• Ол дамып келе жатқан нарық па? Оның даму қарқыны қандай?
Сіздің нарығыңыздың тенденциясы қандай?
Сіздің нарығыңыздың қандай да болса ерекшелігі бар ма?
Д. Бәсеке
Сіздің негізгі бәсекелестеріңіз кімдер?
Бәсекелестеріңіздің тауар/қызмет саласы қандай?
Олардың репутациясы қандай?
Оларға тұтынушылары адал ма?
Олар өз тауарын/қызметін қалай таратады?
Олардың нарық сегменті қаншалықты үлкен?
Сізде және оларда қандай артықшылықтар бар: қорлар,
менеджерлер, патенттер?
Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін, сіз өзіңіздің тауарларыңыз/қызмет көрсетулеріңіз үшін мақсатты нарықты анықтай аласыз.
Мақсатты нарық – бұл сіздің өз көңіліңізді аударатын тұтынушылар тобы. Егер сіз осы мақсатта нарықты дұрыс анықтасаңыз және оны қанағаттандыру үшін барлық күштеріңізді салсаңыз, онда сіздің табысқа жету мүмкіншілігіңіз көбейеді. Бизнес-жоспар үшін маңызды болып табылатын келесі бір бөлім:
Бизнесті құрылымдастыру және басқару тәсілдерінің сипаттамасы.
Бұл бөлім сіздің жоспарыңызды оқитын сыртқы серіктесіңізбен қатар фирма менеджері үшін де маңызды.
Бірінші жағдайда банкирлер мен инвесторлар бизнесті басқаратындардың қасиеттері мен тәжірибелерін мұқият тексереді.
Жақсы командамен басқарылып отырылған әлсіз бизнес, әлсіз менеджерлермен басқарылып отырылған жақсы бизнеске қарағанда сенімдірек болып келеді.