Мәдениет және корпорация бейнесі. Жоғарғы басшылар фирманың ішкі және сыртқы қалыпты күйін сақтай алатын факторларға толық жауап береді. Бұған жататындар корпорация мәдениеті мен оның бейнесі.
Ұйымдағы қарым–қатынасты немесе хал–ахуалды корпорация мәдениеті деп атайды. Ұйымның мәдениеті оның дәстүрін, әдет– ғұрпын бейнелейді. Басшы белгілі бір типтегі жұмыскерлерді ұйымға қабылдағанда және қолайлы мінез–құлықты қалыптастырғанда осы мәдениетті пайдаланады.
Корпорацияның ұйым ішіндегі, сондай–ақ одан тысқары бейнесі қызметкерлер, клиенттер және қоғамдық пікірлер арқылы қалыптасады. Мұның өзі жұртшылықтың тауар сатып алуына едәуір ықпал етеді. Мәселен, студенттердің қай колледжге немесе университетке көбірек ден қоятындығы осы ұйымның бейнесіне – имиджке байланысты.
Фирманың мәдениеті мен бейнесі компанияның жақсы–жаман атауына –репутациясына байланысты. Фирманың өз мақсатына жету ойдағыдай ма? Мұны өз қызметінде үнемі жүзеге асырып келе ме? Компанияның осы саладағы басқа ұйымдармен салыстырғандағы жағдайы қалай? Компания жақсы адамдарды тарта біле ме? Осындай сұрақтарға жауап беру компанияның мәдениеті мен бейнесі қаншалық екендігін көрсетеді.
Басшы ішкі тексеруді жүргізгеннен кейін жедел көңіл бөлуді қажет ететін, қазірше қоя тұратын және арқа сүйеуге болатын орындарды анықтап, сол арқылы ортаның мүмкіндіктерін пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |