Экономика және баскару институты. «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы. Туризм



бет80/134
Дата04.10.2020
өлшемі1,27 Mb.
#63955
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   134
Өзін - өзі тексереін сұрақтар:1. Экономикалық факторлар.

2.Саяси факторлар.

3. Адам ресурстары .

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Чудновский А.Д., Жукова М.А. Менеджмент туризма.- М.:Финансы 2002.

2.Зорин И.В. Менеджмент персонала. ППланирование карьеры в туризме: учебник М: Риа,1998. М.

3.Ильина Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности. М., 2001.

4.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. – М., 2004.

5.Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма. Минск, 1999.

6.Кабушкин Н.И. Менеджмент гостиниц и ресторанов. Минск, 2001

Тақырып 3 Менеджмент функциялары
2.Қарастыратын сұрақтар;

1.Жоспарлау функциясы

2.Ұйымдастыру функциясы



3.Дәрістің мақсаты: Тақырыпты жан-жақты қарастырып , ақпарат беру.

4.Дәріс мазмұны:

I. Барлық басқару қызметінің ішінде жоспарлау ең елеулісі болып саналады, өйткені мұның өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. “Жоспарлау” ұғымына мақсатты айқындау және оған жету жолдары енеді: батыста кәсіпорынның іс-әрекетін жоспарлау, өткізу қаржы, өндіріс және сатып алу секілді маңызды бағыттар бойынша жүзеге асырылады. “Стратегия” гректің –“генерал өнері” деген сөзінен шыққан. “Стратегия ” термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.



Стратегия дегеніміз- ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.

Стратегиялық жоспарлау дегеніміз- басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.

С.ж-басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті- ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.

С.ж басқару қызметінің 4 түрін қамтиды: ресурстарды бөлу; сыртқы ортаға бейімделу; ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжалдау.

С.ж-дың өзіндік белгілер:



  1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды

және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.

  1. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл

корпорацияның болашағы үшін жасалады.

  1. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулерден және нақты деректермен

негізделуі керек. Қазіргі әлемдегі бизнеспен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, нарық, бәсеке және басқалай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.

  1. С.ж фирманың айқындылығын, дербестігін білдіреді, мұның өзі

олардың б.б жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.

  1. С.ж жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет

болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.

Жоспарлау процесі 4 кезеңнен тұрады:



  • жалпы мақсатты ойластыру;

  • белгіленген біршама уақыт кезеңі (2,5,10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;

  • оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;

  • жоспарлы көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы қойылған мақсатқа жетуді бақылау.

Ірі бағдарламаны шешкен кезде кезеңдері мен жоспарлануы біршама ауқымды болады. Жоспарлауды мынадай кезеңдерге ажыратуға болады: а) бар мүмкіндікті бағалау; б) басты міндет немесе мақсат; в) жоспарлы ұсыныстар; г) баламалар, баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру; д) баламаларды таңдау; е) қосалқы жоспарларды тұжырымдау; ж) жоспарды цифр түрінде көрсету.

Жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және бақылауға тырысады. Сондықтанда жоспарлардың сенімділігі бұрынғы нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді.

Кәсіпорын әрқашанда жалпы нарықтың шағын бөлігі ғана болып саналатындықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.

Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономиканың дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда нарық көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау соғұрлым оңай келеді. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады.

Экономикалық дағдарыстарды, ереуілдерді жоспарлау тіптен мүмкін емес. Болашақтың даму барысын дәл болжалдаудың мүмкін болмайтындығы секілді тұтастай нарық туралы, бірінші кезекте, бәсекелестер қызметіне қатысты маңызды деректерді күні бұрын алу мүмкін емес.

II. Мамандандыру және еңбекті бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі.Осыған орай ұйымдастыру қызметінің міндеті- қызметкерлерді бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, аппараттағылардың барлығының іс-әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Ұйымдастыру-адамдардың бірлескен іс-қимылын бейнелейді. Бірқатар биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, әрі белгілі бір ұйымдық құрылымда шығында аз жұмсауды қажет етуі мүмкін.

Басшының міндеті – ұйымның мақсаты мен міндетіне, сонымен қатар оған әсер етуші ішкі және сыртқы факторларға сай келетін құрылымды таңдап алу. Ең қолайлы құрылым- бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне, өзінің қызметкерлерінің күш-жігерін тиімді, мақсатқа сай бөлуге, бағыттауға, сол арқылы клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандырып, өз мақсатына жоғары тиімділікпен жетуіне мүмкіндік беретін құрылым.

Басқару құрылымын қалыптастырған кезде мынадай теориялық көзқарастар, тұжырымдар болуы мүмкін:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет