«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша



бет2/3
Дата01.04.2017
өлшемі0,53 Mb.
#13299
1   2   3


1.3. Курстың міндеті:

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнін оқудың негізгі міндеті студенттерге нарықтық экономика шарасында әртүрлі қызметтер саласын жалпы мемлекеттік реттеудің, жекешелендіру мен ұлттандырудың, мемлекеттің әлеуметтік саясатының механизмі, тікелей мемлекеттік реттеудің қаржы-экономикалық құралдары туралы білім беру болып табылады.


1.4. Пәнді оқу барысында студент:



  • Мемлекеттің нарық негізінде қалыптасатын экономикалық қатынастарға белсенді қатысушылардың бірі ретінде іс-әрекетіне көзқарастарды қалыптастыруы қажет.

  • Негізгі мәселелер мәнін анықтап және оларды шешуде әртүрлі бағыттарға бағдар жасай алуы қажет.

  • Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен механизмін білу керек.

  • Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні, әдістері және принциптерімен танысуы керек.

  • Курсты оқу нәтижесінде нарықтың қызмет ету жағдайында басқару шешімдерін қабылдаудың тәжірибелік дағдысын үйренуі қажет.



1.5. Курстың пререквизиттері.


  • Экономика негіздері

  • Экономикалық теория

  • Экономикалық ілімдер тарихы

  • Микроэкономика

  • Макроэкономика

  • Экономикалық саясат


1.6. Курстың постреквизиттері:





  • Мемлекеттік және муниципалды қаржы

  • Салықтар және салық салу

  • Мемлекет және бизнес

  • Қазақстан экономикасын басқару

  • Инвестициялық әріптестік

  • Халықаралық экономика

  • ЕуразЭҚ шеңберіндегі халықаралық қатынастар




        1. Пәннің мазмұны және сабақ бойынша сағат бөлу

Кесте 1



Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

Модуль 1. ЭМР мәні, мақсаттары, объектісі мен әдістері

Дәріс

Сараман

дық


ОБСӨЖ

СӨЖ

1.

ЭМР теориялық аспектілері

4

2

6

6

2.

ЭМР-ге әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері

4

2

6

6

3.

Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы

4

2

6

6

4.

Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде

4

2

6

6

Модуль 2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары













5

Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері

4

2

6

6

6.

Экономиканы ақша-несиелік реттеудің негізгі механизмдері

4

2

6

6

7.

Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.

4

2

6

6

8.

Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі.

4

2

6

6

9

Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері


4

2

6

6

Модуль 3. ҚР әлеуметтік саясатының ерекшеліктері













10

Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

4

2

6

6

11

Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру

4

2

6

6

12

Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау

4

2

6

6

13

Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі

4

2

6

6

14

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу

4

2

6

6

15

Аймақтардың әлеуметтік -экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

4

2

6

6




Барлығы

60

30

90

90



Кесте 2-Семинар сабақтарының және студенттерге тапсырмалардың мазмұны


Дәріс тақырыбының атауы, олардың қысқаша мазмұны

Сағ.

саны

Семинар сабағының тапсырмалары, тақырыбы

Сағ.

саны

Модуль 1. ЭМР мәні, мақсаттары, объектісі мен әдістері










Т1. ЭМР теориялық аспектілері

4

Т1. ЭМР теориялық аспектілері1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің мазмұны.

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзгеру тенденциялары

3. ҚР жағдайында мемлекеттік реттеу субъектісінің құрылымы мен ерекшеліктері.


2

Т2. ЭМР-ге әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері

Ұдайы өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланысы. Жиынтық сұраныс пен ұсыныс, олардың өзара байланысы. Ресурстар динамикасы мен экономикалық өсудің концептуалдық негізі. Акселератор , мультипликатор түсініктері және олпардың ЭМР-дегі рөлі. Мемлекеттік реттеу жүйесінде экономика ғылымының негізін жүйелендіру арқылы оның тұжырымдамаларын ұтымды пайдалану. ЭМР әдістемесі және оны әрдайым жетілдіріп отырудың қажеттілігі. Экономикаға тура және жанама әсер ету әдістері. Мемлекеттің экономикалық қызметтері. Экономикаға мемлекеттің араласу шегі. ЭМР-дің әкімшілік, экономикалық, құқықтық әдістері. Экономиканың дамуына мемлекеттің әсер етуінің тетіктері, жанама және тікелей әсер ету құралдары. Экономиканы ұзақ-орта-қысқамерзімді реттеудің әртүрлі құралдарының үйлесуі.




4

Т2. ЭМР-ге әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері

1.Меркантелизм мемлекеттің экономикалық рольі туралы.

2. Неоклассикалық жүйедегі мемлекет.

3. Экономиканы реттеудің кейнсиандық теориясы

4. Қазіргі заманғы экономикалық мектептердің экономикадағы мемлекеттің ролі туралы ойлары.

5.ЭМР әдістерінің артықшылығы мен кемшілігі



2

Т3. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы

Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері. Мемлекеттік экономикалық қызметтерін құқықтық негізбен қамтамасыз ету. ҚР Конституциясы ЭМР-ді ұйымдастырудың негізі ретінде. Республиканың өкілетті, заң шығарушы және атқарушы органдарының жүйесі және олардың экономиканы мемлекеттік реттеу үдерісінде алатын орны. ҚР-сы экономикасын басқару органдарының ұйымдық құрылымы. Халық шаруашылығын басқарудың орталық органдарының негізгі функционалды міндеттері. Аймақтық басқару органдары және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеудегі ролі. Мемлекеттік ЭМР қажеттілігінің факторлары. Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен бағыттары.



4

Т3. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы

1.ЭМР қажеттілігі

2. ЭМР әдістерінің эволюциясы

3. Мемлекеттің экономикалық қызметтері.

4.Экономиканы реттеудің әкімшілік шараларының жүйесі.


2

Т4. Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде

Экономикалық болжаудың мәні және ғылыми методологиялық негіздері.

Болжаудың қағидалары мен әдістері. Халық шаруашылығын кешенді болжауды әзірлеуді ұйымдастыру және оның теориялық негіздері. Болжаудың әзірлеу мерзімі, функционалдық блоктары мен ірілендіру деңгейіне байланысты түрлері.

Мемлекеттің ұлттық бағдарламалары экономиканың басыңқы бағыттары мен дамуының мемлекеттік стратегиясын іске асыру негізі мен халық шаруашылығы жоспарының құрамды бөлігі ретінде.

Бұл бағдарламаны әзірлеу және бекіту. Экономиканы орта мерзімді стратегиялық даму жоспарларының мәні, ғылыми негізі мен белгілері.

Экономикалық өндірістік инфрақұрылымдық салаларының дамуының стратегиялық орта мерзімді жоспарлау, оның негізгі әдістері.

Білім берудің, денсаулық сақтаудың, медениеттің негізгі көрсеткіштері және оларды дәлелдеу әдістері.


4

Т4. Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде

1.Болжаудың қағидалары мен әдістері.

2. 1991- 2011 жж. мемлекеттің ұлттық бағдарламалары

3. Стратегиялық жоспарлау методологиясының түсінігі.

4. Әлеуметтік сфераның дамуын жоспарлау негіздері.


2

Модуль 2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары






2

Т5. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері

Бюджет жүйесінің қалыптасуы. Бюджеттің негізгі сипаттамасы. Экономикалық өсуге мемлекеттік шығындардың әсері және экономикадағы құрылымдық өзгерістер. Бюджет жүйесінің деңгейлері. Аумақтық бюджеттердің қалыптасуы мен қызметтері. Мемлекеттің фискалды саясатының негізгі мақсаты: салық-бюджет құралдарын тиімді пайдалану. Салық саясатының принциптері мен салық жүйесі. Лаффер қисығы. Салық жүйесінің экономикаға әсерінің құралдары.






Т5. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері 1.Бюджет және оның экономиканы реттеудегі ролі.

3. Даму бюджеті. Бюджет жүйесінің деңгейлері

4.Елдің салық жүйесінің мазмұны.

5. Салық жүйесінің экономикаға әсерінің құралдары.

6. ҚР салық жүйесін реформалаудың перспективалары.


1

Т6. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің негізгі механизмдері

Ақша нарығы және мемлекеттің ақша саясаты. Елдің ақша жүйесі және оның негізгі компонеттері. Экономикадағы ақша ұсынысына Ұлттық Банктің әсер ету механизмі мен құралдары.ҰБ қолданатын экономиканы реттеудің құралдары: есептік ставка, міндеті резервтер саясаты, депозиттік және валюталық саясат.Коммерциялық банктердің қызметін реттеу. Лицензиялар түрлері. Коммерциялық банктердің қызметінің экономикалық нормативтері.




4

Тақырып 6. Экономиканы ақша-несиелік реттеу

1.Экономикадағы ақша сұранымы мен ұсынымына Ұлттық Банктің әсер ету механизмі мен құралдары.

2. Коммерциялық банктердің қызметін реттеу.

3.Валюта бағамын реттеу әдістері.



2

Т7. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.

Мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыру негіздері мен факторлары және оның әлеуметтік бағытталуы. Қоғамдағы өндіріс: көрсеткіштері, өсу қарқыны және құрылымдары. Мемлекеттің құрылымдық саясатының қажеттілігі мен негіздемесі.

Өндірістік бағдарламаларды әзірлеу принциптері. Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі мен олардың өзара байланысы.

Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекет іс –әрекетінің негізгі бағыттары. Экономикалық өсу үлгілерін салыстыру. Ағымдар мен запастар, оларды реттеуде Үкіметтің рөлі.

Мемлекеттік индустриалдық және аграрлық саясатының қалыптасу ерекшеліктері.

Салалардың басыңқылығын анықтаудың ұйымдастырушылық әдістемелік астары.




4

Тақырып 7. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.

1.Макроэкономикалық тұрақтылық және оған қол жеткізудегі мемлекеттік шаралар.

2.Экономикалық өсуді:факторлары, көрсеткіштер және оларды анықтау әдістері.

3.Өндіргіш күштерді ұтымды орналастыру проблемасы және оны шешу барысында мемлекет мүддесін есепке алу.

4. Экономикалық өсуге мемлекеттік шығындардың әсері және экономикадағы құрылымдық өзгерістер.


2

Т8. Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі.

Экономикалық басқарудың маңызды тапсырмасы- қоғамның ғылыми- техникалық потенциалын арттыру. Ғылыми- техникалық прогрестің (ҒТП) әлеуметтік- экономикалық астары мен оның негізгі бағыттары.

ҒТП- ті жеделдету және оның тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі. Ғылыми- зерттеу, жобалау- іздену және тәжірибелі құрастыру жұмысын тікелей қаржыландыру көздері мен шарттары. ҒТП- ті несиелік және салықтық реттеу механизмдерінің маңызы.

Ғылыми және ғылыми- техникалық дамудың басыңқылықты бағыттарын ұлттық мүддеге, елдің әлеуметтік- экономикалық даму сұраныстарына сәйкес мемлекетті қолдау және ынталандыру. Ресурстарды басыңқылықты ғылыми бағыттарға шоғырландыру. Ғылыми және техника бойынша мемлекеттік тапсырысты конкурстық негізде қалыптастыру және орналастыру, ғылыми- техникалық саясаттың қалыптасу және жүзеге асу барысында ғылым мен ғылыми- техникалық саясат саласында мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастықтың өзара байланысын демократияландыру және қамтамасыз ету. Ғылыми-техникалық шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету, ғылыми қызметкердің еңбек жағдайын жақсарту. Ғылыми- техникалық саясаттың негізгі мақсаттары: өмір сүрудің сапасын арттыруға бағытталған зерттеуді дамыту, ғылымсиымды, ресурс үнемдеуші, экономикалық таза өндірісті әзірлеу, экономикалық шикізатты бағытын сатылап азайту және сапалы бәсекеге қабілетті түпкілікті өнім шығаруға бағыт алу.




4

Т8. Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі.

1.Өндірісті ұйымдастырудағы жаңа технологиялар.

2.Экономиканың нарықтық секторында инновацияларды мемлекеттік ынталандырудың жүйесін дайындау мен жүзеге асыру.

3.Мемлекетің бизнестегі роліне жаңа технологиялардың әсері.

4. Ғылыми- техникалық саясаттың негізгі мақсаттары


2

Т9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштері: ұдайы өндірісті реттеу, «мотор-салаларды» анықтау. Экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік реттеу іс-шаралары. Өнеркәсіптің тауарлық мамандануы. Өнеркәсіптік саясатты дайындау кезеңдері. Өнеркәсіптің технологиялық мамандануын дамытудың перспективалары. Өнеркәсіптік саясаттың аймақтық мәселелері. Инвестиция және инвестициялық концепция. Мемлекеттің инвестициялық саясатының өзгермелілігі мен оны қалыптастыру негіздері. Мемлекеттің инвестициялық іс – әрекетінің ең маңызды қағидалары.

Инвестициялық ресурстардың негізгі көздері мен оны ұтымды пайдалану проблемалары. Шетелдік инвестициялар мен ішкі инвестициық ресурстар арасындағы өзара қатынастардың тиімдісін таңдау. Инвестицияға сұраныс пен оған ұсыныс арасындағы тепе – теңдікке қол жеткізу механизмі.

Қазақстан инвестициялық қоры және инвестициялық іс – әрекетті мемлекеттік қор. Елде инвестициялық қолайлы климат қалыптастыру.

Шаруашылық субьектілерінің инвестициялық белсенділігін арттырудың ролі және оның механизімі. Инвестициялық жобаларды бағалау және мемлекеттің инвестициялық іс – әрекетінің ұзақ мерзімді бағдарламаларын жасақтау.

Инвестиция салудың басымдық бағыттары мен сфераларын мемлекет тарапынан анықтау. Өндірістік сфера мен инфра құрылым салаларын бірыңғай дамыту мүдделерін ескерту. Мемлекеттегі инвестициялық тартымдылық мәселесі: әлеуметтік саяси тұрақтылық, заң актілерін іске асыру, экономикалық реформаларды тереңдету бағытын ұстану, экономикалық байланыстар бойынша мемлекет аралық міндеттердің өз уақытында орындалуы және т.б.

Инвестициялық құрылыстық кешенін негізгі сандық – сапалық көрсеткіштерін және оларды негіздеудің әдістемесі. Күрделі қаржының технологиялық және ұдайы өндірістік құрылымы мен оның көрсеткіштерінің тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік шаралар.





Т9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

1.Инвестиция түсінігі, ұлғаймалы ұдайы өндірістегі оның орны мен ролі.

2.Экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру механизмі.

3.Бюджеттік инвестициялық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдары.

4.ҚР өнеркәсіпті қолдаудың жалпы және жекелеген экономикалық шаралары.

5. Мемлекеттің инвестициялық әлеуетінің тиімді пайдаланудың қаржы бюджеттік және ақша – несиелік тетіктері.






Модуль 3. ҚР әлеуметтік саясатының ерекшеліктері










Т10. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

Ауыл шаруашылығындағы жерлерді тиімді пайдалану проблемасы және оны өндірісті ұйымдастыру – технологиялық негіздерімен байланысы. Аграрлы сектордың көпукладтылығы және ауылдың интелектуалдық, материалды техникалық және жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі.

Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері және оның салалары дамуының басынқылығын ғылыми негіздеу. Мемлекеттің аграрлы секторға қолдау көрсетуі механизімдері мен оның болашақтағы дамуын реттеуі. Агроөнеркәсіп кешенінің секторлары арасындағы шаруашылық – экономикалықбайланыстарды нығайтудағы және олардың мүдделерін бір арнаға бағыттаудағы мемлекеттің атқаратын ролі.

Жерді пайдаланудың экономикалық және экологиялық тиімділігін арттырудағы және егін мен малшаруашылығын ғылыми технологиялық қамтамасыз етудегі мемлекет мүдделерінің шеңбері. Ауылшаруашылығы өнімі өндірісінің жоспарыл көлемін анықтауға мемлекеттік органдардың тигізетін әсері мен қолданатын әдістері. Аграрлы сектор өнімін тиімді өткізу мәселелері мен оның мемлекет тарапынан ынталандыру механизімдері.

Жерді ұтымды пайдаланудың экономикалық механизмдері және олардың кадастрлық бағалаудағы ролі. Жердің экологиялық жағдайын арттыру мен оның құнарлығын көтеру бойынша мемлекеттік ынталандыру механизмдері.


4

1.ҚР-ғы АӨК даму процесстерінің маңызды ерекшеліктері.

2. 20 ғ. 90-ж ҚР-ның аграрлық саласының дамуын сипаттайытн негізгі тенденциялар.

3.Ауыл шаруашылығындағы тұрақты ұдайы өндірістің қаржылық потенциалының сипаттамасы.


2

Т11. Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру

Бәсекелестік орта түсінігі мен негізгі көрсеткіштері. Заңсыз бәсеке түсінігі. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру процессін заңдылық реттеу. Монополияға қарсы заңдылық, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері. Қазақстандық монополияға қарсы реттеудің ерекшеліктері



4

Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру

1.Мемлекеттің монополияға қарсы саясатының мазмұны мен түрлері.

2.Тауар нарықтарын монополияландырудың негізгі әдістері және оны жою.

3.ҚР-ғы монополияға қарсы іс-әрекет..



2

Т12. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау

Қоғамның еңбек әлеуеті мен демографиялық жағдайы. Еңбек ресурстарының гендерлік және интеллектуалдық деңгейінің маңызы. Еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар жүйесі.

Жұмыссыздықтың түрлері мен негізгі себептері және оны төмендетудегі мемлекеттің іс – әрекеті. Еңбек нарығының қалыптасу процесімен оны дамытуға мемлекет тарапынан келу мәселесі. Еңбек өндірімділігі мен еңбекақы төлеудің өсім қарқынының ара қатынасына мемлекеттік әсер етудің механизмдері.


4

Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау

1.Әлеуметтік саясат және оның басымдықтары.

2.Тұрғындардың табыстары мен шығындарын реттеу.

3.ҚР әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу реформаларының негізгі бағыттары.

4.Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарының жұмыспен қамтылуына ықпал ету.


2

Т13.Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты дұрыс пайдаланудың әлеуметтік –экономикалық маңызы. Табиғи ресурстарды қорғауды және оның ұтымды пайдаланылуын экономикалық реттеу.Экодамудың мемлекеттік менеджмент стратегиясын қалыптастыру. Экодамудың институттары мен механизмдері.Негізгі стимулдар: мүмкіндіктері мен шектеулер. Дағдарыс жағдайында басқару және экология



4

Т13. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі

1. ҚР аймақтық экономикалық дамуының табиғи-ресурстық факторлары.

2.Аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешенінің дамуындағы табиғи ресурстардың ролі.

3.Экологиялық саладағы ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басымды бағыттары

4.Қазіргі кезеңде ҚР және оның жекелеген аймақтарында экологиялық жағдайды бағалау.


2

Т14. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу

СЭК МР түсінігі мен сипатамасы. СЭҚ реттеудің мақсаттары мен құралдары. СЭҚ ынталандыру. СЭ саясаттың мәні мен мақсаттары. СЭ саясаттың аймақтық компоненттері. Мемлекеттің төлем балансы-СЭҚ реттеудің құралы ретінде.



4

Т14. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу

1. ҚР-ғы СЭҚ мемлекеттік реттеудің механизмі.

2. Капиталдың қозғалысына мемлекеттің әсері.

3. СЭ саясаттың құрылымдық бөлімдері.

4. ҚР ТМД елдерімен интеграциялық әріптестігін реттеу.

5. Дамыған елдердегі валюталық саясатың ерекшеліктері.



2

Т15. Аймақтардың әлеуметтік -экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының унитарлығы мен оның әкімшілік аумақтық бөліндісі. Шағын және орташа депресивті қалалардың, әлеуметтік артта қалған аудандардың, облыстардың экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың іс – әрекеті мен ұйымдастыру құрылымы.

Аймақтардың тиімді экономикалық мамандануын қалыптастыру және оның 2015 жылға дейін Қазақстанда аумақтық даму стратегиясында көрініс табуы.

Өндіргіш күштерді тиімді орналастыруда аймақтық және жалпы мемлекеттік мүдделерді үйлестіру негіздері. Жергілікті мемлекетті басқару жүйесі. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың мақсаты: аймақтар арасындағы әлеуметтік – экономикалық даму деңгейлері арасындағы айырмашылықты төмендету; әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға мүмкіндік беретін басынқылықты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру; аймақтарда сайлау саясатын халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мен байланыстыру және тағы басқа.

Қазақстан шекарасындағы аудандардың экономикалық потенциалын нығайту бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және оны жүргізуге; өнеркәсіптің қайта өндеу секторын кәсіпорын дамытуының аумақтың инфрақұрылымын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыруға мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі.


4

Т 15. Аймақтардың әлеуметтік -экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

1. Аймақтық (облыс, қала, аудан) даму аясындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен оны жүзеге асыру әдістері.

2. Жергілікті шаруашылық және жергілікті өзін – өзі басқару.

3. Арнайы экономикалық зоналарды ұйымдастыру негізі, мағынасы мен тиімділігі.

4. Шағын қалалардың және болашағы бар ауылдық аймақтардың кешенді дамуына мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі.


2

Барлығы

60

30





3. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнін оқу бойынша жалпы нұсқаулар
Экономиканы мемлекеттік реттеу пәнін оқу барысында пәннің логикасы мен құрылымын жетекшілік ету керек. Мысалы, өндіріс факторлары нарығын алдымен нарық, бәсеке, сұраныс және ұсыныс тақырыптарын игермей оқу күрделірек болады. Өздігімен дайындалу үшін экономикалық жоғарғы оқу орындарына, факультеттерге немесе экономикалық мамандықтағы студенттерге арналған экономиканы мемлекеттік реттеу пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды қолдану ұсынылады. Бір тақырыптың белгілі бір оқулықта басқа әдебиеттерге қарағанда толық, тереңірек қарастырылатынын ескеру қажет.

Экономиканы мемлекеттік реттеу пәні бойынша оқулықтар жыл сайын қайта өңделіп басылады, сондықтан оларды неғұрлым жақсы, табысты деп бөліп қарауға болмайды. Терминологиядағы кейбір сұрақтарды экономикалық сөздіктермен толықтыруға болады.

Барлығымыз сіздермен өркениетті нарықтық қатынастар қалыптасу процесін бастан кешіріп жатқан жағдайда өзекті болып теорияны практикамен, дағдарыстың нақты процестерімен және әлеуметтік-экономикалық реформалармен байланысы табылады. Сондықтан пәнді зерттеу кезінде бұқаралық ақпарат құралдары мен мерзімді басылым материалдарын қолдану маңызды. Сонымен қатар, кафедрада оқу процесінің кітаппен қамтамасыз етілуі бойынша мәліметтер бар. Оларды пайдалана отырып, өздігімен дайындалу үшін басты қайнар көз болып дәріс, семинарлық сабақ жазбалары табылатынын ұмытпағаныңыз жөн.
Курстың барысы: 15 тақырып «ЭМР» курсының барлық тақырыбын жинақтап, қамтиды.

Оқу жоспары бойынша пәнді оқу үшін 180 дәрісханалық сағат, оның ішінде 60 дәріске арналған сағаттар, 30 зертханалық және 90 практикалық-сарамандық сағаттар қарастырылған.

Дәрісханалық дәріс курсы магистранттардың білімін жүйелейтін негізгі және маңызды құрал болып табылады.

Дәрістер– оқу сабағының бір түрі, оның мақсаты мазмұндалатын пәннің теориялық сұрақтарын логикалық байланыс түрінде қарастыру. Дәрістердің негізгі мәні оқу сабақтарының барлық түрлерінің, оның ішінде студенттердің өздік жұмыстарының сипатын, негізгі мазмұны мен бағыттарын анықтай отырып, ғылыми білімнің негіздерін қалаудан көрінеді.

Берілген пәнді жемісті оқудың басты шарты практикалық-сарамандық сабақтарды өткізу Дәрістерді жазып отыру қажет (минимум – негізгі жағдайларды). Олар түбегейлі сұрақтар мен түсініктердің байланысын игеруге, теориялық сұрақтардың жауаптарын табу жолына, жаттығуларды орындауға, жаттығулар мен есептерді шешуге бағдар алуға негізгі мәселені айқындауға маңызды сұрақтар мен түсініктерді бөліп қарауға көмек болады. Сонымен қатар дәрістерде экономикалық ғылым мен іс-тәжірибенің мәселелері, Қазақстан Республикасы және басқа да әлемдік кеңістіктегі елдерге байланысты нақтылы статистикалық мәліметтер беріледі. Сондай-ақ дәрісті жазу студенттерге семинар сабағына дайындалуға уақытын үнемдеуге, аз уақыт ішінде күрделі сұрақтарды игеруге мүмкіндіктер туғызады. Студенттің практикалық сабаққа белсенді қатысуы есептер мен тестік жаттығуларды шешуге, графиктерді құруға, экономикалық жұмбақтар мен тапсырмаларды орындауға, пікір-сайыстарға қатысуға және экономикалық тілдің қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді.


Практикалық және зертханалық сабақтар – оқу сабақтарының бір формасы, ол оқушының өз бетімен дамуына, дағдылар қалыптастыруына бағытталған. Пән бойынша практикалық сабақтар сарамандық сабақ түрінде өтеді, бұл сутденттердің ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Практикалық (сарамандық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі, студенттердің сабаққа жүйелі дайындалуын, олардың жауаптарын тыңдауды, теориялық білімдерді есептер мен ситуацияларды шешу арқылы бекітуді талап етеді.

Практикалық сабақтар пәннің барынша күрделі сұрақтарын тереңдете оқуға ықпал етіп, магистранттардың өздік жұмыстарын қортындылаудың негізгі формасы болып табылады. Осы сабақтар кезінде мәселелерді сауатты анықтап, өздерінің ойлары мен тұжырымдарын еркін білдіруді үйренеді, кәсіпқой біліктілікке үйрететін ситуацияларды қарастырады. Осының бәрі қазіргі заманғы маманға қажетті дағдылар мен білімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді..

Студенттер барлық жұмыстарын берілген уақытта орындап, тапсырулары керек. Кешігіп орындалған жұмыстар сәйкесінше автоматты түрде төмендетіледі. Берілген курстың тақырыптарын қарастырғанда студент сәйкес әдебиеттерді оқулары керек. Бұдан басқа, студенттерге келесі мерзімді баспалардағы қосымша материалдарды қарастыру ұсынылады: Транзитная экономика, АльПари, Информационный бюллетень, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы, Труд в Казахстане және т.б.

Жұмыстарды орындаған уақытта келесі ережелерді сақтау керек:


  • Жұмыстардың сұрақтары әдістемелік материалдарда көрсетіледі;

  • Жұмысты оқушы дәптерінде немесе альбом беттерінде, жазу барысын қатаң сақтай отырып, орындайды.

  • Жұмыстың басында мазмұнын немесе жоспарын көрсетеді.

  • Жұмыстың аяғында жұмысты орындаған кезде қолданылған әдебиеерді көрсету қажет.

  • Әдістемелік нұсқауға сай орындалмаған жұмыс қайтарылып беріледі.


ОСӨЖ орындауға әдістемелік нұсқау:
«ЭМР» пәнін оқу кезінде әрбір студент ОСӨЖ орындау керек. Бұл шығармашылық тапсырма, оның бір түрі –эссе болып табылады.

Эссе берілген тақырыпқа «прозалық этюд» түрінде болады. Эссенің тақырыбын оқытушы ұсынады, немесе студент ұсынылған тақырыптардан таңдап алады.. оны жазудың мақсаты таңдалынған тақырыпты барынша толық қысқа түрде ашып көрсету. Эссені дайындау үшін магистранттан оқу курсы шеңберінде алынған білімді ғана емес, сонымен қатар, арнайы сұрақтарды зерттеу, статистикалық материалдармен жұмыс істеуді, қаржылық нарықтардың қызмет ету мәселелері бойынша пікірталастардың материалдарын зерттеуді, қаржылық нарық пен қаржылық жүйенің өзара байланысы мен қатынасын, сондай-ақ, осы қарастырылатын тақырыпқа байланысты жалпы мәселелерді түсінуді талап ететін сұрақтар беріледі.

Студент эссені дайындау барысында барлық мүмкін ақпараттық қайнар көздерін, оның ішінде ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі мәліметтерді қолдана алады, бірақ сәйкес сілтеме жасайды. Егер ұсынылған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар болса, оның бәрі қарастырылып, сәйкесінше аргументтелуі тиіс.

Егер ұсынылған тақырып сандық мәліметтерді қажет етсе ( нарықтың параметрлері, қатысушылар саны, сегменттер саны және т.б) , онда барынша жаңа сандар, қайнар көздері көрсетіліп келтіріледі

Кейбір тақырыптарды ашу үшін экономикалық және қаржылық талдау жүргізу қажет, бұл жағдайда эсседе талдаудың қортындылары мен осы қортындылар жасалған маңызды элементтер ғана беріледі.

Эссенің мәтінін екі әдіспен: қолжазба немесе компьютерде теріп өткізуге болады. Эссе А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Эссе орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Қазал жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді.

Қолжазба мәтіні қаламсаппен, анық жазылуы тиіс. Қолжазба түріндегі эссенің әрбір бетінде 28-30 жол болады, әрбір жолда орта есеппен 60-65 белгі болса, сөз арасындағы әрбір алшақтық бір белгі болып саналады. Қолжазба мәтініне №3 трафарет пайдаланылады. Қолжазба түріндегі эссенің жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайларболмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Компьютерде тергенде эссе Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік. Компьютерлік мәтіндегі эссенің көлемі 4-5 бет. Беттерді оң жақтағы жоғарғы бұрышта номерлеу керек..

Эссе қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Эссе берілген тақырып бойынша әдебиеттерге шолумен аяқталады.Бұл тізімде оқулықар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады.

Эссенің аяғында қосымшалар келтіріледі, олар эссенің мәтіні болып саналмайды, бірақ белгілі бір қызығушылық танытуы мүмкін (графиктер, схемалар, алғашқы статистикалық мәліметтер, кестелер).


СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар:
«ЭМР» пәнін оқу кезінде кредиттік жүйеде оқитын әрбір студент реферат түрінде СӨЖ орындайды. СӨЖ орындауға кірісер алдында студент, өзінің рефератының тақырыбын зерттеуі қажет. Реферат А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Қолжазба түрінде болады және компьютермен теріледі.. Компьютерде тергенде реферат Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік

Реферат орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Қызыл жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді.

Рефераттың жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайларболмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Реферат қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Рефераттың соңында тізімде оқулықтар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады және мерзімі мен қолы қойылады.

Сырттай оқу бөлімі студенттері тестілер, жаттығулар, проблемалық есептер және басқа білімін өздігімен тексеру үшін қажетті экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша тренингтер бар оқу-әдістемелік құралдарға қызығушылық білдіруі керек. Егер мүмкіндік болса, тестілер, есептерді шығару жолымен пәнді білуіне қатысты өзіндік жарыстар ұйымдастыруға болады. Осы сияқты ойындарды өткізу тәсілі бойынша негізгі жағдайлар мен түсініктерді жақсы есіне сақтауға қызмет етеді. Ол үшін келесі оқу құралдарын ұсынамыз: Мамыров Н.Қ. Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условия Казахстана (теория, опыт, проблемы): Оқу құралы.-А.: Экономика, 1998. «Практикум по микро и макроэкономике» (ред. жетекшісі Огибин О.Ю),

Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарын бағалауда біріншіден, студенттің өз бетінше талдау және қорытынды шығаруға ұмтылуы, екіншіден, жұмыс тақырыыбын, графикті, кестелерді орындаудағы тиянақтылығы қаралады. Сондай-ақ, статистикалық көрсеткіштерді пайдалану керек.

Экономиканы мемлекеттік реттеу пәнін базалық ғылым ретінде ынтамен оқуға тырысыңыз, ол көптеген арнайы экономикалық пәндерді жақсы игеруге септігін тигізеді.

Кредиттік жүйемен оқитын студенттерге қойылатын талаптар:



  • Сабақтан кешікпеу;

  • Сабақ үстінде сөйлемеу және ұялы телефонды өшіріп қою;

  • Сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда тиісті анықтама қағазын әкелу;

  • Жіберілген сабақтарды оқытушының бос уақытында өтеу;

  • Оқу процесіне белсенді қатысу;

  • Берілген тапсырмаларды уақытында орындау;

  • Оқытушы және курстастармен жақсы қарым-қатынаста болу.

қажет.
6.3.Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің зерттеу жұмыстарын орындау

Жазбаша жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары оқылатын пәннің маңызды және барынша өзекті мәселелеріне негізделген. Рефераттар және курстық жұмыстарды жазу студенттердің «ЭМР» пәнін оқу процессінде алған практикалық білімдерін тереңдетіп, бекітуге мүмкіндік береді.

Рефераттар және курстық жұмыстарды дайындау кезінде сәйкес тақырыптарға байланысты қарастырылатын сұрақтарды нақтылау үшін оқулықты пайдаланып, университет кітапханасының базасында бар барлық әдебиеттер тізімін қарастырып, барлық қолда бар басылымдарды және басқа да ақпарат көздерін қолдану қажет.

Рефераттар және курстық жұмыстардың тақырыптары бітіру жұмыстарының тақырыптарын таңдауға негіз бола алады, ал бітіру жұмыстарының тақырыптары ғылыми жетекшімен бірігіп, студенттердің алдағы немесе атқарып жүрген жұмыс орнына және оның бұрын орындаған реферат немесе курстық жұмыстарының тақырыптарына байланысты анықталады.


Зерттеу жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар :

  1. Зерттеу жұмысы өз еркімен таңдап алған тақырыпқа және құрылған жоспарға сәйкес өз бетімен орындалады.

  2. Зертеу жұмысының міндетті шарты статистикалық мәліметтер, газет,журналдардың және басқа да мерзімдік басылымдардың мақалаларын, INTERNET- желінің мәліметтерін қолдану болып табылады.

  3. Кіріспеде (көлемі - 1 бет) мәселе қойылады, оның мәні, мәселенің мақсаттары мен міндеттері, зерттеу әдістемесі анықталады. Бірінші бөлім ( көлемі шамамен-3-4 бет) теориялық бөлім және таңдалынған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу арқылы зерттеуді негіздеу болып табылады. Теориялық сұрақтарды мазмұндау қарастырылған әдебиеттерге қысқаша шолу түрінде болу керек. Екінші бөлім (көлемі шамамен-5-7 бет) мәні, мазмұны және көлемі жағынан негізгі бөлім. Екінші бөлімде қолданылған статистикалық мәліметтер негізінде зерттелетін мәселеге талдау жүргізіп, (SWOT-талдау әдісін қолданған дұрыс) іс жүзінде мысалдар келтіру қажет. Үшінші бөлім ( көлемі шамамен-3-4 бет) –нұсқау түрінде, зерттеу жүргізген тақырып мәліметтері арқылы қортынды мен ұсыныстардан тұрады, Қазақстандағы нақты жағдайларды есепке алып, шетел тәжірибелерін қолданудың мүкіндіктерін қарастырады. Қортынды (көлемі - 1 бет) – зерттеудің барлық теориялық және практикалық нәтижелерін жалпылап, анықталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар жасайды.

  4. Зерттеу жұмысының жалпы көлемі компьютермен тергенде (12 шрифт, жол арасы 1) және кесте, графиктер және қосымшаларды қосқанда 15-20 беттен аспауы керек. Жұмыс жеке беттерде (шеттері: жоғарғы жағы -2 см, төменгі жағы-2 см, оң жағы-1 см, сол жағы-2.5 см) орындалады.

  5. Жұмыста келтірілген цитаталар мен сандық мәліметтерге әдебиеттер тізімі бойынша қолданылған әдебиеттің реттік санын және бетін көрсетіп міндетті түрде сілтеме жасалады., мысалы: «…………» (5, бет 321). Жол аяғындағы ескертуде келтірілетін сілтеме араб цифрыен белгіленіп, әдебиеттер тізіміндегідей рәсімделеді: автордың аты-жөні, тегі, жұмыстың толық атауы, шыққан жері, баспасы, шыққан жылы мен беті көрсетіледі. Берілген әдебиетті қайтадан қолданғанда шыққан жері, баспасы, шыққан жылы жазылмайды.

  6. Қосымша ретінде схемалар, графиктер, суреттер мен фотолар қолданылуы мүмкін.

  7. Зерттеу жұмысы қолжазба түрінде орындалуы мүмкін. Жұмыс сауатты, таза жазылып, бөлімдер міндетті түрде бөлек көрсетіліп, беттері белгіленеді. Қабылданған сөздерден (США, ҚР және т.б).басқа сөздер қысқартылмай толық жазылады.

  8. Жұмыстың аяғында міндетті түрде библиографиялық рәсімдеу ережелерін сақтай отырып қолданылған әдебиетер тізімін ( 5 әдеби көзден кем емес) келтіру керек. Жұмыс оқу аяқталғанға 15 күн қалғанға дейін тапсырылады. Көрсетілген мерзімнен кейін тапсырылған жұмыстың бағасы 5 % төмендейді.

  9. Әрбір тыңдаушы зертеу жұмысын оқудың соңғы жұмасында таныстырады. Жұмысты таныстыруға 5-7 минут және 5 минут талдауға беріледі.

  10. Зерттеу жұмысының құрылымы келесідей элементтерден тұруы тиіс:

    1. Сыртқы беті

    2. мазмұны

    3. кіріспе

    4. 1 бөлім

    5. 2 бөлім

    6. 3 бөлім

    7. қортынды

    8. қолданылған әдебиеттер тізімі

9) қосымшалар

3.Курс саясаты
Қатысу: Аудиторлық уақытқа дәрістер, оқылған материалдарды талдау, әртүрлі жатығуларды орындау уақыт кіреді. Әрбір сабаққа студент негізгі және қосымша әдебиеттерге сәйкес дайындалуы қажет. Бақылау жұмысына қатыспаған немесе кешігіп келген студенттерге бірден 0 балл қойылады. Бақылау жұмысын қайа тапсыру қарастырылмаған.

Студентерге дәріс, семинар сабақтарына қатысу міндетті. Әрбір дәрісті өту барысында негізгі ұғымдар беріліп, түсіндіріледі. Дәріс кезінде студент осы ұғымдарды анықамасы және түсіндірумен бірге жазып алулары керек. Егер студент қандай да бір себептермен сабақтан қалса, онда дәріс материалын басқа студенттен көшіріп алуы керек. Оқытушы дәрістен басқа уақытта студенттерге дәріс материалын беруге міндетті емес.

Егер суденттер қандай да бір мәселені ұқпаса, оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрай алады.

Студенттердің Шәкәрім атындағы СМУ компьютер класын пайдаланып, кітапханада дайындалып, бекітілген ережелерге сәйкес үйге кітап алуға мүмкіндіктері бар.


Тәртіп : Сабақ уақытында тәртіпті жүйелі бұзған студентті аудиториядан шығару немесе пәннің курсына «қанағаттанарлықсыз» баға қоюмен қатар басқа шаралармен жазаланады. Байланыс құралдарын пайдалануға болмайды.
Межелік бақылау: Межелік бақылау қорытындысы сабаққа қатысу, берілген тапсырмаларды уақытында орындау, практикалық сабақтағы студенттің жазбаша және ауызша жауаптарын, сонымен қатар межелік бақылау нәтижесін ескеру арқылы қойылады.
Көшіру және плагиат: Кез келген көшіру немесе плагиат (басқа студенттердің дайын жұмыстарын көшіру, қолдану) «қанағаттанарлықсыз» бағамен бағаланады.
Емтихан: Қорытынды емтиханға жіберілген барлық студенттер емтиханды дәстүрлі түрде тапсырады. Әрбір билетте оқылған курстың бөлімдері бойынша сұрақтар болады.

  1. Білімді бағалау саясаты

Кесте 3-. Студенттердің білімін бағалау шкаласы


Әріппенкөрсету

Баға

Балл

% бойынша

А

А-


Үздік

Өтежақсы


4,00

3,67


95-100

90-94


В+

В

В-



Жақсы

Жақсы


Жақсы

3,33

3,00


2,67

85-89

80-84


75-79

С+

С

С-



Д+

Д


Қанағаттанарлық

Қанағаттанарлық

Қанағаттанарлық

Өту баллы

Төменгіөту баллы


2,33

2,00


1,67

1,33


1,00

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

F

Қанағаттанарлықсыз

0,00

0-49

I

Бітірмеген

NA




W

Шығарылған

NA




AW

Әкімшіліктішығарылған

NA




P

Өтті(тек финалды тест үшін)

NA

0



Кесте 4- Студенттердің білімін бағалау жүйесі және критериилері

көрсетілген оқу процессінің күнтізбелік кестесі


Баллдық жүйедегі бағалау критерилері

Апталар

Ккурсқа жиынтық балл

лы


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15




Дәріске қатысу

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

60

Практ. Сабаққа қатысу




20

20

20

20

20

20

20

20

20

20

20

20

20

20

280

ОБСӨЖ бағалау




20




20




20




20




20

20

20

20




20

180

СӨЖ бағалау







20




20




10




20













10




80

Дәрісті жазбаша жазу

















































Ең жоғарғы балл:

4

44

44

44

44

44

34

44

44

44

44

44

44

34

44

600

Кестеге сәйкес әрбір студент пән бойынша ең жоғарғы 600 балл жинай алады. Емтиханға 50 пайыз жинаған студент қана жіберіледі.

Пән бойынша емтихандық бағалау үлгерім көрсеткіштері бойынша межелік бақылау (60%) және қорытынды аттестатция, емтихан (40%), бұлардың барлығы 100%-ті құрайды. Яғни:

(Р1+Рөт+Р2)*0,6+Е*0,4

мұндағы Р1-бірінші межелік бақылаудың % бойынша жиыны

Р2-екінші межелік бақылаудың % бойынша жиыны;

Рөт-өтеу уақытындағы алған % бойынша қосымша баллы;

Е- % бойынша емтиханның баллы.



Кесте 5 «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша оқу процессінің күнтізбелік кестесі



Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бақылау түрі

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

ҚБ1

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

ҚБ2

Баллдар

4

44

44

44

44

44

34

44

44

44

44

44

44

34

44




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет