БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Орманның сұр топырағы қандай аймақтарда таралған ?
2. Орманның сұр топырағының негізгі морфологиялық ерекшеліктері, түзілу жағдайлары қандай?
3. Орманның сұр топырағының классификациясында қандай тип тармақтарына, тегтерге, түрлерге бөлінеді?
ҚАРА ЖӘНЕ ШАЛҒЫНДЫ -ҚАРА ТОПЫРАҚТАР–
Сабақтың мақсаты: Қара топырақтар классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.
Тапсырма:
1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып қара топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.
2. Қара топырақтар классификациясымен танысу.
3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан қара топырақтардың таралу шекарасын қарастыру, алып жатқан ауданын анықтау.
Тапсырмаға түсініктеме.
Қара топырақтар далалы және әртүрлі шөптесін далалық өсімдіктер астында қалыптасып органикалық заттардың үлкен қоры болуымен сипатталады. Қарашірікті қабаты қалың 50-100 см қарашірік мөлшері 4-10 пайыз.
Қара топырақтар кескінінде: А0, А, В1, В2, С генетикалық қабаттарын айырады. А0– дала шымы, тың топырақтарда ғана кездесіп шөптесін өсімдіктердің қалдық байламынан құралған. А– қарашірікті аккумулятивті қабат қалыңдығы 20-50 см. Бұл қарашірікті қабаттың қою боялған қарашірікке бай күңгірт-қоңыр немесе қара түсті жоғарғы бөлігі, анық байқалған дәнді немесе кесекті-дәнді құрылымды.
В1– қарашірікті алмасу қабаты. Бұл қарашірікті қабаттың төменгі бөлігі, А қабатымен салыстырғанда ашықтау түсті, төменгі бөлігіне қарай анық байқалатын қоңырлау реңді. Қабат құрылымы дәнді-кесекті немесе кесекті, топырақ кескінінің төменгі жағына қарай біртіндеп кесекті құрылым бөлшектердің мөлшері артады.
Қара топырақтардың кейбір тип тармақтарында (нағыз, оңтүстік) В қабатында карбонаттардың бөлінуі байқалады. Келесі қабатқа өту тілшелер (ақпалар) түрінде.
В2– қарашірік ақпалары бар алмасу қабаты, боялуы біркелкі емес, құрылымы кесекті немесе кесекті-призмалы. Псевдомицелий, ақ көзшелер түрінде кальций карбонаттары бар (күлгінденген және күшті сілтісізденген топырақтардан басқаларында).
С – аналық жыныс, көп мөлшерде псевдомицелий, ақ көзшелер түрінде карбонаттар кездеседі.
Қара топырақтар кескінін сипаттауда НСІ дан қайнау тереңдігі олардың маңызды диагностикалық көрсеткіші болып табылады.
Қара топырақтардың типше, тегі, түрлері бойынша классификациясы 23- кестеде берілген.
Сонымен қатар қара топырақтар қарашірікті (А+В1) қалыңдығы бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
25 см жұқа өте аз қалыңдықты;
25-40 см аз қалыңдықты
40-80 см орташа қалыңдықты
80-120 см қалың
120 см жоғары өте қалың
Қарашірік мөлшері бойынша: аз қарашірікті – 6% төмен, орташа қарашірікті – 6-9%, жоғары қарашірікті – 9% жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |