Шөгінді тау жыныстары. Шөгінді тау жыныстары-дегеніміз механикалық, физикалық, химиялық, биохимиялық әсерлердің әрекетінен бұзылып шөккен магмалық жыныстар.
Өздерінің жаратылысына қарай шөгінді жыныстар үш түрге бөлінеді:
1. механикалық шөгінділер
2. балшық тектес шөгінділер (0,01 мм ұсақ)
3. химиялық және биохимиялық шөгінділер
4 кесте - Шөгінді тау жыныстары классификациясы
№
п/п
|
Тау жыныстары
|
Бөлшектер диаметрі, мм
|
Жыныстардың атауы
|
Бос күйінде
|
кіріккен
|
Жұмырланбаған
|
Жұмырланған
|
Жұмырланбаған
|
Жұмырланған
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Кесек шөгінділер (псефитер)
|
100-10
|
Тоң кесектер ұсатылған тас қиыршық
|
Қойтас
|
|
конгломерат
|
2
|
Орташа шөгінділер (сынықтар)
|
2-0,05
|
құм
|
|
құмтас
|
құмтас
|
3
|
Шаң тәріздес (алевтиттік)
|
0,05-0,01
|
Лесстер, лесстектес
құмбалшықтар, Вулкан күлдері (алевриттер)
|
Алевролиттер.
|
Механикалық жолмен (үгілу, ұсатылу әсерінен) пайда болған кесекті шөгінділер механикалық болып саналады. Мысалы құм, қиыршықтас, малтатас, қойтас және осы айтылғандардың біріккен түрі құмтас, женттас, конгломерат т.б. механикалық шөгіндіге жатады;
Балшық тектес диаметрі 0,01 мм-ден кіші түйіршіктерден құралған. Физикалық әсерлерден шағылып немесе химиялық іруден пайда болады;
Химиялық және биохимиялық шөгінді жыныстар, химиялық бұзылудан және жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекетінен бұзылып шөгеді. Химиялық құрамына қарай былай бөлінеді:
Карбонаттық (известняк, доломит);
Кремний тектес (диатомиттер, трепельдер);
Күкірт қышқыл (мирабилит, гипс, ангидрит);
Темір тектес (сидерит, темір рудалары, пирит);
Фосфатты (фосфориттер);
Көміртектес, немесе жанғыш, қазбалар (торф, қазба көмірлер, жанғыш тақта, мұнай)
Достарыңызбен бөлісу: |