БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Шымды-күлгін топырақтар кескінінің қалыптасуы туралы қазіргі көзқарастар?
2. Шымды-күлгін топырақтардың құрылысы, қасиеттері?
3. Шымды-күлгін топырақтардың классификациясы?
БАТПАҚТЫҚ ТОПЫРАҚТАР
Сабақтың мақсаты: Батпақтық топырақтар классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.
Тапсырма:
1. Батпақтық топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.
2. Батпақтық топырақтар классификациясымен танысу.
3. Батпақтық топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.
Тапсырмаға түсініктеме.
Батпақтық топырақтар жоғары ылғалдану жағдайында әртүрлі топырақты-климаттық жағдайларда қалыптасады. Тайгалы-орман және тундралы аймақтарда ең көп таралған. Оңтүстікке қарай орналасқан аймақтарда бұл топырақтар негізінен батпақтық жайылма дала топырақтары, батпақтық қоңыр орман топырақтары, сұр топырақты аймақ пен субтропиктік облыстардың батпақтық топырақтары түрінде болады.
Барлық батпақтық топырақтар Т торфты қабат пен G минералды глейлі қабаттың болуымен сипатталады, олардан төмен С аналық жыныс орналасады.
Тың топырақтардың торфты қабатында мынадай қабаттарды айырады: А0 орман төсеніші, оның астында ыдырау дәрежесі бойынша қабаттарға бөлінетін торфты қабат орналасқан: қоңыр немесе қоңыр-сұр түсті сәл ыдыраған Т1 қабаты, құрамында жартылай ыдыраған өсімдік қалдықтары көп, оның астында күңгірт-сұр немесе қара түсті құрамында жартылай ыдыраған (шірінділі-торфты) Т2 қабаты орналасады. Торфтың астында жасылдау-көгілдір немесе кіршең-көгілдір глейлі G қабаты орналасады. Глейлі қабат біртіндеп аналық жынысқа ауысады.
Батпақтық топырақтар, батпақтық жоғарғы топырақтар және батпақтық төменгі топырақтар болып екі типке бөлінеді.
Батпақтық жоғарғы топырақтардың кескіні қабаттарға нашар жіктелген, ашық қоңыр немесе қоңыр түсті, сәл ыдыраған.
Батпақтық төменгі топырақтар, кермек жер асты суларымен ылғалдану жоғары болғанда түзіледі. Бұл топырақтардың торфы жақсы ыдыраған қара немесе күңгірт –сұр түсті.
Батпақтық топырақтар мына белгілері бойынша түрлерге бөлінеді.
1. Органогенді қабат қалыңдығы бойынша: торфтанған-глейлі – торф қалыңдығы 20-30 см, торфты-глейлі – 30-50 см, торфты жұқа торфтарда – 50-100 см, торфты терең торфтарда – торф қабатының қалыңдығы 200 см-ден жоғары.
2. Торфтың ыдырау дәрежесі бойынша: торфты – 25%-тен аз, шірінділі-торфты – 25-45%, шірінділі – 45%-тен жоғары болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |