Экономист (Жен)



бет28/63
Дата09.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#168174
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Байланысты:
О у ралы «Топыра тану» п ніні университеттерге арнал ан ба да

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


1. Каналдардағы су шығынын қалай азайтуға болады
2. Қайталап сорлануды тоқтату үшін жер асты суларының көтерілу биіктігін қалай азайтуға болады
3. Су өткізгіштік құрылымға қалай бағынышты
4. Су өткізгіштік механикалық құрамға қалай бағынышты
5. Су өткізгіштік сіңірілген катиондар құрамына қалай бағынышты
6. Судын көтерілу жылдамдығы механикалық құрамға қалай бағынышты
7. Топырақ құрылымы судың көтерілуіне қалай әсер етеді
8. Сіңірілген Са2+ және М2+ судың көтерілуіне қалай әсер етеді
9. Ылғалданған топырақтарда жырту қабатына судың көтерілуін қалай тоқтауға болады

V ТАРАУ. ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЙМАҚТЫЛЫҚҚА ӘСЕРІ

Топырақ генезисі (пайда болу және дамуы) топырақтанудың жеке бөлімі ретінде топырақ түзілу факторлары, топырақ түзілу процесстерінің механизмдерін топырақ кескіні қалыптасуын анықтайтын энергия мен масса алмасуды, олардың қасиеттері мен құнарлығын, топырақтың генетикалық қасиеттерін зерттейді.


Топырақ классификациясы деп топырақтарды басты қасиеттері, пайда болуы мен құнарлық ерекшеліктеріне қарай топтауды атайды.
В.В.Докучаев, Н.М.Сибирцев топырақты қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста дамитын ерекше табиғи органо-минералды дене деп танитын көзқарасты бекітті. Олар топырақтың генетикалық типтері туралы ілімді қалыптастырды.
Топырақтың географиялық таралу заңдылықтары жер беткейінде табиғи жағдайлардың әртүрлі орналасуымен анықталады. Осы таным топырақ географиясының келесі басты бөлімдерінің дамуында жатыр: ендік аймақтылық, бойлық аймақтылық, топырақтық климаттық фациялар мен провинциялар, топырақ жабынының құрылымы мен әртүрлілігі.
Топырақтар аймақтылығы туралы ілім В.В. Докучаевтың топырақ түзілу табиғи тарихи концепциясының соңғы бөлімі. В.В. Докучаев алғашқы рет орыс жазықтығында топырақтардың орналасуындағы аймақтылықты зерттеуі солтүстіктен оңтүстікке жылжығанда топырақ түрлері біртіндеп өзгеріп отырады. Тундра топырақтары, күлгін, орман сұр, қара топырақтар, қара-қоңыр топырақтар, қоңыр топырақтар, шөлейт топырақтары.
В.В. Докучаевтың топырақтардың орналасуындағы жалпы принципі кең мағыналы болып терең бекіді, бірақ ендік аймақтылықта біраз өзгерістер де енгізілді.
Қазіргі кезде құрылық топырақтарын климаттық термиялық ерекшеліктеріне қарай топырақтық климаттық белдеулерге бөледі (полярлық, бореальды, суббореальды, субтропиктік, тропиктік). Топырақтық климаттық белдеулерді атмосферлік ылғалдану режимі өсімдіктер типіне қарай топырақтық-биоклиматтық облыстарға бөледі. Мынандай областарды айырады: ылғалды орманды, тайгалы немесе тундралы өсімдік жабынды; аралық далалық, ксерофитті орманды және саваналы өсімдік жабынды, құрғақ шөлейт және шөл өсімдік жабынды.
Топырақтық-биоклиматтық облыстар тұрақты болғанымен бірнеше топырақ типінен құралады, сондықтан оларда 2-3 топырақ зонасын айырады.
Топырақ зонасы бір немесе екі топырақ типі ішінде орналасқан интрозональды топырақтардан тұрады. Топырақ зонасын топырақ тип тармақтарының зона аймақтарына бөледі.
Топырақ фациясы - температуралық режиміне мерзімдік ылғалдануына қарай зона бөлшегі.
Топырақ провинциясы – белгілердің айқын білінуіне қарай топырақ фациясы бөлігі. Топырақ провинциясы округтерге, округ аудандарға бөлінеді.
В.В. Докучаевтың Кавказда жүргізілген зерттеулері нәтижесінде тауларда топырақтардың бойлық аймақтылық ілімі құрылды. Бойлық аймақтылық құрылымы келесі факторлармен анықталады: таулы мекеннің ендік топырақ зонасында орналасу орны, тау биіктігі, ауа массасының басты қозғалысына қарай таулы мекеннің орналасуы, температуралық инверсиялардың болуы, яғни жыл мерзіміне қарай суық ауаның тау беткейімен жылжуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет