БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Орманның қоңыр топырағы қандай аймақтарда таралған ?
2. Орманның қоңыр топырағының негізгі морфологиялық ерекшеліктері, түзілу жағдайлары қандай?
3. Орманның қоңыр топырағының классификациясында қандай тип тармақтарына, туыстықтарға, түрлерге бөлінеді?
ОРМАНДЫҚ СҰР ТОПЫРАҚ
Сабақтың мақсаты: Ормандық сұр топырақ классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.
Тапсырма:
1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып ормандық сұр топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.
2. Ормандық сұр топырақ классификациясымен танысу.
3. Ормандық сұр топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.
Тапсырмаға түсініктеме.
Орманды далалы аймақтың негізінен солтүстік бөлігінде таралған. Солтүстік Қазақстанда ормандық сұр топырақ көктерек пен қайыңды шоқ орман өсетін жерде, элювий-делювийлі саз жыныстарда, қоңыр салқын, ылғалдылығы орташа ауа райы жағдайында қалыптасқан. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0–А1–А1А2 – ВА2 –В (В1, В2) – ВС –С.
Тың топырақтарда орман төсеніші қабаты А0 немесе шымды қабат Ад болады. Оның астында қарашірікті (А1+А1А2) қабат орналасады, оның түсі ашық-сұрдан күңгірт-сұрға дейін. Орманды дала топырақтарының басты морфологиялық ерекшелігі – қарашірікті қабаттың екі қабатқа анық бөлінуі: гумусты қабат А1 – гумус мөлшері жоғары үстіңгі бөлігі және ауыспалы А1А2 немесе қарашірікті-күлгінденген гумуспен боялумен қатар кремнезем себіндісі түріндегі күлгіндену белгілерінің болуымен сипатталады. А1А2 қабаты кремнезем себіндісі мол жаңғақты немесе жаңғақты-призмалы құрылымды ВА2 қабатына ауысады. Қырларында гумус жұғындысы мен жылтырлық байқалатын жаңғақты немесе жаңғақты призмалы құрылымды, кремнезем себіндісі бар тығыздалған иллювиальды В қабатына біртіндеп ауысады. Осы белгілердің байқалуына қарай В қабаты В1, В2 қабаттарына бөлінуі мүмкін. В қабаты біртіндеп С аналық жынысқа ауысады, аналық жыныста 120-200 см тереңдікте салалы орналасқан карбонаттар болады.
Ормандық сұр топырақтардың классификациясы кестеде берілген.
22-кесте - Ормандық сұр топырақтар классификациясы
Типше
|
Тегі
|
Түрі
|
Ормандық ашық-сұр
Ормандық сұр
Ормандық күңгірт-сұр
|
Қалыпты
Екінші гумус қабатты
Түйіспелі-шалғынды
Қалдық-карбонатты
|
а) Қарашірікті қабат (А1+А1А2) қалыңдығы бойынша: қалың (>40 см), орташа қалыңдықты (20-40 см), аз қалыңдықты <20 см),
б) Қайнау тереңдігі бойынша: жоғары қайнайтын (100 см-ден жоғары) және терең қайнайтын (100 см-ден терең)
|
20>
Достарыңызбен бөлісу: |