Экономикалық теория пәнін анықтаңыз, рөлі мен әдістерін көрсетіңіз



бет1/4
Дата31.12.2019
өлшемі155,58 Kb.
#55403
  1   2   3   4
Байланысты:
11эконом теория

. 1.Экономикалық теория пәнін анықтаңыз, рөлі мен әдістерін көрсетіңіз.

ЭТ – қоғамдық ғылым. Ол, басқа да ғылымдармен қатар, қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория, экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары, өндіріс үрдісіндегі  өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады.Адамдардың қажеттілігі қай игіліктерге болсын  шексіз, ал осы игіліктерді жасауға қажетті РЕСУРСТАР шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды – материалдық игіліктер өндірісіндегі шектеулі ресурстарды тиімді қолдану арқылы адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған нақты жолын іздестіру болмақ. Бұл экономикалық теория пәнінің негізін құрайды.

ЭТның негізгі қызметтері ЭТ негізгі 4 қызметтерін бөлуге болады .Танымдылық қызметі: бұл қоғамдағы эко/ны зерттеу мен мәнісін жалпы және жүйелі түрде көрсете білу. Екінші қызметі – әдістемелік. Бұл барлық экономикалық ғылым жүйесіне арналған теориялық және әдістемелік базаларында қызмет істейді. Білімділік қызмет арқылы экономикалық теорияда, әр түрлі маманды адамдардың көбі экономикалық мәдениетпен таныса алады. Тәжірибелік қызметі, ұтымды шаруашылықтандырудың тәсілдерін және үрдістерін қалыптастыруға бағытталған.

ЭТ зерттеу әдістері Шаруашылық үрдістерді зерттеген кезде, экономикалық теория жалпы ғылыми әдістерді қолдану қатарына кіреді, яғни бұл әдістерді, басқа қоғамдық және қазіргі заман ғылымдары да қолданады.Осындай жалпы ғылыми әдістердің ішінен экономика саласына арналған әдістері мыналар:бақылау , модельдеу, ғылыми абстракция, анализ және синтез, индукция және дедукция

Бақылау, модельдеу Бақылауға көңіл аударсақ, басқа ғылыми қызмет сияқты, эк/лық зерттеуде эмпирикалық міндеттемені атқарады, яғни тәжірибелік негізде құрылады. Мұны, бақылау әдісі айқындайды,яғни экономикалық құбылыстарды, олардың НАҚТЫ түрінде көру және фактілердің жиынтығын, қазіргі кездегі болып жатқан жағдайларды көрсетеді.Мысалы, бақылау әдісі арқылы,тауар бағасының осы кезде және келер уақытта қалай өзгеретіндігін анықтауға болады.

Модельдеу әдісі - әлеуметтік–эк/лық құбылыстарды олардың теориялық мысалдары төңірегінде қарастырады. Ғылымда эк/лық үдерістер мен жүйелерді зерттеу үшін мат/лық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген бағыттың негізін қалаушылар – М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс.

Ғылыми абстракция әдісі- зерттеу пәнін жеке, кездейсок, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздін түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.

Анализ және синтез Анализ және синтез әдістері әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды жеке бөліктер бойынша немесе біртұтас зерттейді. Мысалы, өндірістің бір күндегі табыс  мөлшерін анықтайтын  бұл – анализ, ал ай сайынғы табыс мөлшерінің жиынтығын анықтайтын  бұл –  синтез

Индукция және дедукция. Индукция жеке оқиға құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар,үрдістер шығарады. Дедукцияда керісінше,жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің,үрдістердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. 
Мысалы. Нан, сүт, етке бағаның өсуі - елдегі бағаның көтерілуіне байланысты ауыр жағдайға әкеп соқтырады  (индукция). Өз кезегінде,жалпы баға өссе де, ішіп-жем өнімдерінің түрлері бойынша тұтынушылық құнының өсу көрсеткіштері әр түрлі болады (дедукция).
2 Экономикалық теорияның ғылым жүйесіндегі орнын, атқаратын қызметтерін сипаттаңыз.

Экономикалық жуйе сыртқы ортамен зат және қуат айырбасталып отыратын ашық жүйе болады,Әлемдік тәжирбие айырбасына кедергі жасамайды,өзінің элементтерін жаңаландырып оытрады т.б Екінші жақтан,нақты өркениеттің мәдени құбылысының бір көрінісі ретінде ,экономикалық жүйе ,алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіруге мақсатталады.Сондықтан да қатал,тұйық жүйе болып әрекет етеді.Бір экономикалық жүйеде пайда болатын үлгінің басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен,шектелген болады.

Қазіргі кезде экономикалық теорияның негізгі міндеті-күрделі экономикалық жүйенің дамуы елдің экономикалық әлеуетін барыншы ұтымды пайдалану,мемлекеттің экономикалық іс-әрекеті мен жеке дара экономикалық еркіндіктің ортақ үйлесімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады: 


1.Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс. 
2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды. 
3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды. 
4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді. 
Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.

Кез-келген ғылым сиякты жалпы экономикалық теория бірқатар кызметтер атқарады. Жалпы теориялык экономиканың ғылым жүйесіндегі ролін ескере отырып, төмендегідей негізгі қызметтерін керсетуге болады: танып білу, методологиялық, сыншыл және практикалық.




3.Экономикалық теорияның даму кезеңдеріне тоқталыңыз, сипаттама беріңіз.

ЭІ-дерді жүйелеудің ең алғашқы белгілі талпыныс­тары Аристотель) мен Платон сияқты ежелгі грек ойшылдарымен байланысты. Олар өз зерттеулерінде экономикалық өмірдің негізгі мәселелерін қарастырған. Аристотель эк/ны байлық туралы ғылым ретінде анықтап, құн, баға және ақша теориясына өте көп үлес қосты. Жоғарыда атап өткеніміздей, «экономика» термині ежелгі грек сөзі, оны алғаш рет грек жазушысы және тарихшы Ксенофонт қолданған.



МЕРКАНТИЛИЗМ. Экономикалық теориядағы алғашқы мектеп – меркантилизм. Бұлар байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, яғни сырттан бағалы металлдарды арзанға сатып алып елге жинай беру және оларды басқа елдерге қымбатқа сату. Меркантилизмнің басты өкілдері болып жоғарыда аталған А. Монкретьен, ағылшын экономисі Томас Мэн,Уильям Стаффорд, француз экономисі Жан Батист Кольбер , орыс экономисі Иван Посошков саналады.

ФИЗИОКРАТТАР. Бұл мектептің негізін француз ғалымдары Франсуа Кенэ мен Анн Тюрго салды.. Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша, байлықтың көзі сауда емес, өндіріс. Бұл жерде ауыл шаруашылығынан басқа экономиканың салалары (өнеркәсіп, сауда, т.б.) «өнімсіз» деп саналды. Физиократтардың жеткен жетістігі болып олардың алғаш рет ұлттық экономика шеңберінде ұдайы өндіріс үдерістерін зерттеуі табылады.

КЛАСС/ЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯ. Саяси экономияның қалыптасуы мен дамуына үлесті ағылшын эк/тері Уильям Петти, Адам Смит ,Давид Рикардо , Джон Стюарт Милль , француз экономисі Жан Батист Сэй қосты. Классикалық саяси экономияның өкілдері ең алдымен, экономикалық еркіндікті және бәсекелестікті қолдады, мемлекеттің экономикаға араласуын жақтамады, яғни бұлар «экономикалық адам» ұғымын қалыптастырды.

МАРКСИЗМ. Басты өкілдері неміс эк/тері Карл Маркс пен Фридрих Энгельс еңбек құнының 14 теориясы негізінде классиктердің тұжырымдамаларын жалғастырып нарықтық шаруашылықты тереңірек зерттеді. Маркс «капитализм» ұғымын қалыптастырды. Бұлардың ойынша, тек жалдамалы жұмысшылардың еңбегі ғана қоғамның байлығын жасайды. К. Маркс экономикалық теорияға қоғамдық-экономикалық формация, ұдайы өндіріс, эк/ның циклдік дамуы, жалдамалы жұмысшылардың еңбегі, рента теориясы, социализм, тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығы, т.б. жаңалықтарды алып келді

МАРЖИНАЛИЗМ. Марж теориясы арқылы Эк-ның микроэк/лық негіздері әрі қарай дами түсті. Бұл 15 бағыттың негізін қалаушылар: Карл Менгер, Визер ,Леон Вальрас , Вильфредо Парето, Август Фридрих фон Хайек ,Людвиг фон Мизес болды. Осы ғалымдардың еңбектерінде «шекті пайдалылық» теориясының негізгі қағидалары қалыптасты.

НЕОКЛАССИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ. Бұл бағыттың негізін салушылар ағылшын экономисі Альфред Маршалл мен Артур Пигу болды. Бұл бағыт негізінде эк/лық теория шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану ғылымы ретінде қараст. Оның ойынша, әл-ауқаттылықты максималдау тек еркін бәсекелестік жағдайында ғана болуы мүмкін және осы тұрғыда ғана нарық тепе-теңдікке келе алады.

КЕЙНСИАНДЫҚ ТЕОРИЯ. Бұл бағыттың негізін қалаушы, ағылшынның көрнекті ғалым-экономисі Джон Мейнард Кейнс болды. Кейнс өзінің 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген басты еңбегінде экономикалық мәселелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін жасай отырып, микроэкономикалық талдау шеңберінде шешіле алмайтын көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Осы теория негізінде экономикалық теорияның екінші құрамдас бөлігі – макроэкономика қалыптасты.

4.Экономикалық заңдар мен категориялар, олардың қолданылуы

Экономикалық заңдар – бұл адамдар өмірінде үнемі тұрақты түрде қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен құбылыстар. ЭЗ қоғамдық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша экономикалық қатынастардың даму заңдары болып табылады. Қоғамның даму заңдары – ЭЗ мен табиғат заңдарының ортақ белгілері мен айырмашылықтары болады. Бұларға тән ортақ белгілері болып ЭЗ табиғат заңдары сияқты объективтік заңдар ретінде табылуы, яғни адамдардың еркі мен санасынан тыс тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтары – ЭЗ адамдардың іс-әрекеті мен қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек әрекеттерінің үдерісінде туып, осы үдерістер арқылы жүзеге асырылады. Табиғат заңдары (мысалы, бүкіләлемдік тартылыс заңы) болса, адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет ете береді.ЭЗ (табиғат заңдарынан ерекшелігі) ұзақ мерзім бойы өмір сүретін мәңгілік заңдар емес. ЭЗ тарихи тұрғыда белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. ЭЗ-ның жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық жағдайлардың өзгерісімен тікелей байланысты болып табылады. ЭЗ объективтік сипатқа ие болғандықтан, адамдар осындай заңдарды талдап, танып біле алады және өздерінің эк/лық өмірлерінде пайдалана алады. Адамдар эк/лық құбылыстар мен үдерістердің мәніне терең үңіле отырып, олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету тетіктерін ұғынып отырады. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады. Сонымен, ЭЗ-дың объективтік сипаты – олар жекелеген индивидтердің, фирмалардың немесе мемлекеттің еркінен, санасынан және қалауынан тыс орын алады және әрекет етеді. Мұндай заңдарды экономикалық ғылымның көмегімен танып білуге болады, бірақ оларды сол эк/лық ғылыммен жасауға болмайды. ЭЗ-ды анықтау ЭТ-ның аса маңызды қызметтеріне жатады және олардың тәжірибелік маңызы зор болып табылады, себебі осындай заңдарды талдаудың негізінде тиімді экономикалық саясатты қалыптастыруға болады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды да зерттейді.

Экономикалық категориялар – бұл экономикалық құбылыстардың аса маңызды жақтарын және қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын жалпылама ұғымдар мен логикалық түсініктер (мысалы, сұраныс, ұсыныс, тауар, баға, пайда, қаржы, несие, меншік, нарық, жалақы, бәсеке, т.б.). ЭЗ-дың жиынтығы қоғамның даму заңдылықтарын сипаттайтын экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Осындай жүйені құрайтын заңдарды негізгі және негізгі емес деп бөлуге болмайды. Қоғам өмірін талдауда ЭЗ-дың барлығы дерлік маңызды және өзара байланысты болып табылады. Тек бір ғана заңды пайдаланудан болған қателіктер барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдық өмірдің тепе-теңдігін жояды.

Қолданылу мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

1. Арнайы ЭЗ – шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.

2. Ерекше ЭЗ– олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар.

3. Жалпы ЭЗ – адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар. Олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді үдеріс етіп байланыстырады. Бұған мәселен, қоғамдық еңбек бөлінісі заңы және басқа да заңдар жатады. Экономикалық заңдар өз алдына жеке дара өмір сүріп әрекет ете алмайды, ал экономикалық прогресс өзімен-өзі алға қарай дами алмайды. Ол үшін адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттер қажет.


5.Өндіріс, ұдайы өндіріс және оның типтеріне тоқталыңыз.

Өндіріс адам өмірінің және қоғамның негізі болып табылады. Өндіріс адамның табиғатқа деген ықпал ету үдерісін білдіреді. Өндірістің түпкі нәтижесі болып табылатын қоғамдық өнім және оның қозғалысы негізгі 4 сатыдан өтеді: 1) өндіру – пайдалы өнімдерді, материалдық және рухани игіліктерді жасау үдерісі. 2) бөлу – өндірілген өнімде әрбір адамның үлесін анықтау. 3) айырбастау – бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау үдерісі. 4) тұтыну – жасалған игілікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану.

Қоғамдық өндіріс 2 бөлінеді:1. Материалдық өндіріс, бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, су шаруашылығы және басқалары жатады. 2. Материалдық емес өндіріс, бұған денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, басқару органдары және басқалары жатады.

Қоғамдық өндіріс үнемі үздіксіз жаңартылып отырады, ол үдерісті ұдайы өндіріс деп атайды. «Ұдайы өндіріс» терминін эк/лық ғылымда алғаш рет физиократтар енгізген болатын.

ҰӨ-ті келесідей өлшемдері бойынша бөлуге болады: 1) алынған табысты қолд/дың сипатына байланысты; 2) өндіріс факторларын қолд/дың саны мен сапасына байл. Бірінші өлшемі бойынша қоғамдық ұдайы өндірістің жай, тарылған және ұлғаймалы деген тұрпаттарын көрсетуге болады. Жай ұдайы өндіріс – бұл өндірістің жыл сайын бұрынғы, өзгеріссіз ауқымын қайталап отыру. Бұл қоғамның барлық өндірілген өнімді тұтынуға жұмсайды, ал өндірістің өзі бұрынғы көлеммен және шамамен жаңартылып отырады дегенді білдіреді. Жай ұдайы өндіріс қоғам дамуының артта қалуымен, жабық жүйе бойынша ғылыми-техникалық ілгерілеудің төмен қарқынымен және техниканың дамуының төменгі деңгейімен түсіндіріледі. ҰҰӨ – бұл өндіріс үдерісінің жыл сайын кеңейтілген ауқымында жаңарып отыруы.ҰҰӨ-тің дамуы қоғамның капитализмге өтуімен байланысты орын алды, яғни мұндағы негізгі мақсат болып пайда табу табылады. Мұнда алынған табыс тауар өндірушілердің тек жеке тұтынуларына ғана емес, сонымен қатар, оның бір бөлігі қосымша өндірістік ресурстарды сатып алуға да жұмсалып отырады. Өндіріске қосымша ресурстарды тарту есебінен ғана келесі өндірістің деңгейі кеңейтілген өлшемінде жаңартыла алады. Ұлғаймалы ҰҰӨ-тің әрбір жаңа ұдайы өндірушілік кезеңінде аса жоғары (алғашқыларымен салыстырғанда) деңгейде жаңарып отыруын білдіреді. Осыған байланысты, нәтижесінде адамдардың тұтынудың аса жоғары дәрежесіне өтуі және қоғамның әл-ауқатының өсуі қамтамасыз етіледі.

2-нші өлшеміне сәйкес, экономикалық теорияда ұдайы өндірістің экстенсивті, интенсивті және аралас типтері орын алады. Экстенсивті ҰӨ – бұл бұрынғы техн/лық негізін өзгертпей қосымша ресурстарды тарту есебінен өндіріс ауқымын кеңейту үдерісі. Экстенсивтендірудің бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады: жұмысшылар санын арттыру, жұмыс күнін создыру, инвестициялар мен капитал салымдары көлемін өсіру, жаңа жер телімдерін игеру, шикізат өндіруді арттыру және т.б. Ұдайы өндірістің таза экстенсивті типінің болашағы болмайды, себебі ол ресурстардың шектеулілігі мәселесімен соқтығысады. Сәйкесінше, осындай ұдайы өндіріс өздігінше экономикалық үлгі болып табылады және экстенсивті ұдайы өндірістің классикалық түрі орын алмайды. Интенсивті ұдайы өндіріс – техника мен технологияны сапалы түрде жақсарту есебінен өндіріс көлемін ұлғайту үдерісі. ҰӨ-тің мұндай типі үшін мынадай жолдар тән: техниканы жаңарту, барлық ресурстарды аса тиімді қолдану, материалдық ресурстарды үнемдеу, жұмыскер кадрлардың біліктілігін көтеру, еңбек тәртібін нығайту, басқаруды жетілдіру, ғылым мен инфрақұрылымды дамыту, т.б.



6.Экономикалық жүйе түсінігі және оның жіктемесін көрсетіңіз.

Экономикалық жүйелер – экономиканың өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы бар:

1. Ашықтылық дәрежесі бойынша: 1.1. Жабық экономикалық жүйе – бұл барлық іскерлік белсенділік операциялардың ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы. 1.2. Ашық экономикалық жүйе – бұл экономиканың халықаралық экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.

2. Меншік қатынастары бойынша: 2.1. Дәстүрлі экономикалық жүйе – ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар. Бұл жүйенің сипатты белгілері: - өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге негізделеді; - әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс қарқынының тым төмен болуы; - техникалық прогресстің шектелуі; - халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан тұрақты түрде артып отыруы; - сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы; - мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі. 2.2. Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе – орталықтандырылған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің орын алуына негізделген қатынастар. Сипатты белгілері: - өндіріс құрал-жабдықтарына деген мемлекеттің меншіктің орын алуы; - экономиканы орталықтан жоспарлау; - өндірушілердің монополиялануы; - ресурстардың орталықтандырылған қоры. - ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы. 2.3. Нарықтық экономикалық жүйе – жеке меншікке, жеке мүддеге, еркін бәсекелестікке негізделген қатынастар. Сипатты белгілері: - өндіріс факторларына деген жеке меншіктің орын алуы; - кәсіпкерліктің еркіндігі және таңдау мүмкіндігінің болуы; - шаруашылық субъектілерінің дербестілігі; - шаруашылық субъектілерді жеке мүдделеріне сай ынталандыру; - өндірушілер арасындағы, тұтынушылар арасындағы бәсекелестік, бұл ешкім нақты экономикалық билікке ие болмауы тиіс. 2.4. Аралас экономикалық жүйе – нарықтық тетіктер мен экономиканы мемлекеттік реттеудің үйлестірілуі орын алатын қатынастар. Сипатты белгілері: - әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы; - көптүрлі меншіктің болуы; - күшті кәсіподақ қозғалысының орын алуы; - мемлекеттік реттеу мен түзету рөлі белсенді болып табылады.

3. Өнеркәсіптік төңкерістің және ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейі бойынша:

3.1. Индустриалдыққа дейінгі жүйе – қол еңбегіне негізделген натуралдық шаруашылық басым түрде орын алатын және ауыл шаруашылығына негізделген жүйе. 3.2. Индустриалдық жүйе – тауар-ақша қатынастарының дамуымен байланысты ірі машиналы өндіріске негізделген жүйе. 3.3. Постиндустриалдық жүйе – басты саласы – экономикалық- өндірістік емес (қызмет көрсету) сала болып табылатын және ақпарат басты ресурс ретінде саналатын жүйе.



7.Ресурстар түсінігі, ресурстардың сиректігі, таңдау мәселесіне талдау жасаңыз.

Адамдардың барлық қажеттіліктерін өтеу ушін қоғамда эко­номикалык қорлар жеткілікті болуы керек. Экономикалык, қор-лар дегеніміз — тауар өндіріп жөне қызмет корсетуге пайдала-нылатын барлық табиғи, адам және адам қолымен ондірілген ресурстар. Оған гимарат және қүрылыс, жабдықтардың барлық түрлері, машиналар, қүрал-саймандар, берілу қүрьшғылары, ком-муникациялар, еңбек түрлері, жер және ертүрлі кен байлықтар жатады. Барлық эк/лық ресурстар былай болінеді:

1. материалдық немесе табиғи ресурстар - "жер", капитал;

2. адамдар ресурстары - еңбек пен кәсіпкерлік қабілет. Жүйе ішінде өрбір фактордың оз орны жөне нақтылы функция-сы бар.



Табиги ресурстар" — бүл тауарлар мен игі қызметтерді жасар кездегі пайдаланылатын табиғи игілік. Оған жанды табиғат, ми-неральды жөне орман ресурстары, сондай-ақ озіміз тыныстайтын ауа да кіреді. Қазақстан табиғи ресурстарға аса бай. Жерді пайдаланғандығы үшін толенетін бағаны рента деп атайды.

Капитал. Капит н/е инвестициялық ресур/ға тауар ондіріп және игі қызмет корсетіп, оларды түпкілікті түтынушыға жеткізу кезінде пайд/тын: фабрикалар, зауыттар, маши­налар, , жабдықтар, көлік және беру қүралдары, откізу жүйесі кіреді. Өндіріс жөне ондіріс қүр/ның жинақталу процесін инвестицияландыру деп атайды.

Адамдар ресурстары, немесе "еңбек" - бүл ондіріс процесі барысында адам жүмсайтын дене және ақыл-ой күші. Еңбекке толенетін бағаны еңбекақы деп атайды.

Косіпкерлік қабілет - бүл іскерлік деп аталатын адам бойындағы айырықша ресурс. Мүны тауарлар ондіру мен игі қызмет корсетуде барлық фирмаларға қажетті — басқара білу деп түсіну жон. Көсіпкер жоғарыда аталған үш факт/ды үштастыра алады. Табыс болған жағдайда көсіпкер таза пайда табады, ал кері жағдайда шығынға үшырайды.

Кәсіпкер - төуекелге бел байлаған жаңашыл адам. Көсіп-кердің бизнеске салған тәуекелден, жаңа идея мен күш салудан табары - табыста, ол, , жер, еңбек және капитал иелері оз үлестерін болісіп алғаннан кейінгі таза табыс.



Эк/лык қызметтің басты проблемасы — тандау. Әрбір қоғам озінің сирек ресурстарын тиімді пайд.ға тырысуы керек. Яғни ол жүмыспен толық қамтьшған жағдайда экономиканың берік орнығуын қамтамасыз етуге тиіс.

Тандау процесі кезінде қолда бар рес/дың шектеулілігін экономистер былай түсіндіреді — адамдар келесі үш мәселені шешуге тиісті болады: яғни, қандай тауарларды қандай мөлшерде ондіру жөне қандай қызметтерді корсету. 

Экономикалык ресурстар сирек жөне шектеулі. Нақтылы онім шығару үшін қандай да болмасын қорды пайдаланған кезде, ол қорларды басқа бір төсілмен игерудің мүмкіндігі жойылады.

Баламалы шығындар — дәл осы қорларды басқа мақсаттар үшін пайдалану кезіндегі жоғалатын мүмкіндіктер түрғысынан қарағанда тауар ондіруге кететін шығындар.

"Не өндіру керек?" деген алғашқы экономикалық негізгі сүраққа жауап бере отырып, мынандай қорытындыға келуге болады:

баламалы шығыны аз болатын тауарлар ондіру; шығындардың бәрі бірдей (ақшалай және ақшалай емес) баламалы шығындар болып саналмайды.

ондіруші қалайда шығынға түсетін жағдайда ресурсты қандай төсілмен пайдаланса да, ол баламалы шығын болмайды (ол олардан бас тарта алмайды). Бүл баламасыз шығын эконо­микалык тандау процесіне қатыспайды.



8.Өндіріс факторлары және оның экономикадағы мазмұнын, рөлін анаықтаңыз.

ӨФ: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайд. игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану бастапқыдан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колд. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылады.

Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шартт/ның бірі де еңбек. «Адамды адам еткен -еңбек», -деп айтудың өзі де жайдан жай емес. Адам еңбек арқ хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайд/ды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді. Еңбек өндіріс факторы ретінде иг/тер мен қызметтерді өндіру кезінде пайд/ға болатын адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде еңбек адамнаң мақсатты іс - әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр.

Жұмыс күші – адмның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы.Өнд. процесінде жұмыс күшін пайд еңбек болып табылады. Іс - әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай – ақ жинақталған тәжірибелерімен, алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды. Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады.

Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бір қатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал – жабдықтары деп қараст. Мұндай пікір саяси эк/ның классиктерінен тараған А.Смит капиталды жин/ған еңбек деп, ал Д.Рикардо капиталды өндіріс құрал – жабдықтары деп тұж/ған. Қазіргі эк/дің еңб/де де осындай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П.Самуэльсон мен Нордхаустың «Экономикс» деген еңбегінде, капитал дегеніміз экон/да басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолд игіліктер деп түсінд. Бұл игіліктер сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, өндірістік ғимараттар және т.б. жатады.

Жер, еңбек және капитал жеке нысанда немесе жекелеген түрде ештеңе де жасай алмайды. Осы өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай – ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын тұлға кәсіпкер деп анылады. Фирма жұмысын ұйымдастыруда және басқаруда дұрыс шешім қабылдау үшін оның кәсіпкерлік қабілеттері болуы керек, ал ол кезегінде өндірістің төртінші факторы болады.

Маркстың теорияда өндіріс факторлар ж/е адамдық факторлар Бұлай бөлу марксизм үшін мейлінше маңызды, өйткені қосымша кұн мен пайданы өндірістің барлық факторы емес, адам факторы жасайтынын көрсетпкен. Сондықтан, жұмыс күші тікелей пайд нысанасы болды.

9.Қоғамдық шаруашылық.Оның белгілері және ерекшеліктері.

Қоғамдық шаруашылық натуралды және тауарлы болып бөлінеді. қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады. 


Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз.
Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.  Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.  Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі. 
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқ өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері:
• жеке меншіктің пайда болуы; 
• тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі; 
• еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды; 
• қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды; 
• экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.  Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар: 
адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны; 
басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны). Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті. 
Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:1 жағ, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құр/ын пайд/мен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.  Құн заңы - өндірушілер арасындағы байл/рды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен өлшенеді.  Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді. 

10.Натуралды шаруашылық

Қоғамдық шаруашылық натуралды және тауарлы болып бөлінеді. қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады. 


Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз.
Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.  Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.  Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі. 
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқ өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері:
• жеке меншіктің пайда болуы; 
• тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі; 
• еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды; 
• қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды; 
• экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.  Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар: 
адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны; 
басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны). Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті. 
Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:1 жағ, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құр/ын пайд/мен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.  Құн заңы - өндірушілер арасындағы байл/рды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен өлшенеді.  Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді. 
11.Тауар өндірісі:пайда болу себептері, мәні , маңыздылығы.

Өндіріс — адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды — материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категория ретінде бұл — өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның  әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.

Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.

Қалай өндіру керек — бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.

Кімге және қанша өндіру керек — бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.

Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары — жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Өндіріс ресурстары  — бұл тауарлар  мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Ресурстар төрт түрлі болады:

1. «Табиғи» — өндірісте қолдану үшін  әлеуметтік, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.

2. Материалдық» — бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.

3. «Еңбек» — «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

4. «Қаржылық» — қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін  ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады. Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары   «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды  құрайды.

Тауардың екі қасиеті бар:

—      қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;

—      басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.

Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.



12.Тауар және оның қасиеттерін талдаңыз, ерекшелік мәніне тоқталыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет