БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 1. Жайылма топырақтары қандай жағдайларда қалыптасады?
2. Шымды қатпарлы топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?
3. Аллювиальды шалғындық топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?
4. Аллювиальды батпақтық топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?
ТАУЛЫҚ АЙМАҚТАР ТОПЫРАҚТАРЫ
Сабақтың мақсаты: Тау топырақтарының классификациясы, морфологиялық белгілері, қасиеттерімен танысу.
Тапсырма: 1. Таулы аймақтарда топырақтардың орналасу ерекшеліктерімен танысу.
2. Полярлы, бореальды, суббореальды, субтропиктік топырақ белдеулерінде тау топырақтарының орналасуындағы айырмашылықтарымен танысу.
3. Қазақстанның таулы аудандарындағы топырақтардың орналасу ерекшеліктерімен танысу.
Тапсырмаға түсініктеме. Таулы аудандарда топырақтардың орналасуы және қалыптасуы В.Д. Докучаев құрған тік аймақтылық заңына бағынады. Тік аймақтылық деп мекен биіктігіне тәуелді климат пен өсімдіктердің өзгеруіне байланысты топырақтардың орналасуын атайды.
Таулы елдерде топырақ зоналары жазықтықтағы сияқты белдеулер құра орналасады. Бірақ мекен биіктігінде топырақтардың кезектесіп орналасу тәртібі бұзылатын жағдайлар да кездеседі. Топырақтардың дұрыс орналаспау құбылысы топырақ зоналары инверсиясы деп аталады.
Бірқатар таулы елдерде қалыпты зоналар қатары жүйесінде жекеленген топырақ зоналары болмайды. Бұл құбылыс топырақ зоналары интерференциясы деп аталады.
Тік белдеулік сипаты таулы елдің ендік биоклиматтық орналасу белдеуімен анықталады. Мынадай белдеулік кластарын айырады: полярлы, бореальды, суббореальды, субтропиктік.
Белдеуліктің полярлық класында таулы тундра топырақтары басым. Тайгалы зона бореальды класын 2 белдеуге бөледі таулы күлгінді және таулы-тундралы.
Бореальды белдеудің далалы және орманды далалы зоналарында таулы -қоңыр, таулы –қара топырақ және сұр орман топырақтары қалыптасады. Бұл белдеуде таулы құба орман және таулы-шалғын топырақтар да байқалады.
Суббореальды класта жоғары ормансыз белдеуде таулы шалғынды топырақтар басым, орманды белдеуінде ормандық қоңыр топырақтар басым.
Субтропиктердің құрғақ зонасында таулы сұр топырақтар таралған, субтропиктердің ылғалды зонасында қызыл топырақтар мен сары топырақтар таралған.
Орталық Азия мен Қазақстан таулы топырақтары өте күрделі және ерекше жаралған. Бұл орта азия тауларының географиялық орналасуы мен мұхиттан өте алыс қашықтығына, климат құрғақшылығы, күрделі геологиялық құрылым, жиі үштік тұзданған шөгінділер кездесетін топырақ түзуші жыныстар әртүрлілігімен анықталады.
Іле Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань жотасы) 3800 м-ден жоғары мәңгі қарлар мен мұзарттар орналасқан. Содан солтүстік беткеймен төмен түскенде мынадай топырақтық өсімдік белдеулерінен өтуге болады: 3800–2800 м альпілі және субальпілі шалғындар (жазда жайлаулар) өсетін жерде таулық-шалғынды топырақтар: 2800–2000 м – орта таулы шалғынды – орман зонасы, қылқан жапырақты аралас ормандардың (Тянь-Шань шыршасы, қайың, көктерек) күңгірт түсті таулық-ормандық терең күлгіндеу топырағы және таулық-шалғынды қара топыраққа ұқсастау топыраға: 2000–1200 м – бітік шалғынды түрлі шөптіген масақты өсімдіктер астында күңгір-сұр аздап күлгіндеу ормандық сұр және сілтісізденген қара топырақтар; 1400–800 м – тау етегінің дала зонасында әртүрлі шөптекті – масақты өсімдіктер астында орташа гумусты қара топырақтар мен күңгірт қара қоңыр топырақтар; 800–500 м тау етегінің шөл дала зонасында эфемерлі – масақты – жусанды өсімдіктер өсетін жерде ашық қара қоңыр, кәдімгі және ашық боз топырақтар дамыған. Таулық топырақтар жазғы жайылым, орман және ауыл шаруашылығында және мал шаруашылығында пайдаланылады.