Экономикалық теория пәнін анықтаңыз, рөлі мен әдістерін көрсетіңіз



бет3/4
Дата31.12.2019
өлшемі155,58 Kb.
#55403
1   2   3   4
Байланысты:
11эконом теория


22.Бәсеке,оның типтерін талдаңыз Бәсеке- рыноктық қатынастардың негізгі категориясы,ол әр түрлі формада болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады.Бәсеке сала ішінде әсіресе,біртектес тауарлар арасында және әр түрлі салалардағы тауарлар арасында бола алады.Ол бағалық және бағалық емес деп бөлінеді.Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген.Ал бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін тауарлардың жоғары сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген.Бәсеке бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:

-өндіріс және еңбек  ұжымдарының материалдық-заттық  элементтерін қалыптастыру;

-өндірісті ұйымдастыру, оны  шикізатпен, материалдармен, және  жобалау мекемелерінің бір-біріне  әсер етуі;

-бәсекеге төзімді өнім  өндіру;

-өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді; пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану. Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатадыБәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді «бейниетті бәсеке» деп атауға болады:

-бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;



Бәсеке түрлері: Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;

әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.



23.Баға мәнін және түрлерін  түсіндіріңіз

Әр тауар мен әр қызметтің,олардың нарықта орналасу формасына байланысты,өз бағасы болады.Осы баға ақшаға айналып табыстың белгілі бір түрін құрайды.Баға өз тарапынан тауарлардың  сұранысы мен  ұсынысына әсер етеді.Яғни,сатушылармен сатып алушылар іс-әрекетіне ықпал жасайды.Бағаларға,айырбас пропорциясы болғандығы ретінде,бағаны құру механизмі деп аталатын,оларды белгілеу әдістері әсер етеді.Сауда-саттық операциялардың масштабына сәйкес және сатылатын тауарлардың түрлеріне қарай,бағалар мынадай түрлерге бөлінеді;

-көтерме сауда бағасы арқылы көтерме саудада өнімдердің ірі партиялары сатылады;

-бөлшек сауда бағасы арқылы тауарлар индивидуалдық сатып алушыларға шағын мөлшерде сатылады;

-тарифтер көрсетілген қызметтер үшін төленетін баға;

Еркіндік дәрежесіне сай бағалар былай бөлінеді:

-қатаң белгіленген тұрақты бағалар-баға құру органдарының белгілейтін бағалары.Осындай бағаны қалайда болмасын бұзу заңға сәйкес қудаланады;

-реттелген бағалар бұлардың мөлшерін мемлекеттік органдар реттеп отырады.Бірақ осы ықпал белгілі бір тауарлар тобына бағаның жоғарғы шегін белгілеумен анықталады.Бағаларды реттеу рентабельдіктің шекті дәрежесін белгілеу арқылы жүргізіледі;

-нарықтық бағалар-мемлекеттік органдардың тікелей реттеуіне жатпайтын бағалар.



Ынталандыру  қызметі. Бұл  кезде  баға  өндіріс  тиімділігіне  әсер  етіп, өнім сапасын арттыруға күш  салады. Бөлуші  реттеуші  қызмет.  Нарық  жағд.  бағаның   бөлушіқызметі  сұраным  мен  ұсынымды  реттеу  ж/е  тұтынушы  мәртебесінің өзгеруі  кезінде  байқалады. Бағаның  бұл  қызметі нарықтың,  тепе-теңдік  сақтағанда, тұтыным  мен өндірісті  теңгергенде  байқалады.

Ақпараттық.  Баға  тұтынушыға  сатушылар  тарапынан  тауар  ұсынымы  туралы  белгі  береді  және  олар  өз  өнімі  үшін   қанша  алғысы  келетіндігін  баяндайды.  Екінші  жағынан  сатушылар  сатып  алушылардың  төлем  қабілеттігін  немесе  өндіріс  ресурстарының  қорын  байқайды.

Үкімет  органдары  тарапынан  бағаларды  бақылап  отыру.  Оның мақсаты –еңбек  ақы  мен  зейнетақының  жылма-жылғы  номинальды көтерілуінің  индексін  белгілеу  үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар,бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына  және  ұлттық бәсе/тік  қабілетіне  қалай  әсер  ететінін  анықтау.2.Бағаға жанама әсер ету.Оның мәні сыртқы саудада  белгілі  бір сандық   шектеулерді,салықтардың  түрін  өзгертуде,  ақша эмиссиясыныңмөлшерін  көбейтуде  немесе  азайтуда   тұр.

.4.Бағадағы  жетекшілік.  Бұндай  құбылыс  тауарлар  немесе  қызметтерді өндіретін   мемлекеттің  үлесі  едәуір  салаларда  байқалады.  Бұндай жағдайларда  мемлекеттік  органдар  тауарлар  мен  қызметтерді өндіруші  фирмалармен  келісім  бойынша  шартты  баға  белгілейді, кейін   ол  баға  бүкіл  өндіріс   саласы  үшін  негізгі  баға  болып табылады. 



5.Бағаға  тікелей  мемлекеттік  әсер  ету.  Оны  жеке  өндірушілердің шығындарын   азайту  үшін  жұмсалатын  мемлекеттік жәрдемақы құрайды

24.Фирма нарықтық экономикадағы  кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі  ретінде маңызын түсіндіріңіз

Фирма-өндіріс факторларын жоспарлы қиыстыру арқылы тауарлар мен қызметтерді өндіру және  өткізумен өз мүдделерін жүзеге асыратын дербес шаруашылық субьект.Фирманың нарықтық экономикадағы рөлі оның атқаратын қызметтерімен байланысты.Фирмалардың мақсатты функциясы табысты максималдау болып табылады.Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді. Нарықтық экономиканың субьектілері болып жекеленген меншік

25. Жеке кәсіпкерлік оның түрлері

Жеке кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкерлігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі — капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды түлға болмайды. Сондықтан ол тектабыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кен. тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.Жеке кәсіпкерлік субъектісі дег – заңды тұлғалардың қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке тұлғалар. Жеке кәсіпкерлік жалғыз адам болуы немесе біріккен адамдар болуы да мүмкін. Жеке меншік кәсіпкерлікте жеке адамның өз - өзінің жеке мүлкімен жауап береді. Ал біріккен кәсіпкерлік бірнеше адамдардың өз мүлкі арқ жауапкер/мен бірігіп кәсіпкерлікпен шұғылд.
ҚР жеке кәсіпкерлік түрлерін схема түрінде көрсетуге болады:

Жеке кәсіпкерлік түрлері:

Жеке - жеке азаматтар өз меншігіндегі мүлік негізінде жауап береді

Біріккен - ерлі зайыпты адамдардың бірге меншігіндегі пайдаланатын мүлкі негізінде отбасы кәсіпкерлігі:

тұрғын үйге біріккен меншігі

шаруа қожалығын бірігіп ашу негізінде

Жай серіктестік, әрқайсысының өз меншігінен үлесін қосу арқылы

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде ең көп тараған түрі жеке кәсіпкерлік болып табылады. Бизнестің бұл түрімен айналысу арзан, әрі қарапайым, себебі:

– біріншіден, құрылтайшылық құжаттар дайындау қажет емес;

– екіншіден, егер әріптестер анықталмаса, жұмысты өз бетімен бастауына немесе патент алуына болады;

– үшінші, мемлекеттік тіркеу және басқа мөр, бухгалтерлік есебін дайындау айтарлықтай күрделі емес;



– төртінші, I, II, III топтағы мүгедектер мен оралмандар (азаматтығын алғанша) ұйымдастырған шаруа қожалықтары мемлекеттік тіркеуден тегін өтеді.

26.Кәсіпкерлік ұғымы, мақсаты және қызметтері

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «КӘСІПКЕРЛІК» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері. 
Кәсіпкерліктің негізгі белгілері: 
• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі;
• экономикалық мүдделілігі;
• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі;
• белсенді ізденуі;
• жаңалықтығы. 
Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер. 
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар. 
Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері: 
1. Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді. 
2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді. 
3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді. 
4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады. 

27. Нарықтық экономикадағы шағын және орта бизнестің рөлі.

Фирма-өндіріс факторларын жоспарлы қиыстыру арқылы тауарлар мен қызметтерді өндіру және  өткізумен өз мүдделерін жүзеге асыратын дербес шаруашылық субьект.Фирманың нарықтық экономикадағы рөлі оның атқаратын қызметтерімен байланысты.Фирмалардың мақсатты функциясы табысты максималдау болып табылады.Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді. Нарықтық экономиканың субьектілері болып жекеленген меншік

28 Фирма шығындары және оның түсінігі

Фирма-өндіріс факторларын жоспарлы қиыстыру арқылы тауарлар мен қызметтерді өндіру және  өткізумен өз мүдделерін жүзеге асыратын дербес шаруашылық субьект.Фирманың нарықтық экономикадағы рөлі оның атқаратын қызметтерімен байланысты.Фирмалардың мақсатты функциясы табысты максималдау болып табылады.

Шығындар – меншіктегі өндіріс факторлары үшін төлем.

Фирманың өндіріс шығындары – өндіріс үрдісі жүзеге асырылғанда пайда болатын, өндіріс аясында қолданылатын өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары.

Бухгалтерлік шығындар – фирма қызметінің есепті кезеңінде орын алатын өндірістің нақты шығындары.

Айқын шығындар – өнімнің өзіндік құны, көзге көрінетін шығындар.

Айқын емес шығындар – жіберіп алған мүмкіндіктер шығындары, көзге көрінбейтін шығындар.

Көзге көрінетін ж/е көрінбейтін шығ – экономик шығындар

Өндірістің бухгалтерлік шығындар:

Тұрақты шығындар – өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар.ҒС ТС=ҒС+VC

Өзгермелі шығындар – өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін шығындар.VC ТС=ҒС+VC

Шектік – өнімнің әрбір қосымша өнім бірлігін өндіруге кеткен қосымша шығындар. МС= TC/ Q



29. Өндірістік шығындар жіктемесін анықтаңыз, топтамалары бойынша формулаларын көрсетіңіз.
Шығындар – меншіктегі өндіріс факторлары үшін төлем.

Өндіріс шығындары - өндіріс үрдісі жүзеге асырылғанда пайда болатын, өндіріс аясында қолданылатын өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары.



Өндіріс шығындары→экономикалық шығындар→бухгалтерлік (айқын), ресурстың балама құны (айқын емес)

Бухгалтерлік (айқын)→қысқа мерзімді → жалпы шығындар (тұрақты және айнымалы)

Ресурстың балама құны (айқын емес) → ұзақ мерзімді → жалпы шығындар (тұрақты және айнымалы)

Формулалар:

Жалпы шығындар: TC=FC+VC (FC-тұрақты шығындар, VC-өзгермелі шығындар).

TC=PKxK+PLxL, TC=RxK+WxL. (K, L – капитал және еңбек мөлшері, PK(К), PL(W) – капитал және еңбектің бағалары).

Орташа шығындар: ATC=TC/Q (TC-жалпы шығын, Q-өнім көлемі)

ATC=AFC+AVC (AFC-орта тұрақты шығын, AVC-орта өзгермелі шығын)

AFC=FC/Q, AVC=VC/Q (FC-тұрақты шығындар, VC-өзгермелі шығындар).

Шектік шығындар: MC=∆TC/∆Q

MC=∆VC/∆Q.
30. Табыс ұғымы, мәні және оның түрлері жайында айқындаңыз.

Табыс өткізілген, сатылған, жеткізілген өнім үшін, көрсетілген қызмет үшін, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын тарату нәтижесінде шотқа келіп түскен ақшалай түсім мағынасында кеңінен қолданылады. Тындырылған қайсыбір істің нәтижесінде түскен нәрсені, келген пайданы да табыс деп атайды. Табыс түрлері: жалпы, орташа, шекті.

Жалпы-барлық өндірілген өнімді сатудағы түскен түсімнің жалпы соммасы. TR=PQ

Орташа-жалпы табысты сатылған өнім бірлігіне қатынасы. AR=TR/Q

Шекті-шығарылатын өнім санын қосымша бірлікке арттырғандағы түсімнің өсуі. MR=∆TR/∆Q

Фирманың табысы — өнімді сатудан түскен табысы, басқадай өткізуден алынған табыс, өткізуден тыс операциялардан алынған табыс (шығыстарды алып тастағандағы).

Өнімді сатудан түскен табыс — өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім, қосылған құн салығы, акциздер, өнімнің өзіндік құны.

Басқадай өткізуден алынған табыс – негізгі қорларды және басқа да мүліктерді, қалдықтарды, т.б. сатудан түскен табыс.

Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс – құнды қағаздар дивидендтері, жалға алғаны үшін төлем, өсімақы, тұрақсыздық ақы, айыппұл т.б.

Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты – бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару.

Фирманың жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендігі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

Жиі қолданылатын таза табыс ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саалады.

34. Пайда түсінігі және оның түрлерін атаңыз. Фирма пайдасы.

Пайда және оны белгілейтін факторлар - Нарық экономикасының құндық инструменттерінің жалпы жүйесінде пайда маңызды орын алады. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық төуелсіздігіне кепілдік береді. Нарық жағдайында пайда нені, қалай және қандай көлемде өндіру керек деген мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтан өндірілген (сатылған) тауарлар мен қызметтердің саны қанша және олардың бағасы қандай болғанда барынша мол пайда түседі деген сауал өндірушілерді ынталандырады Пайда теориясы классикалық мектеп қалыптасқаннан бері, барлық ірі экономистердің оқулықтарынан орын алған.


XX ғасырда экономикалық ғылымдағы пайда жөнінде мынадай негізгі теорияларды атауға болады:

Өндіргіш капитал теориясы пайданы өндірістің қандайы болмасын. соның міндетті түрдегі факторы болып табылатын капитал әрекетгерінің нәтижесі дейді;

Ұстамдылық теориясы. Бұл теория пайда өз капиталын тұтынуды кейінге калдырғаны үшін, өндіріске жұмсаған қаражаттардың тиімділігін күтудегі қауіпке тәуекелділік жасағаны үшін, капиталистерге сыйлық болып табылады дейді.

пайда кәсіпкерлік іс-әрекеттердің барлық түрлерінен түсетін еңбекке сәйкес табыс;

пайда монополияның болуының нәтижесі.

Осы аталған теориялардың ортақ көрсеткіші — ол пайданың көзін кәсіпкердің іс-өрекетінің нәтиж деп тану.


Фирманың пайдасы белгілі қызметтер атқарады:

бөліп тарату — орындауға арналған бағдарлама  мен стратегияларды қаржыландыру мақсатымен ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың оптималдық құрылымыы қолдау, банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету;

ынталандыру-өндіріс  шығынд/н төмендету, инновация мен техн жаңалықтар енгізу.

Пайданы алдымен тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндіру үшін жұмсалған шығындардың айырмасы деп қарауға болады. Пайданың мынадай түрлері бар:

бухгалтерлік пайда — сыртқы шығындарды өтеген соң, яғни жеткізушілерге ресурстар үшін төлем жасаған соң, жалпы ақша түсімінен қалған табыстың бөлшегі;

экономикалық (таза) пайда — фирманың жалпы табысынан барлық шығындарды (сыртқы, ішкі) алып тастағаннан соң калғаны;

баланстық пайда — өнімді өткізуден түскен түсім мен материалдық шығындар, амортизация және жалақы сомасының айырмасы. Кейде баланстық пайданы жалпы пайда деп атайды. Өйткені осы пайда кәсіпорын құралдарын бөліп жөне пайдаланудың көзі болып табылады.

Осымен қатар, экономикалық әдебиетте жалпы, әдеттегі, шекті, барынша мол пайда деген түсініктер бар.


Экономикалық бағытта сатудан түскен ақша түсімі мен жіберіп алған мүмкіндіктердің шығындары арасындағы айырмадан пайда болғанда, фирма жалпы табыс пен жалпы шығындарарасындағы айырмасын барынша көп етуге тырысады. Есте болатын жағдай — өнімнің әр қосымша бірлігін ондіру жалпы шығындарды өсіреді (МС шекті шығындар көлеміне) және жалпы ақшалай түсімді (MR шекті ақша түсімінің колеміне) арттырады. Егер фирма өндіріс көлемін өсірсе жалпы пайда өседі, бірақ ол белгілі бір шекке жеткенше — шекті ақшалай түсім шекті шығындардан артық болғанша өседі. Шекті шығындар шекті ақшалай түсімнен арта бастаса пайда төмендейді. Сондыктан пайданың бірінші шарты: шекті ақшалай түсім шекті шығындарға тең болуы керек:
35. . Еңбек ақы формалары, мәніне талдау жасаңыз

Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

Экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: 1. Еңбекақы еңбек бағасы, оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар – сұраныс пен ұсыныспен анықталады. 2. Еңбекақы жұмыс күші – тауардың құнының ақшалай көрінісі, еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, рыноктық факторлар – сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.

Еңбекақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның классиктері А.Смит пен Д.Рикардоның теорияларына негізделген.

Еңбекақының негізгі екі типі бар: номиналды және нақты. Номиналды еңбекақы ақшаға шағып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алады. Өнеркәсібі дамыған елдерде номиналды еңбекақының өсу үдерісі байқалады. Нақты еңбекақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді.

Еңбекақының мөлшері жұмысшының еңбек өнімділігіне, өнім сапасына, шикізатты үнемдеу, жабдықтарды пайдалану коэффициенті және т.б. көрсеткіштеріне тәуелді.

Жалпы еңбекақының экономикалық мәні мен қызметтері өте көп. Себебі, еңбекақы деңгейі арқылы сол елдің халқының тұрмыстық деңгейін, кәсіпорындардың жағдайын, халықтың менталитетін, тұтынушылардың талғамын, жұмыссыздық және жұмысбасты халық деңгейін көруге болады. Сондай-ақ, еңбекақы – ынталандыру, жұмыссыздықты азайту, экономикалық активті халықты көбейту, адамдардың мамандану дәрежесінің өсуі сияқты қызметтер атқарады.

36. Ұдайы өндіріс және оның типтеріне тоқталыңыз.

Өндіріс адам өмірінің және қоғамның негізі болып табылады. Өндіріс адамның табиғатқа деген ықпал ету үдерісін білдіреді. Өндірістің түпкі нәтижесі болып табылатын қоғамдық өнім және оның қозғалысы негізгі 4 сатыдан өтеді: 1) өндіру – пайдалы өнімдерді, материалдық және рухани игіліктерді жасау үдерісі. 2) бөлу – өндірілген өнімде әрбір адамның үлесін анықтау. 3) айырбастау – бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау үдерісі. 4) тұтыну – жасалған игілікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану.

Қоғамдық өндіріс 2 бөлінеді:1. Материалдық өндіріс, бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, су шаруашылығы және басқалары жатады. 2. Материалдық емес өндіріс, бұған денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, басқару органдары және басқалары жатады.

Қоғамдық өндіріс үнемі үздіксіз жаңартылып отырады, ол үдерісті ұдайы өндіріс деп атайды. «Ұдайы өндіріс» терминін эк/лық ғылымда алғаш рет физиократтар енгізген болатын.

ҰӨ-ті келесідей өлшемдері бойынша бөлуге болады: 1) алынған табысты қолд/дың сипатына байланысты; 2) өндіріс факторларын қолд/дың саны мен сапасына байл. Бірінші өлшемі бойынша қоғамдық ұдайы өндірістің жай, тарылған және ұлғаймалы деген тұрпаттарын көрсетуге болады. Жай ұдайы өндіріс – бұл өндірістің жыл сайын бұрынғы, өзгеріссіз ауқымын қайталап отыру. Бұл қоғамның барлық өндірілген өнімді тұтынуға жұмсайды, ал өндірістің өзі бұрынғы көлеммен және шамамен жаңартылып отырады дегенді білдіреді. Жай ұдайы өндіріс қоғам дамуының артта қалуымен, жабық жүйе бойынша ғылыми-техникалық ілгерілеудің төмен қарқынымен және техниканың дамуының төменгі деңгейімен түсіндіріледі. ҰҰӨ – бұл өндіріс үдерісінің жыл сайын кеңейтілген ауқымында жаңарып отыруы.ҰҰӨ-тің дамуы қоғамның капитализмге өтуімен байланысты орын алды, яғни мұндағы негізгі мақсат болып пайда табу табылады. Мұнда алынған табыс тауар өндірушілердің тек жеке тұтынуларына ғана емес, сонымен қатар, оның бір бөлігі қосымша өндірістік ресурстарды сатып алуға да жұмсалып отырады. Өндіріске қосымша ресурстарды тарту есебінен ғана келесі өндірістің деңгейі кеңейтілген өлшемінде жаңартыла алады. Ұлғаймалы ҰҰӨ-тің әрбір жаңа ұдайы өндірушілік кезеңінде аса жоғары (алғашқыларымен салыстырғанда) деңгейде жаңарып отыруын білдіреді. Осыған байланысты, нәтижесінде адамдардың тұтынудың аса жоғары дәрежесіне өтуі және қоғамның әл-ауқатының өсуі қамтамасыз етіледі.

2-нші өлшеміне сәйкес, экономикалық теорияда ұдайы өндірістің экстенсивті, интенсивті және аралас типтері орын алады. Экстенсивті ҰӨ – бұл бұрынғы техн/лық негізін өзгертпей қосымша ресурстарды тарту есебінен өндіріс ауқымын кеңейту үдерісі. Экстенсивтендірудің бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады: жұмысшылар санын арттыру, жұмыс күнін создыру, инвестициялар мен капитал салымдары көлемін өсіру, жаңа жер телімдерін игеру, шикізат өндіруді арттыру және т.б. Ұдайы өндірістің таза экстенсивті типінің болашағы болмайды, себебі ол ресурстардың шектеулілігі мәселесімен соқтығысады. Сәйкесінше, осындай ұдайы өндіріс өздігінше экономикалық үлгі болып табылады және экстенсивті ұдайы өндірістің классикалық түрі орын алмайды. Интенсивті ұдайы өндіріс – техника мен технологияны сапалы түрде жақсарту есебінен өндіріс көлемін ұлғайту үдерісі. ҰӨ-тің мұндай типі үшін мынадай жолдар тән: техниканы жаңарту, барлық ресурстарды аса тиімді қолдану, материалдық ресурстарды үнемдеу, жұмыскер кадрлардың біліктілігін көтеру, еңбек тәртібін нығайту, басқаруды жетілдіру, ғылым мен инфрақұрылымды дамыту, т.б.

37.Ұлттық экономика мазмұны, мәні және мақсатына то

Ұлтық экономика – белгілі бір мемлекеттің аймағында шоғырланған қоғамдық шаруашылық жүйе, яғни елдің ұлттық шаруашылығы.

Ұлттық экономика өндіріс шарттары мен оның нәтижесінің арақатынасын көрсетеді. Ұлттық экомика біртұтас жүйе ретінде өндіргіш күштердің белгілі бір даму деңгейінде, яғни еңбек бөлінісінің және сәйкесінше өндіру, бөлу, тұтыну,айырбастау үдерісінің жекелеген қатысушылары арасында еңбек өнімдері айырбасының жеткілікті тереңдігі жағдайында қалыптасты.

Ұлттық экономиканың негізі – ұлттық шаруашылықты басқарудың экономикалық және экономикалық емес әдістерінің арақатынасымен сипатталатын әлеуметтік-экономикалық жүйе. Экономикалық әдістерде жекеменшік және бәсекелестік анықтаушы болса, ал экономикалық емес қатынастар жүйесінде мемлекеттік билік анықтаушы болып табылады.

Ұлттық экономиканың жүйелік қасиеттері:

Біртұтастық. Кез келген экономикалық субъекті құрылымының, байланыстарының, мінез-құлқының өзгеруі өзге барлық экономикалық субъектілерге әсерін тигізеді, және тұтас алғанда жүйені де өзгертеді.

Иерархиялық. Ұлттық экономика ішкі жүйе ретінде жоғары реттегі жүйе әлемдік экономикаға кіреді,ал оның әрбір компоненті өз кезегінде жүйе болып табылады.

Интеграциялық. Ұлттық экономиканың интеграциялылығы оның компоненттерінде жоқ қасиеттерінің болуымен сипатталады.

Ұлттық экономика субъектілері: үй шаруашылығы, фирма, мемлекет.

Үй шаруашылығы – жеке қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған қызмет, көбінесе өнімді өндіруде жеке қажеттілігін өтеу мақсатында өндіреді. Фирма бұл пайда, табыс табу мақсатында пайдаланады. Мемлекет адамдар арасындағы қатынастарды, заңдылықтарын қадағалайды. Қауіпсіздік мәселелер, әлеуметтік реттеу, құқықтық қамтамасыз ету шаруаларын жүзеге асырады және үй шаруашылығы мен фирманың заңды қатынастарына ықпал етеді.

38. Ұлттық есеп жүйесі. Макроэкономикалық көрсеткіш

. Ұлттық есептеу жүйесі. Шығындар мен табыстар арқылы есептеу маңыздылығын табыңыз.

Дүниежүзілік тәжірбиеде ұлттық экономикадағы шаруашылық нәтижелерін сипаттау мақсатында макростатистикалық модел – ұлттық есеп жүйесі қолданылады.

Ұлттық есеп жүйесі – елдегі экономикалық үдерістердің нәтижесін, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланыстарды сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің жүйесі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастырылуға, тұжырымдарға және есепке алу ережелеріне негізделген. Ұлттық есептің стандартты жүйесі БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы ең алғаш құрып, әлем тәжірбиесінде 1953 жылдан бастап қолданылуда. Ұлттық есеп жүйесінің құрылуына және оның дамуына Р.Стоун, Дж.Хикс, П.Хилл, Нобель сыйлығының лауреаттары Я.Тинберген, Р.Фриш, В.Леонтьев үлкен үлестерін қосты.

Қазіргі ұлттық есеп жүйесі – бұл көрсеткіштерді есептеу үшін қолданылатын баланстық экономикалық кестелер жиынтығы ғана емес, бұл өнімдердің ағымын, өндірістен түскен кірістер мен олардың соңғы қолданысын, құнның бір саладан екінші салаға ауысуын көрсететін модель.

ҰЕЖ – жан-жақты жүйе, оны әртүрлі салалардың міндеттерін шешу үшін қолдануға болады. Ол елдің макроэкономикалық көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштермен салыстыруға мүмкіндік береді. ҰЕЖ-нің негізгі көрсеткіштері – ЖІӨ мен қолда бар жалпыұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргізу.

Макроэкономикалық көрсеткіштерді атаңыз, ҰЖӨ дефляторын түсіндіріңіз.

Ұлттық экономиканың қызмет ету нәтижесін өлшеу үшін теория мен шаруашылық практикада әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұған жататындар:

Жалпы қоғамдық өнім - ЖҚӨ

Түпкі қоғамдық өнім – ТҮҚӨ

Таза қоғамдық өнім – ТҚӨ

Таза ұлттық өнім – ТҰӨ

Жалпы ішкі өнім – ЖІӨ

Ұлттық табыс – ҰТ

Жеке табыс – ЖТ

Жалпы ұлттық өнім - ЖҰӨ

Арадағы өнім – АӨ.

Жалпы ішкі өнім – елдің аумағында орналасқан барлық отандық және шетелдік өндірушілердің бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.

Жалпы ұлттық өнім – тек осы мемелекеттің аумағында орналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі сомасы.

Таза ұлттық өнім – жалпы ішкі өнім мен амортизацияның айырмасы. ТҰӨ=ЖҰӨ-А

Ұлттық табыс – таза ұлттық өнім мен жанама салық айырмасы. ҰТ=ТҰӨ - жанама салықтар немесе ҰТ=ЖҚӨ – МШ, МШ – материалдық шығындар

Жеке табыс = ұлттық табыс-әлеуметтік сақтандыру жарнасы-корпорациялар табысына салық-корпорациялар пайдасын қайта бөлу-транспорт төлемдері + дивиденттер+алынған пайыздар. ЖТ=ҰТ – С+Т, С-салық, Т-төлем

Қолда бар табыс = жеке табыс – жеке табыс салығы.

39. Ұлттық байлық және ұлттық табыс

Ұлттық байлық -белгілі бір уақыт мерзіміндегі қоғамның бүкіл осы мерзімге дейінгі дамуы кезеңіндегі адамдардың еңбегімен жасалған материалдық игіліктерінің жиынтығы.

Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.

Ұлттық байлық - бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі..

Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай -- ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.

Ұлттық байлық өзінің қолданылуы бойынша былай бөлінеді:

а) өндіріс -- құрал жабдығына (еңбек құрал -- сайманы, шикізат, материал мен табиғи ресурстар және

ә)тұтыну заттарына (тамақ, киім, тұрғын -- жай және т.б.), ал өзінің туу тегіне қарай қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал -- сайманын, шикізат, материал мен тұтыну құрал -- жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға (жер, су байлығы, орман және т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамыса, онда оның материалдық  негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.

Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар. Елдерге материалдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар.

Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды. Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген және өндіріс процесіне тартылған ресурстар қоры енеді - пайдалы қазбалар, орман, су, гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұра - жай экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады.

Ұлттық байлықтың ең маңызды элементіне өзінің құрамы мен жеке салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз, оның үлесіне ұлттық байлықтың жартысынан астамы тиесілі болады. Ол өз бойына халық шаруашылығының  өндірістік және өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың өз басының мүлкін енгізеді.

40.Экономикалық циклдар түсінігі және экономикалық дағдарыстың түрлерін атаңыз.

Экономикалық цикл дегеніміз – экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмысбастылық, табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Экономикалық цикл теориясы қоғамның белгілі бір уақыт аралығындағы экономика белсенділігінің кезеңдік ауытқуы мен тұрақсыздығының себептерін талдайды.



Экономикалық цикл параметрлері: проциклдік, контрциклдік, ациклдік.

Проциклдік параметр жандану фазасында өсуі, құлдырау фазасында төмендейді.

Контрциклдік параметр құлдырау кезінде жоғарылап, өрлеу кезінде төмендейді.

Ациклдік параметрге экономикалық цикл фазаларымен сай келмейтін параметрлер жатады.

Цикл фазалары: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу





Экономикалық цикл типтері

Дж. Китчин

2-4 жыл

К. Жугляр

7-12 жыл

С. Кузнец

16-25 жыл

Н.Д. Кондратеьв

40-60 жыл

Форрестерлік циклдер

100 жыл

Тофферлік циклдер

Мың жылдық


Құлдырау: өндіріс көлемінің қысқаруы, жалақының төмендеуі, жұмыссыздық көбеюі, пайыз мөлшерлемесінің көтерілуі, банк,кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырай беруі, елдегі экономикалық – әлеуметтік жағдайдың нашарлауы.

Тоқырау: өндірістің, бағаның төмендеуінің, тауарлардың босалқы қорларының өсуінің тоқтатылуы, кәсіпкерлік сектордың жаппай банкроттыққа ұшырауы, жаппай жұмыссыздық, өте төмен жалақы, пайыз мөлшерлемесінің төмен деңгейі, экономика тоқырауы, іскерлік белсенділік негізінде қалыптаса бастауы.

Жандану: өндіріске инвестициялар келе бастайды, іскерлік белсенділіктің жандана бастауы, жұмыссыздықтың азая бастауы, бағалардың көтеріле бастауы, өндіріс көлемінің өсуі, экономиканың бұрынғы шың деңгейіне жетуі.

Өрлеу: Бағалардың едәуір өсуі, жұмыссыздықтың азаюы, шамадан тыс жұмыспен қамтылу, жалақының жоғары деңгейі, несиеге сұраныстың артуы, тауарлардың артық өндірілуінің ұлғаюы.

Экономикалық дағдарыс түрлері: алдын-ала, белгілі, кездейсоқ, анық, жасырын, терең, жеңіл, саяси, ұйымдық, психологиялық, технологиялық, табиғи, экологиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет