Экономист (Жен)


МИНЕРАЛДАР Жұмыс мақсаты



бет3/63
Дата09.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#168174
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
О у ралы «Топыра тану» п ніні университеттерге арнал ан ба да

МИНЕРАЛДАР


Жұмыс мақсаты: Топырақ минералдарымен танысу.
Тапсырма.
1. Минералдардың морфологиялық белгілерін және физикалық қасиеттерін зерттеу.
2. Тау жыныстарын түзуші минералдарды және агрорудаларды ажырату және минералдардың кейбір қасиеттерін сипаттау.
Қажетті құралдар мен материалдар: Бастапқы және туынды минералдардың коллекциясы.
Тапсырмаға түсініктеме.
Топырақта бастапқы және туынды минералдар кездеседі. Бастапқы минералдар жер қыртысынан өзгерісіз енген минералдар. Бұларға топырақ қаңқасы минералдары кварц оның түрлері, дала шпаттары, плагиоклаз, слюдалар, мүйіз алдамшасы, авгит, турмалин, магнитит, доломит, т.б. Туынды минералдар аналық жыныста бастапқы минералдардың химиялық және биохимиялық өзгерістері нәтижесінде пайда болған минералдар.
Топырақтың туынды минералдарын 4 топқа бөледі. Монтмориллиниттік (монтмориллоний, бейделлит, нонтронит т.б.) каолиниттік (каолинит, диккит, галлуазит) гидрослюдалар және жартылай тотық минералдар (гематит, бемит, гидрогиллит, гетит т.б). Бұл аталған туынды минералдар ішінді сіңірімділігі ең жоғарысы монтмориллонит, ең төмені каолинит тобындағы минералдар. Барлық аталған туынды минералдар кристал табиғатты. Аморфты минералдар және басқа заттар ішінен сіңірімділігі маңызды заттар аллофон, бос күйіндегі кремний қышқылы, аморфты жартылай тотықтар, әртүрлі қышқылдар және олардың тұздарын атауға болады.
Минералдар диагностикасы физикалық қасиеттерінің жиынтығына байланысты (түсі, жылтырлық, жымдастық, қаттылығы, қышқылдардан қайнауы).
Түс – маңызды диагностикалық белгі болып табылады. Кейбір минералдардың түсі тұрақты (пирит, малахит, алтын). Көпшілік минералдарда бұл белгі тұрақсыз болады.
Метал жылтырлығы бар минералдар түсінің атауына қосымша кең таралған метал атауы бірге аталынады (мыс қызыл). Минералдар бояуы негізінен сол бояудың тасымалдаушысы болып табылатын минералдың химиялық құрамына және элементтер қосындысына байланысты (темір, кобальт, мыс, т.б.). Сызық түсі (ұнтақ күйіндегі минерал түсі), көпшілік минералдардың үгітілген, немесе ұнтақ күйіндегі түсі тас тәріздес күйіндегі түсінен өзгеше. Тегіс емес ақ түсті фарфор пластинкасын минерал кесегімен сызу арқылы, минерал ұнтағын алуға болады. Егер минерал қаттылығы фарфор пластинкасының қаттылығынан жоғары болса пластинка бетінде сызат қалдырады, ал керісінше болса сызық (ұнтақ) қалады.
Жылтырлық – бұл минерал бетінің жарық (сәуле) шағылыстыру қасиеті. Бұл белгісіне байланысты минералдарды екі топқа бөледі: металдық жылтырлық және металдық емес жылтырлық.
1. Металдық-жылтырлық жаңа сынған (омырылған) метал жылтырлығын еске түсіреді, әр түрлі метал рудаларына тән (пирит, магнезит), табиғи тума (алтын) түрінде кездесетін элементтерде де байқалады. Бұл топқа жартылай металдық жылтырлығы бар (графит, т.б.), метал жылтырлығына жақын, бірақ ондай айқын емес минералдар жатады.
2. Металдық емес жылтырлық бірнеше түрге бөлінеді:

  • алмаз тәріздес – айқын, ұшқын атқан жылтырлық, алмаз, мырыш алдамшасына тән;

  • Шыны тәріздес – шыны бетінің жылтырлығын еске түсіреді, бұл түрге көпшілік минералдар кіреді (тау хрусталі, кальцит т.б.);

  • Құлпырма жылтырлық бірнеше құлпырып тұрады слюда, талькте байқалады;

  • Жібек тәріздес – жібек жіптерінің жылтырлығы тәріздес талшық және ине тәріздес құрылысты минералдарда байқалады (ине тәріздес гипс);

  • Майлы – минерал бетінің май жаққандай болуымен сипатталады. Жұмсақ минералда (тальк) байқалады;

  • Солғын – бетінің жылтырамауымен сипатталады (боксит, каолин т.б.). Жылтырлықты жаңа сынған (омырылған) минералға қарап анықтайды;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет