Экономист (Жен)



бет32/63
Дата09.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#168174
түріПрактикум
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Байланысты:
О у ралы «Топыра тану» п ніні университеттерге арнал ан ба да

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Күлгіндену процесі күлгін топырақтар кескінінің қалыптасуы туралы қазіргі көзқарастар?


2. Күлгін топырақтардың құрылысы, қасиеттері, классификациясы?
3. Климаттық жағдайлар, жер бедері, аналық жыныстар мен ағаштардың күлгіндену процесіне әсері?
ШЫМДЫ ТОПЫРАҚТАР


Сабақтың мақсаты: Шымды топырақтар классификациясымен, морфологиялық белгілерімен, қасиеттерімен танысу.
Тапсырма:
1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып шымды топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.
2. Шымды топырақтар классификациясымен танысу.
3. Шымды топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.
Тапсырмаға түсініктеме.
Шымды топырақтар шалғынды өсімдіктер жиынтығы, шөптесін немесе мүкті-шөптесін өсімдікті ормандар астында карбонатты жыныстарда, кальций мен магнийдің силикатты формаларына бай жыныстарда, темірге бай бұзылу өнімдерінде немесе кермек жер асты суларымен ылғалдану жоғары болған жағдайларда түзіледі. Оларда қарашірікті қабат жақсы жетілген, гумус мөлшері жоғары, кесекті –дәнді құрылымды, орта реакциясы сәл қышқылды немесе бейтарапқа жуық, сіңіру сиымдылығы мен негіздермен қанығу дәрежесі жоғары. Түзілу процесі ерекшеліктеріне қарай шымды топырақтар бірнеше топтарға бөлінеді: шымды-карбонатты; шымды литогенді; шымды-глейлі.
Шымды-карбонатты топырақтардың кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0А1– А1В (А1А2) ВСкк).
Тың топырақтарда шым немесе төсеніш қабаты А0 болады, оның астында сұр немесе күңгірт-сұр түсті кесекті-дәнді құрылымды қарашірікті А1 қабаты орналасады. Ол аз қарашіріктенген ауыспалы қабат А1В немесе А қабаты күлгінденгенде А1А2 қабатына ауысады. Қарашірікті қабаттың (А1+ А1В) астында ауыспалы қабат В орналасады, біртіндеп аналық жынысқа Ск немесе төселуші жынысқа Дк ауысады. Мынадай типшелерге бөлінеді: шымды-карбонатты типті, шымды-карбонатты сілтісізденген, шымды-карбонатты күлгінденген.
Шымды-карбонатты типті топырақтар әкті жыныстардың аз қалыңдықты эллювиінде қалыптасады. Кескін қалыңдығы 30-50 см. 10% НСІ-дан қайнауы беткейінде немесе А1 қабатында байқалады.
Шымды-карбонатты сілтісізденген топырақтар элювий-делювийлі карбонатты жыныстардың қалың қабатында қалыптасады, кескін қалыңдығы 60-100 см. 10% НСІ-дан қарашірікті қабаттан төмен қайнайды.
Шымды-карбонатты күлгінденген топырақтарда күлгіндену белгілері В қабатында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет