41. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен қажеттілігін атаңыз.
Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық сипаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. Бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджет тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).
Мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты мақсаты – қоғамды, яғни әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе – теңдікті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарында құрылымды нығайту.
Бұл орайда мемлекеттік реттеудің аттану нүктесі мен басты бағыттары келесі болады:
1) Елдің экономикалық саясаты (барлық ресурстарды тиімді, ұтымды пайдалану саясаты). Ішкі экономикалық және әлеуметтік саясат, сыртқы экономикалық саясат
2)Әлеуметтік – экономикалық мақсатта
3)халық шаруашылығың басым бағыттары
4) экономиканы реттеу
Мемлекеттік реттеу
нарықтық реттеу
макроэкономика
5) экономика
42. Экономикалық өсудің мәні, мақсаттары және негізгі сипаттарын түсіндіріңіз.
Экономикалық өсу дегеніміз адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың мәңгілік мәселелері: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, білім-ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі.
Экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен салыстырғанда ЖІӨ не ЖҰӨ көрсеткіштерінің өсімін сипаттайды.
Экономикалық өсудің 2 жолын ажыратуға болады: экстенсивті және интенсивті.
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған ұдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Кемшіліктері:
-Техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді.
-Капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады.
-Экономикалық өсу шығындық сипат алады, себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады.
Экономикалық өсудің интенсивті түрінің негізгісі болып өндіріс технологияларының жетілуі, өндірістің негізгі факторларының сапасының жоғарылауы болып табылады. Интенсивті экономикалық өсудің маңызды факторы – еңбек өнімділігінің жоғарылауы: ЕӨ=Е/Ө, мұндағы ЕӨ-еңбек өнімділігі, Е-натуралды немесе ақша түрінде өрнектелген жасалынған өнім, Ө-еңбек бірлігінің шығындары.
Экономикалық өсудің өлшеудің екі жолы бар:
1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ) немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі.
2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі.
Әлеуметтік институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқарады.
Экономикалық өсу факторлары – өндірістің нақты көлемінің масштабын белгілейтін құбылыстар мен процестердің өсуінің тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктері.
Экономикалық өсу факторының 2 түрі бар: тікелей және жанама.
Тікелейді 5 негізгі факторлар құрайды:
- Еңбек ресурстарының санының көбеюі, сапасын жақсартуы;
- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;
- Өндіріс ресурстарының саны, сапасының өсуі;
- Өндіріс технологиясын және ұйымдастырылуының жетілдіруі;
- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
Жанамалар құрамына сұраныс, ұсыныс, бөлу факторлары жатады:
Ұсыныс факторлары: нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы, несие алу мүмкіндігінің көбеюі, т.б. (бәсекенің дамуы)
Сұраныс факторлары: өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді. (инвестицияның өсуі)
Бөлу факторлары: өндірістік ресурстарды тиімді бөлу.
43 Жұмыссыздық ұғымы, мәні және түрлерін атаңыз.
Жұмыс күші – бұл елдің жұмысқа жарамды бөлігі, яғни ол есептік кезеңдегі жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санының қосындысы:
N=U+E N=R-H
N-жұмыс күші, адам.
U-жұмыссыздар саны, адам.
E- жұмысбастылар саны, адам.
R-елдің саны, адам.
H-жұмысқа жарамсыздар саны, адам.
Жұмыссыздық – бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыс істеуді қалайтын, бірақ уақытша немесе мүлдем жұмысынан айырылған бөлігінің жұмыспен қамтылмауының көрінісі.
Жұмыссыздықты қалыптасу сипаттарына байланысты негізінен 3 түрге жіктеуге болады: уақытша (фрикциалық), құрылымдық, циклдік.
Уақытша жұмыссыздық (Uf) адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады.
Құрылымдық жұмыссыздық(Us) кейбір мамандықтар өшіп, олардың орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді, яғни бір мамандыққа сұранымныңазайып, екінші мамандыққа өсуі.
Циклдік жұмыссыздық (Udd) – экономикалық циклдің құлдырауы кезеңінде жиынтық тұтыну шығындарының азаюы салдарынан өндірістің қысқаруымен байланысты пайда болатын жұмыссыздықтың бір түрі.
Экономикалық циклдің құлдырау және тоқырау фазасында уақытша және құрылымдық жұмыссыздық циклдік жұмыссыздықпен толықтырылады. Ал циклдік өрлеу фазасында циклдік жұмыссыздық болмайды.
Жұмыссыздықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі – жұмыссыздық деңгейі: u=U/N x 100%
49. Инфляция табиғаты және инфляция түрлеріне
Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:
-ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;
-жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады;
-инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
Таралу орнына қарай:
-локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
-дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
Бағаның өсу қарқынына қарай:
-баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
-орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;
-ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Инфляцияның байқалу дәрежесіне байланысты:
-Болжанған инфляция – экономикалық агенттердің алдын ала болжаған деңгейінде өтетін инфляция.
-Болжанбаған инфляция – экономикалық агенттер күтпеген қарқынмен өтетін инфляция.
Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән.
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш — тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады.
45. Жұмыспен қамту
Жұмыспен қамту 2020 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған мемлекеттік бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты - жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру. Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 % төмендеді.
Жол картасы шеңберінде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы шараларын әзірлеу және іске асыру әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиындықтар кезеңінде (2008 – 2010 жылдар) де жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бір жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрі өсу мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан – еңбек нарығына жұмыс күшінің ішкі резервін тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсенділігін арттырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.
46. Инфляцияға қарсы саясатының негізгі құралдары мен бағыттары.
Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:
-ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;
-жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады;
-инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
Таралу орнына қарай:
-локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
-дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
Бағаның өсу қарқынына қарай:
-баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
-орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;
-ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Антиинфляцияның саясатты шартты түрде 2 типке бөлуге болады:
-инфляцияға ыңғайласу;
-инфляциямен күресу.
Инфляцияға ыңғайласу жағдайында табысты индекстеу шаралары жүргізіледі, бірақ бұл шара өте шектеулі болады. Өйткені, өте жоғары индекстеу (100 пайызға жуық) «жалақы-баға» инфляциялық шиыршығын тудыруы мүмкін.
Инфляциямен күресу шараларының ішінен «естен тандыру терапиясын» ерекше атауға болады. Қымбат несиелер арқылы әлсіз фирмалардың жұмысын тоқтату, әлеуметтік топтарлдың табыс айырмашылығының күрт өсуі, өндірістің қысқаруы, жұмыссыздықтың өсу нәтижесінде инфляцияны тоқтату.
.
47. Меншіктің экономикалық мазмұны , обьектілері мен субьектілеріне сипаттама.
Меншік- адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайд н/е иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді. Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің негізгі нысандары: жер, ғимараттар, матер/дық және рухани мәдениет заттары,тб
Меншік иелері үш типке бөлінеді:
Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі. Бірақ, бұл белгілі бір кәсіпорынды немесе басқа да затты иемденгеннен кейін ғана меншік иесіне айналады.
Меншік иесі, заттың тұтынушысы ( иемденуші). Мұнда иемденуші меншіктің толық иесі бола алмайды. Себебі, мұндағы заттың иесі басқа адам болып табылады. Иемденуші келісімге сәйкес өзіне түскен табыстың бір бөлігін ғана иемдене алады.
Толық меншік иесі. Мұнда заттың бағалылығының және оны тұтынудың меншік иесі, ол меншікті иелігінен шығарып, оны басқа бір субъектіге беруге, өткізуге құқығы болады. Меншік экономикалық категория ретінде жеке меншік болып табылады.
Жеке меншік дегеніміз- белгілі бір мүлікке жеке адамның иелік етуін айтамыз.
«Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан.
Меншік құқықтық мағ/да мүліктік қатынастарды білдіреді. Эк/лық мағ/да меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді. Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік және тағы басқа да меншік түрлері танылады.
Мемл меншік – бұл меншік нысандарын мемл билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемл меншік бүкіл халық шаруаш деңгейінде, аймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
Үжымдық меншік – бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін орта иемденіп, пайдд/ып және әске жарататын эк/лық қатыныстар жүйесі. ҚР/да қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер форм/ы жатады. Меншік заңдары:1.Өз еңбегінің өнімін иемдену;2.Бөтен біреудің еңбегінің өнімін иемдену.
Меншік субъектісі ретінде – мемлекеті, ұжымды, жеке тұлғаны, адамды қарастыруға болады.
Меншік объектісі ретінде – жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары жатады.
Басқаша айтсақ, меншік – бұл адамдар ар/дағы ӨФ мен нәтижелерін иемденуге байл объективті қатынастар жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік – анағұрлым абстрактілі ұғым, ал иемдену нақты ұғым болып табылады.
Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер, өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда қоғамдық иелену орын алады.
Иемдену заңдары:
1. Еңбек бастапқы иемдену әдісі;
2. Басқаның еңбегін иемдену заңы
48.Рыноктың(нарықтың) экономиканың модельдерін салыстырмалы түсіндіріңіз.
Қазіргі уақытта Қазақстан барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілердің бірнешесін атап өтуге болады
Американлық үлгі
Бұл үлгі капитализмнің либералдық үлгісі деп аталады. Ерекшеліктері:
Мемлекеттік экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен байланысты болады
Кәсіпкерлікті барынша қолдау
Халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі
Жалақы айырмашылығының тым алшақтығы
Жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде
Жапониялық үлгі
Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып, Жапония барлық мүмкіндіктерін, бейбіт мақсатқа яғни өнеркәсіптің экономикалық потенциалын өсіруге жұмылдырған. Жапондық үлгінің негізгі белгілері: ұлттық эк/ның негізгі бағыттарына мемлекет әсері өте жоғары. Алдымен мемлекет танкерлер өндіруді қолдады,содан кейін - аз литражды автомашиналарды, ал 20 ғасырдың 70- ші жылдарынан бастап- электроника мен компьютер өндірісін қолдады. Осының нәтижесінде 20 ғасырдың 70-ші жылдары ортасына дейін Жапония елеулі дағдарыстардан аулақ болды және экономика ұнамды даму алды . Неміс үлгісі.
Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге үқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг Эрхард.Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының етуінің негізгі принциптерін баяндайды. Неміс үлгісінің негізгі үлгісі:
Экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі.Бұл жағдай әсіресеәлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекеттік елеулі әлеуметтік міндеттер атқарады:тегін машина,білім, жәнет.б.
Неміс үлгісінде, Жапониялықтай, банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді.
Француздық үлгі
Бұл үлгінің елеулі ерекшеліктері американдық пен неміс үлгісінің орта шамасы. Француздық үлгіде мемлекеттің реттеуші рөлі күшті. 1947 жылдан бастап 5 жылдық жоспарлар- индикативтік жоспарлау жүзеге асып отыр. Бұл үлгіге мемлекеттік кәсіпкерліктің жоғарғы дәрежесі тән. Капиталдың қорлануына мемлекет белсенді қатысады.
Қытайлық үлгі
Қытайда экономиканы реформалау ауыл шаруашылығынан басталады. Халық коммунасының орнына отбасы мердігерлігі келді. Отбасының мердігілерлігі шаруашылықты отбасының күшімен жерде жүргізуде негізделген. Жер пайдалануға 15-20, кейде 30 жылға беріледі. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады. Шаруалар өндірген өнімдерін бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін салықты өтеу үшін тапсырады. Тағы бір бөлігін жергілікті үкімет қорларына өткізеді.Қазіргі жағдайда ауылдың ілгері дамуы талқыланып отыр . Шаруаларды кооперациялық әрқилы формаға біріктіру және жерді мықты шар/ққа шоғырландырып жалдама жұмыс күшін қолдану мәселелері қозғалып отыр.
49.Қаржы қызметі, қаржы жүйесінің құру қағидаларын.
Қаржы қызметі - заңи тұлға қызметі, осы қызметтің нәтижесінде меншікті капиталдың және қарыз қаражатының мөлшері мен құрамында өзгерістер болады.
Қаржы (фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.
ҚР-ның қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады.
Қаржы жүйесінің бірлігінің қағидаты орталық қарды органдар арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің отарқтастығында, олардың қощғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды өңірлер, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарларымен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржы аппарыты сәйкес келеді. Бюджеттен тыс қорлардың мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі. Ұлттық шаруашылықтың сатылас қағидаты жоғарғы органдар деңгейінде де, сондай-ақ төменгі (фирмаларда, компанияларда) деңгейде де қаржы аппартының тиісті құрылымын байланыстырады. Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйым/да акционерлік, бірлескен, араларс, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері бейнелеп көрсетеді. Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыры, одан әрі тездетуге ықпал етуін күшейт, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
50.Салық, салық түрлері және салық салудың мәні мен қағидаларын айқындаңыз.
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат.
Мемлекеттік салық салу саясаты - салық саласындағы шаралар жүйесі қоғамның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық түрлері:
1.Акциз. Акцизделетін тауарларды өндіретін немесе акцизделетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, акцизделетін тауарларды ҚР террияториясына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар акциздерді төлеушілер болып табылады.
2. Жер салығы. Төлеушілер – меншік құқында, тұрақты жер пайдаланушы құқында және алғашқы қайтарымсыз уақытша жер пайдалану құқында салық салу нысандары бар жеке және заңды тұлғалар.
3. Жеке табыс салығы. Жеке табыс салығын төлейтіндер – салық салу нысандары бар резидент және резидент емес жеке тұлғалар.
4. Корпоративті табыс салығы. Корпоративті табыс салығын төлейтіндер – жалпыға ортақ тәртіпті қолданатын ҚР резидент-заңды тұлғалары.
5. Қосымша құн салығы. Қосымша құн салығы – тауар өндірісі және айналымы процесінде қосылып, сатылған кезде салық салынатын айналымның бір бөлігін бюджетке төлеу,.
6. Көлік құралдарына салынатын салық. Төлеушілер – меншік құқында салық салу нысандары бар жеке тұлғалар, меншік құқында салық салу нысандары бар заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері.
7. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері. Жер қойнауын пайдалану амалдарын орындау бойынша салық салу іс-әрекеттері табыстан тыс пайдаға, арнайы төлемдерге, бонустарға, роялтиға салық салу тәртібін орнатады.
8. Эспортталып жатқан мұрай, газды конденсат үшін ренталық салық. Мұнай шикізатын, газды конденсатты экспортқа шығаратын жеке және заңды тұлғалар ренталық салықты төлеушілер.
9. Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салықты төлеушілер – заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар.
51. Мемлекеттік бюджет
Мемлекеттің қаржы жүйесінен мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі бөлініп шығады. Мемлекеттік бюджет – кірістері мен шығыстары көрсетілген мемлекеттің қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып бюджеттік бағдарламалардың заңдық негізде бекітілуі табылады.
Мемлекеттік бюджет жүйесі – экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынтығы.
ҚР Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі – бұл барлық бюджеттердің, ҚР Ұлттық қорының, бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы. ҚР бюджет жүйесінің құрамына бюджеттердің келесідей деңгейлері кіреді:
- республикалық бюджет;
- жергілікті бюджеттер: облыстық бюджет, облысқа бағынатын
қалалар бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана бюджеті, аудандар бюджеті.
Экономикада мемлекеттік бюджет жүйесі төмендегідей негізгі қызметтерді атқарады:
1) қаржы ресурстарын мемлекет пен қоғам қажеттіліктеріне жұмылдыру;
2) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу;
3) қаржы ресурстарын қайта бөлу (аймақтық, салааралық, ведомствоаралық, әлеуметтік);
4) кәсіпкерлік қызметті қолдау және ынталандыру;
5) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
6) әлеуметтік қорғау;
7) мемлекеттік қаржының кірістері мен шығыстарына бақылау жасау.
Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының құрылымы
төмендегідей бюджет сыныптамасымен анықталады:
1. Бюджет табыстары:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- трансферттердің келіп түсуі.
2. Бюджет шығындары.
3. Операциялық сальдо.
4. Таза бюджеттік несиелеу:
- бюджеттік несиелер;
- бюджеттік несиелерді жабу.
5. Қаржылық активтер операциясы бойынша сальдо:
- қаржылық активтерді иелену;
-мемл/тің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер.
6. Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы).
Бюджеттен тыс қорлар – республикалық бюджеттен тыс құрылатын және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басымдықты маңызы бар мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейдегі негізгі міндеттерді шешуге арналған қаржы ресурстарының мақсатты қорлары.
Қазақстанда арнайы бюджеттен тыс қорларға Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Инновациялық қор, Ұлттық қор кіреді.
Мемлекеттік бюджеттің күйі үш жағдайда болады. Біріншіден, егер мемлекеттік бюджет шығындары оның табыстарынан асып кетсе, онда бюджет тапшылығы орын алады. Екіншіден, егер мемлекеттік бюджет түсімдері оның шығыстарынан көп болса, онда бюджет артықшылығы орын алады. Үшіншіден, егер мемлекеттік бюджет табыстары мен шығындары бір-біріне тең болса, онда бюджет тепе- теңдік жағдайда болады.
52. Ақша жүйесі, ақша агрегаттарына түсініктеме беріңіз
Ақша жүйесі – кез келген елдің ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Ақша жүйесінің элементтері:
- Ақша бірлігі, бұл елде қабылданған ақша өлшемі;
- Баға масштабы, яғни елде қабылданған ақша бірлігі мен ақша металының салмақ мөлшері;
- Ақша эмиссия жүйесі, яғниайналысқа ақшаларды заңды шығару тәртібі;
- Ақша рәміздерінің түрлері, яғни айырбас монеталар жүйесі;
- Ақша айналысын реттеумен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес институттар жүйесі.
Ақша жүйесінің кезеңдері: биметализм және монометализм.
Биметализм кезеңінде (16-19 ғ.) ақша ретінде екі металды – алтын мен күмісті пайдалануға негізделеді.
Монометализм кезеңінде ақша ретінде тек қана алтынды пайдаланды және несие ақшалар оған еркін айырбасталатын болды.
Монометализмнің 3 түрі қалыптасты:
-Алтын монета стандарты;
-Құйма алтын стандарты;
-Алтын девиз (алтын таңбалы) стандарты.
Қағаз ақша – бұл бюджет тапшылығын жою мақсатында шығарылған ақшалар. Несиелік ақша – тауар өндірісінің дамуы. Ақша массасы – ұлттық экономикада қызмет көрсету мен тауар айналысын қамтамасыз ететін қолма-қол және қолма-қол аұшасыз жүргізілетін төлем құралдарының жиынтығы.
Ақша агрегаттары - ақша массасының өтімділігі мен ұсынысына қарай оның құрылымының жиынтық көрсеткіштері.
М0-ақша агрегаты көрсеткішіне қолма-қол ақшалар мен монеталар және кәсіпорындардың кассасындағы ақшалар кіреді.
М1-ақша агрегатына М0 және халықтың, кәсіпорындардың депозиттегі ақшалары мен жеке адамдар мен заңды тұлғалардың есепшоттарындағы ақшалар жатады.
М2 агрегатына М1 және халықтың ұзақ мерзімдік салымдары кіреді.
М3-агрегаты М2 және депозитті сертификаттар мен мемлекеттің қарыз облигацияларынан құрылады.
L-ақша агрегатына бағалы қағазда, Х-ақша агрегатына шетелдік валюталар жатады.
53. Несие, несие жүйесіне түсініктеме және олардың түрлерін анықтаңыз
Несие (лат. creditum — несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады. Несиесің дамуы ұдайы өндіріс үрдісіндегі капиталдың ауыспалы айналымының заңдылықтарына орайлас келеді: шаруашылықтың белгілі бір телімдерінде уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы бос қалады да, басқаларында оған деген мұқтаждық, яғни несие алу қажеттілігі туады. Капиталдың ауыспалы айналымы негізінде пайда болған уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы, халық пен мемлекеттің ақшалай жинақтары несие көзін құрайды.
Несие беру тәсіліне байланысты бөлінеді: заттай және ақшалай-несиелі
Несие кеңістігіне қарай бөлінеді: халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, т.б.
Несие мерзіміне орай: қысқа, орта, ұзақ мерзімді.
Несие, негізінен, коммерциялық несие және банк несиесі түрлеріне бөлінеді. Айрықша түрі халықаралық несие -Коммерциялық несие — сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде, әдетте, вексель жүреді. Мұндағы вексель дегеніміз — несиегерге вексель беруші қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын белгіленген мерзімде төлеуді талап ету құқын беретін белгілі бір нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме. Банк несиесінің әмбебаптық сипаты бар. Бұл ретте банктер, ақша иелері және басқа несие мекемелері несиегерлер болып келеді. Несиенің берілуі мен өтелуіне, ставка пайызының мөлшеріне байланысты тараптардың міндеттемесі мен экономикалық жауапкершілігі несиелік келісімдер негізінде шешімін табады. Банк несиені несиелеу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзімге), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) және ұзақ мерзімді (3 жылдан астам мерзімге) болып келеді. Ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс. Сондай-ақ, несие түрлері несиелеу нысандары мен әдістері бойынша және басқа белгілеріне қарай жіктеледі.
Қазақстанда несиенің мынадай түрлері пайдаланылады:
-ұлттық банк несиелері – аукциондық, ломбардтық, бюджеттік несиелер;
-екінші деңгейдегі банктер несиелері – меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігін уақытша толтыруға, күрделі салымдарды қаржыландыруға, тұтыну мақсатына арналған несиелер; импорттық, ипотекалық, консорциалдық, банкаралық несилер. Қазақстан Ұлттық банкінде несие сапасына қарай стандарттық, бейстандарттық, қанағаттанғысыз, күмәнді және зиян келтіруші несие деп бөлінеді.
54. Банк жүйе: Орталық және коммерциялық банктер түрлеріне сипаттама беріңіз:
Банк жүйесінің маңызды элементтері – банктер. «Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады.
Банк жүйесі: Орталық банк және коммерциялық банктен құралады.
Орталық банк – бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік банк, мемлекеттік, халықтық және ұлттық банк деп аталуына қарамай кез келген елдің басты эмиссиялық, ақша-несие институты. Ол операцияларды заңды және жеке тлғалармен жүргізбейді. Оның клиеттері – коммерциялық банктер және басқа несиелік мекемелер, сонымен бірге оларға әр алуан қызметтер ұсынатын үкіметтік ұйымдар. ОБ: банкноттарды шығару; мемлекеттің алтын-валюта резервін сақтау; несиелік мекемелердің; ең бастысы – коммерциялық банктердің сақтық қорын сақтау; коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттік мекемелерге кассалық қызмет көрсету қызметтерін атқарады.
Коммерциялық банктер негізінен халық шаруашылығына қызмет көрсетумен шұғылданады. Экономикадағы уақытша бос ақша қорларын шоғырландыру арқылы қосымша капиталға мұқтаж болғандарға уақытша пайдалануға береді. Банктер атқаратын операцияларына қарай әмбебап немесе мамандандырылған болып бөлінеді. Олардың қызметтері: салымдарды қабылдау; несиелер беру,есеп айырысу қызметтерін көрсету, вексель есебі; ақпараттық, кеңес беру қызметтерін көрсету; сауда-коммерциялық қызметтер, т.б.
55.ҚР Президентінің «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» халыққа
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы – өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат.
Өздеріңіз байқағандай, Елбасының қазақстандықтарға жолдаған жаңа Жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған.
Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту.
Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту.
Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту.
Төртінші. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту.
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту.
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.
Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты.
Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, жеті бағыттың алғашқысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді...»,–деп Жолдауда нақты айтты.
56. ҚР индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.ж.) жүзеге асыру мақсатын талдаңыз.
Стратегияның мақсаты–шикізат бағыттылығының кетуіне көмектесетін, ұзақ мерзімді жоспардан сервисті-технологиялық экономикаға көшу кезінде жасалатын жағдайлар, экономика саласын диверсификациялау жолымен арқылы елдің тұрақты дамуына жетуі.
ҚР-ның индустриалды-инновациялық стратегиясының жүзеге асырылуы үшін, зерттеумен, өңдеумен және инновациялық жобалардың қаржыландыруымен шұғылданатын арнайы институттар ашылды. Олар кәсіпкерлік инкубаторлар, технопарктер, түрлі ел аймақтарында ашылған инновациялық инфрақұрылымның элементтері. Өнеркәсіп және сауда министірлігі инжиниринг және технологиялар трансферт орталығын ашты. Олар, бәсеке қабілетті бағыттардың және келешекте тиімді жобаларды әрі қарай жылжуымен шұғылданады сонымен қатар мүдделес инвесторлардың іздеуімен айналысады.
Индустриалды — инновациялық стратегиясының жүзеге асырылуы үшін институттардың даму жүйесін капиталдандырды: Инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, Қазақстан даму банкі, Экспорттың сақтандыру бірлестігі. Инвестициялық қордың мақсаты–қазақстандық компаниялардың ашылуына көмектесу.. Қазіргі уақытта барлық даму институттар «Самұрық-Қазына» ұлттық әлауқат қорына қосылды.
Стратегия, елде ғылым және инновация қызметін ынталандыру бағытымен мемлекеттік ғылыми және инновация саясатын белсенді түрде өткізуді болжамдайды. Қойылған мақсаттарға жетуіне, қаражат базарының дамуы және фискальды, антимонополияның, саясат инфраструктурасының әрі қарай дамуын болжамдайды.
57. ҚР ауылшаруашылығын дамыту мәселесінің мәнін түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасы егемендігін алған жылдан бастап аграрлы реформалар жасай бастады. «Жер реформасы туралы» және «Шаруа (фермер) қожалықтары туралы» заңдар қабылданды. 1992-1997 жылдары «Кәсіпорындар туралы», «Жол туралы», 2003 жылы «Жер кодексі» заңы, сонымен қатар көптеген ауылшаруашылығын қайта қалыптастыру бойынша нормативтік және құқықтық құжаттар қабылданды. Мұндай ресми құжаттар агро өндірістік, экономикалық және еңбек қатынастарының түбегейлі өзгеруіне бағытталды, агроөнеркәсіп өндірісінде жеке меншік бағыттың жедел қалыптасуына, шаруашылықтың жаңа түрлерінің құрылуына құқықтық тұрғыдан негіз болып табылады.
Келешекте агроөнеркәсіп экономикасының дамуы жоғарыдағы қабылданған заң құжаттарын іс-жүзіне асыру дәрежесіне тікелей байланысты. Агроөнеркәсіп өндірісінің келешектегі экономикалық өсуі, олардың өндірісті кооперация негізінде дамытып, дайын өнім дайындау, бұларды сақтау, өңдеу және өңделген дайын өнімдердің сатылуын жақсы жолға қоюға байланысты.
Агроөнеркәсіп өндірісін кооперация негізінде дамыту, ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтары мен шағын, маманданбаған, шаруа(фермер) қожалықтарының тауар өндірісін ғылыми ұйымдастырудың ең ескі түрлерінің бірі күйінде қалып келеді.
Дамыған шетел өндірістерінде кең тараған кооперативтердің бірі ауыл шаруашылық кооперациясы. Оларда табысы мол кооперация қызметін атқарушы кәсіпорындар ішінде, азық-түлік өнімдерін өндіру, өңдеу және өңделген дайын өнімдерді сататын кооперативтер көптеп ұйымдастырылған.
58.ҚР шағын әне орта бизнесті қолдау шараларын түсіндіріңіз.
Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Осыған байланысты бизнес бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы тиіс. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында елімізде жеке бизнесті қолдауға арнай тарау(4тарау) арналған. Осы заңда анықталған төмендегідей бағыттар мен жолдарды атап көрсетуге болады.
Жеке бизнестіті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Жеке бизнесті мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
Жеке бизнесті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, индустриялық аймақтарды және жеке бизнес инфрақұрлымының басқа да объектілерін құру және дамыту.
Бюджет қаражаты есебінен жеке бизнес субектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құру;
Бизнес-инкубаторлардың және идустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жоғарыда аталған бағыттармен бірге келесілерді де қамтиды:
Шағын бизнес субъектілерінің мемлекеттік, қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологиялады пайдалану үшін жағдай жасау;
Шағын бизнес субъектілерін мемлекетік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу;
Шағын бизнесті дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;
Оңтайлы салық режимін белгілеу;
Шағын бизнеске кредит берудің бағдарламаларын қабылдау, сондай-ақ бюджет қаражаты еебінен гранттар мен займдар беру;
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесін жасау;
Жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар дайындауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары:
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту келесі жолдармен жүзеге асады:
Қаржылық қолдау көрсету;
Шағын бизнесті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
59."Қазақстан-2050" даму стратегиясының басты басымдықтарын түсіндіріңіз.
"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты - мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бағдарламаның қарастыратын істері
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1.Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;
2.Кәсіпкерлікті - ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
3.Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;
4.Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
5.Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;
6.Дәйекті және болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
7.Жаңа Қазақстандық патриотизм - біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері
1.Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі
2.Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік
3.Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
4.Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы
5.Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
6.Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы
7.Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция
8.Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық
9.Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы
10.Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі
60.Экономиканы әртараптандыру негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
Елдің бәсекеге қабілеттілігі:
1.Елдің әлемдік нарықта бәсекелестеріне қарағанда көп материалдық құндылықтарды өндіру қабілеті.
2.Елдің еркін және әділ нарық жағдайында тауарлар мен қызметтерді өндіру қабілетінің деңгейі.
3.Алынған қаражаттарды өтеудің экономикалық қабілеті.
4.Елдің әлемдік нарық талаптарына жауап беретін тауарлар мен қызметтерді өндіру және ЖІӨ өсуінің тұрақты қарқынын, әлемдік деңгейде халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жылдамдықта мемлекеттік ресурстарды ұлғайту шарттарын құру қабілеті.
Елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар:
1.Экономикалық даму қарқыны, ұлттық валюта жағдайы сияқты көрсеткіштермен бағаланатын экономика динамизмі.
2.Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі.
3.Тауар сапасы деңгейінің, жан басына шаққандағы тұтынушылық шығындар көлемінің көрсеткіштері бойынша бағаланатын нарық динамизмі.
4.Коммерциялық банктер, бағалы қағаздар нарығы қызметімен бағаланатын елдің қаржылық жүйесінің жағдайы мен дамуы.
5.Халық саны мен өсу қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, еңбек ресурстарының біліктілік деңгейі негізінде анықталатын адами ресурстар.
6.Елдің салық салу деңгейін, ұлттық табысындағы мемлекеттік сектордың үлесін зерттеу негізінде экономикадағы мемлекеттік реттеудің әсер ету дәрежесімен анықталатын мемлекеттің рөлі.
7.Елдің әлеуметтік-саяси жағдайы - оны сипаттайтын көрсеткіштер: табыс және оны бөлу көлемі, өнеркәсіптегі еңбектік қатынастар және т.б.
Әрбір елдің бәсекеге қабілеттілік құрылымы бір-бірінен ерекшеленеді, өйткені бір мемлекет өзінің географиялық жағдайына, өнеркәсіп деңгейіне, ресурстардың көлемі мен қолжетімділігіне байланысты бір немесе бірнеше салаға маманданады және сол салаларда бәсекеге қабілетті болады. Бұл халықаралық еңбек бөлінісіне әкеледі.
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру өте маңызды және уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақстан одан шеткері қалмайды. Демек, әлемдік экономикада алатын орнымыз, экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жоғарғы әлеуметтік стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де бәсекеге қабілеттілік болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |