Жүйелік көзқарастың мәні- өндірістік ұйым мен басқару құрылымы тұтас жүйе ретінде қарастырылады.
Ситуациялық көзқарас- басқару құрылымын құрудың ең қолайлы әдісі әртүрлі нақты ситуациялық факторларға (өндіріс технологиясы типтерінің өзгеруіне, шешілуге тиісті міндеттерінің сипатына, басқару процестеріне) негізделуі тиіс.
Бюрократтық көзқарас – еңбек бөлінісінің жоғарғы дәрежесімен, басқару иерархиясының дамығандығымен, персоналдарының жүріс тұрысында көптеген ережелер мен нормалардың болуымен кадрларды іскерлік және кәсіптік сапасына қарай таңдаумен сипатталады.
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырған кезде келесі принциптерді ұстану керек:
Жарлық беру мен дербес жауапкершіліктің тұтастық принципі.
Әрбір звеноның бір ғана басқарушысы болу керек, яғни бір адамнан ғана бұйрық алу қажет.
Сызықтық және функционалды басшылықтың арасындағы нақты
шекараны белгілеу принципі. Сызықтық басшылық өнім өндірісін басқаруды жүзеге асыру керек, функционалды басшылық сызықтық басшылыққа көмек көрсету керек және қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету керек.
Бақылаудың өріңстеу принципі. Бір адам тиімді басқара алатын
басқарылушылардың санын, яғни басқару нормасын анықтау.
Нақты принципті шектеу принципі. Әрбір өндірістік және
функционалды звенолардың басқа бөлімшелердің функцияларына қатысы жоқ, нақты белгіленген жұмысы болуы керек.
5.Басқарудың әрбір звеносының және лауазымды тұлғаның
құқықтарының, міндеттерінің және жауапкершіліктерінің сәйкес келу принципі.
6. Икемділік және үнемділік принципі. Басқарудың ұйымдық құрылымы ішкі, сыртқы орта өзгерістеріне неғұрлым өз шығын жұмсай отырып бейімделу керек.
Менеджменттің аса маңызды міндеттерінің бірі-өзінің
қарамағындағы адам ресурстарын тиімді пайдалану. Басшы ойлаған мақсатына тиімді пайдалану. Басшы ойлаған мақсатына тиімді жолмен жетуі үшін, ол жұмысты үйлестіріп, адамдарға жүктелген міндетін орындата білуі тиіс. Кезінде адамдарды қорқытып-үркітіп құл ретінде жұмсаған болса, бертін келе оларға бас бостандығы беріліп, жұмысты өз қалауынша істейтін жұмысшылар қатарына қосылды. Адамдар неғұрлым ерікті болған сайын, оларды басқару күрделене түсті.
Бұл бағыттағы алғашқы зерттеулерді АҚШ-та Э.Мэйо мен оның
қызметкерлері Хотторн заводында жүргізген болатын. Нәтижесінде байқалғаны: адамдар өзін құрметтеуді ұнатады.
Достарыңызбен бөлісу: |