Экономист (Жен)


Шымды (шірінділі) литогенді топырақтардың



бет33/63
Дата09.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#168174
түріПрактикум
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Байланысты:
О у ралы «Топыра тану» п ніні университеттерге арнал ан ба да

Шымды (шірінділі) литогенді топырақтардың кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0А1– А1В ВС (Д). Мынадай типшелерге бөлінеді: шымды қаныққан, шымды қышқыл, шымды күлгінденген.
Шымды-глейлі топырақтар шымды топырақтардың белгілерін сақтайды және анық байқалған глейлену мен шымтезекті төсеніш, шірінділі қабаттың болуымен сипатталады. Кескін құрылымы: А0А11g)– В gС (С g). Мынадай типшелерге бөлінеді: шымды-беткейлі-глейлі, шірінділі беткейлі-глейлі, шымды-грунтты-глейлі, шірінділі грунтты-глейлі.
Шымды топырақтардың түрлерге бөлінуі қарашірік мөлшері бойынша: шірінділі– 12%-тен жоғары, орташа қарашірікті– 5-12%, аз қарашірікті– 3-5% және қарашірікті қабат қалыңдығы бойынша: аз қалыңдықты – 15 см-ден жұқа және орташа қалыңдықты – 15 см-ден қалың.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Шымдану процесі шымды топырақтар кескінінің қалыптасуы туралы қазіргі көзқарастар?


2. Күлгін топырақтардың құрылысы, қасиеттері, классификациясы?
3. Су режимі, аналық жыныстар мен өсімдіктер жабынының шымдану процесіне әсері?
ШЫМДЫ-КҮЛГІН ТОПЫРАҚТАР


Сабақтың мақсаты: Шымды-күлгін топырақтар классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.
Тапсырма:
1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып шымды-күлгін топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.
2. Шымды-күлгін топырақтар классификациясымен танысу.
3. Шымды-күлгін топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.
Тапсырмаға түсініктеме.
Шымды-күлгін топырақтар оңтүстік тайга аймақшасында шөптесін немесе мүкті-шөптесін өсімдікті ормандар астында қалыптасқан. Бұл топырақтардың қасиеттері мен белгілері күлгіндену және шымдану процестерінің әсері нәтижесінде қалыптасқан. Шымды-күлгін топырақтардың беткі қабаты қалыңдығы 3-5 см шым (А g) немесе төсеніш (А 0). Төменде 5 см-ден қалың қарашірікті-элювиальды (шымды), ашық-сұр немесе күңгірт сұр түсті, кесек құрылымды А1 қабаты орналасады. Оның астында элювиальды күлгін (А2) қабат орналасады, одан кейін алмасу (А2В) және біртіндеп аналық жынысқа ауысатын иллювиальды (В) қабат орналасады.
Генетикалық қабаттардың белгілері күлгінді топырақтардағыдай. Екі типшеге бөлінеді: шымды-күлгінді және шымды-жалынды-күлгінді.
Шымды-жалынды-күлгінді топырақтардың сипатты морфологиялық ерекшелігі күлгінді қабатының жалын түсті болуы.
Шымды-күлгінді топырақ типшелерінде күлгінді топырақтардағыдай топырақ тегтері кездеседі, айырмашылығы шымды-күлгінді топырақтарда екінші қарашірік қабатты топырақ тегі қосылады. Бұл топырақ тегіне А1 қабатымен салыстырғанда күңгірт түсті екінші қарашірікті қабаттың Аh болуы және В қабатындағы жоғары ылғалдылық тән.
Шымды-күлгінді топырақтар шымдану және күлгіндену процестерінің байқалу дәрежесіне қарай түрлерге бөлінеді. А1 қабатындағы қарашірік мөлшері бойынша аз қарашірікті тың топырақтарда 3%-ке дейін, игерілген топырақтарда 2%-тен аз; орташа қарашірікті тың топырақтарда 3-5%, игерілген топырақтарда 2-4%; жоғары қарашірікті тың топырақтарда 5%-тен жоғары, игерілген топырақтарда 4%-тен жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет