей әсер етуге негізделген менеджмент әдісі?

70. Экономикалық әдіс дегеніміз не?

71. Экономикалық әдістің нақты формалары:

72. Басқарудың әлеуметтік –психологиялық аспектілеріне дұрыс көңіл бөлмеу қандай жағдайға әкеледі?

73. Әлеуметтік –психологиялық әдістің негізгі мақсаты қандай?

74. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдісіне сипаттама беріңіз?

75. Ұйымдастыру-өкімдік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық және өзін -өзі басқару –бұл ...

76. Өзін -өзі басқару қандай жағдайда мүмкін болады?

77. Әлеуметтік –психологиялық әдіс –бұл ...

78. Мотивация дегеніміз не?

79. Басқарушының атқарушылардың ішкі қозғаушы күштерін қойылған мақсатқа қарай бағыттау үшін қолданатын тәсілдер мен құралдарының жиынтығы қалай аталады?

80. Қажеттілік дегеніміз не?

81. Сыйлық беру дегеніміз не?

82. Мотивацияны қандай теорияларға бөлуге болады?

83. Мазмұндылық теориясына жататын түрлері?

84. Мотивация процесінің теорияларына жататындар:

85. Мазмұндылық теориясына сипаттама беріңіз?

86. Мотивация процесінің теориялары нені қарастырады?

87. Маслоудың қажеттілік иерархиясы

88. Физиологиялық қажеттілік, қауіпсіздік пен қорғану қажеттілігі, әлеуметтік қажеттілік, құрметтеу қажеттілігі және өзін-өзі көрсету қажеттілігі нені құрайды?

89. Герцбергтің қос факторлы теориясы қандай факторлардан тұрады?

90. Гигиеналық факторлар қандай қажеттіліктерді қарастырады?

91. МакКлелландтың қажеттілік теориясы адамдарға қандай қажеттіліктер тән деп есептейді?

92. Билікті қажетсіну –бұл ...

93. Қатыстылықты қажетсіну – ...

94. Үміттену теориясына сипаттама беріңіз?

95. Жетістікті қажетсіну нені сипаттайды?

96. Әділеттілік теориясына сипаттама беріңіз?

97. Портер –Лоулер моделіне сипаттама беріңіз?

98. Мотивация функциясын жүзеге асыруда менеджер еңбегінің бағытталуын көрсетіңіз?

99. Жұмыскерлерді көтермелеудің тәсілдерін көрсетіңіз?

100. Басқарушылық еңбектің мақсаты неде?

101. Еңбекті ұтымды ұйымдастырудың принциптерін көрсетіңіз?

102. Еңбекті ұтымды ұйымдастырудың жүйелілік принципіне анықтама беріңіз?

103. Еңбекті ұтымды ұйымдастырудың тәртіптілік принципіне анықтама беріңіз?

104. Еңбекті ұтымды ұйымдастырудың мамандану принципіне анықтама беріңіз?

105. Еңбекті ұтымды ұйымдастырудың тұрақтылық принципіне анықтама беріңіз?

106. Мақсатты шығармашылық принципке анықтама беріңіз?

107. Басқарушылық мәдениеті дегеніміз не?

108. Басқарушылық еңбегінің мәдениетінде менеджермен сақталатын нормаларды көрсетіңіз?

109. Ұйымдастырушылық нормалар не үшін қажет?

110. Моральдық нормалар не үшін қажет?

111. Экономикалық нормалар не үшін қажет?

112. Заңдық нормалар не үшін қажет?

113. Басқарушылық еңбегі мәдениетінің негізгі элементтері?

114. Жеке мәдениетке сипаттама беріңіз?

115. Жұмыс уақытын ұтымды бөлуде қандай бағыттар жоспарланады?

116. Келушілерді қабылдау мәдениетіне анықтама беріңіз?

117. Жетекшінің ұйымдастырушылық мәдениетіне сипаттама беріңіз?

118. Шешімді дайындау мен қабылдау –бұл ...

119. Шешімдерді дайындау мен қабылдаудың қандай кезеңдері бар?

120. Басқару шешімі дегеніміз не?

121. Басқарушылық міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басқарудың өзара байланысқан, мақсатты және логикалық іс-әрекеттерінің жиынтығы ретінде нені қарастырамыз?

122. Шешімдер қандай болуы керек?

123. Шешідер қандай жағдайда қабылдануы мүмкін?

124. Әрекет ету мерзіміне байланысты шешімдердің жіктелуі?

125. Қабылдау жиілігіне байланысты шешімдерді қалай бөлеміз?

126. Дайындау формасына байланысты шешімдер қалай ажыратылады?

127. Орындалу тәртібінің қатаңдығына байланысты шешімдердің бөлінуі?

128. Шешім қабылдау процесінің құрамдас элементтерін атаңыз?

129. Шешімнің табысты орындалуын қамтамасыз ететін фирмадағы коммуникация құрылымдарының қандай типтерін білесіз?

130. Шешімнің орындалуын бақылаудың қандай функцияларын білесіз?

131. Тәуекелділік көзі болып не табылады?

132. Тәуекелділіктің қандай функцияларын білесіз?

133. Сыртқы тәуекелділік қалай ажыратылады?

134. Тәуекелділіктің таза категориясына қандай тәуекелділіктер жатады?

135. Пайыздық, валюталық, инвестициялық және несиелік тәуекелділіктер қандай категорияға бірігеді?

136. Тәуекелділікті төмендетудің қандай негізгі әдістерін білесіз?

137. Тәуекелділікті сақтандыру –бұл...

138. Басқарудың қосымша стильдерін атаңыз?

139. Тәуекел құны қандай элементтерден тұрады:

140. Тәуекелділік құны ұйым жауаркершілігінде болғанда, ...

141. Бизнесте сақтандырудың қандай түрлерін білесіз?

142. Жеке сақтандыру дегенді қалай түсінесіз?

143. Мүлікті сақтандыру дегенді қалай түсінесіз?

144. Экономикалық тәуекелділіктерді сақтандыруға анықтама беріңіз?

145. Қаржылық активтердің бағасын сақтандырудың ерекше әдісі?

146. Хеджирлеудің қандай құралдары болады?

147. Басшылық стиліне анықтама беріңіз?

148. Басқарушылық стилінің қандай түрлерін білесіз?

149. Авторитарлық стильдің қандай нышандары белгілі?

150. Либералдық стильге анықтама беріңіз?

151.Әлем экономикасындағы туризм ролі

12. Оқу барысында бағдарламалық және мультимедиялық құралдарды пайдалану.


13. Арнайы даярланған аудиториялар тізімі:

Корпус № 2, аудитория кестеге сай.



Дипломдық жұмыс тақырыптары


    1. Туризмнің пайда болу және даму себептері мен факторлары

    2. Туристік демалысқа тән функциялары

    3. Біздің елде туризммен айналысатын ұйымдар

    4. Туристік қызмет көрсетудің бәсекеабілеттік факторлары

    5. Қазіргі кезеңде адамдардың туристік қызметке сұранысы және мазмұны.

    6. Турагент және туроператор қызметінің туристік нарықтағы ролі.

    7. Діни және қажылық туризм тарихы және даму динамикасы

    8. Европалық туроператорлар

    9. Әлеуметтік туризм – мазмұны және экономикалық негізі

    10. Таймшер - әлемдік даму мүмкіндіктері

    11. Туристік қызмет пен тауарға сұраныс проблемасын зерттеу

    12. Турөнімнің экономикалық тиімділігін бағалау әдісі.

    13. Турдың тұтынушылық көрсеткіші

    14. Қызмет көрсетудің әртүрлі тақырыптық мысалдары

    15. Туризм инфрақұрылымы: негізгі құрамы

    16. Туризмдегі сақтандыру

    17. Туристік бизнесті дамытудағы банктік және қаржылық қызмет

    18. Туритік индустрияның қалыптасуы мен дамуындағы ақпарат қызметінің ролі

    19. Қонақүй бизнесінің ҚР даму тенденциясы

    20. Туристік индустриядағы ресторандық бизнес

    21. Әлемнің жекелеген аймақтарындағы қоршаған ортаның туризмді дамытудағы тигізетін әсері

    22. Турсаяхаттағы психикаға және денсаулыққа шамадан тыс жүк

    23. туризм саласындағы қатынастарды құқықтық және экономикалық реттеу

    24. Туризмді дамытудағы мемлекеттің ролі мен міндеттері

    25. ҚР туристік саланы басқару құрылымы

    26. Туризмді дамытудағы халықаралық туристік ұйымдарының ролі

    27. ҚР туристік қызметті сертификациялау жүйесі

    28. ТМД елдеріндегі паспорттық-визалық режимнің ерекшеліктері, шетелде

    29. Қазақстандағы экологиялық туризм

    30. Экологиялық туризм пайда болу тарихы және даму мүмкіндіктері

    31. Экологиялық туризм әлемдік орталықтары

    32. Туристік орталықтардың рекреациялық мүмкіндіктері

    33. Туристік статистика – туристік орталықтардың негізгі классификациялары

    34. Туризмнің экономикалық әсерінің мүмкіндіктері

    35. Жергілікті туризм проблемалары және шешу жолдары

    36. Тұтыну сұранысын дамытудағы туризмнің әсері, байланыс құралдарының, транспорттық, ойын – сауық мекемелерінің пайдасын көтеру

    37. Туризм және қоғамның әлеуметтік проблемалары

    38. Туризмнің гуманитарлық мәні: танымдық және демалыс үйлесімі, жастарға тәрбиелік мәні

    39. Санаториялық – курорттық қызметтің әлемдегі және ҚР даму тарихы

    40. Курорттық индустрияның ҚР дамуы проблемалары мен мүмкіндіктері

    41. Емдік демалыстың қазіргі нарығы

    42. ҚР туризмнің ресурсы мен материалдық базасының қазіргі жағдайы

    43. Қазақстандық туристік өнімнің тұтынушы нарығындағы проблемалары

    44. Әлемдік туризмнің даму тенденциясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет