Геохимияның міндеттері:
элементтердің таралу заңдылығы, олардың Жердегі, басқа планеталардағы таралу мөлшерінің (кларкінің) элементтердің периодты жүйесіндегі атомдар құрылысымен байланысы;
геохимиялық және геологиялық процестердегі атомдар қозғалысының заңдылықтары, жеке элементтердің, элементтер тобы мен кіші топтарының ауыспалы заңдылықтары;
радиоактивті элементтердің геохим. процестердегі ерекшеліктері;
геохимиялық процестердегі энергия заңдылықтары;
кен іздеу мен барлау жұмыстарына қажет индикаторларды табу, оларды геохим. тұрғыдан дәлелдеу;
геохимиялық карталар жасау;
геохимиялық заңдылықтарды түсіндіруге математикалық тәсілдерді қолдану.
Геохимияның салалары
Геохимияның теориялық геохимия, кристаллохимия, жеке элементтер геохимиясы, радиогеология, физикалық геохимия, топогеохимия, биогеохимия сияқты салалары бар. Жердегі, ғарыштағы (Ай, Күн, т.б.) денелер Менделеев жүйесіндегі элементтер мен изотоптардың қосындысынан құралған. Жер беті мен оның 1200 км тереңдігіндегі, Юпитер атмосферасында, Күн сәулесінде, Марста, Айда, Шолпанда және метеоритте кездесетін хим. элементтердің кларкі (таралу мөлшері) белгілі деуге болады. Егер олардың таралу заңдылығына қарасақ, Менделеев жүйесіндегі ат. н. кіші элементтер Ғарыш құрамында басымырақ кездеседі. Тек литий (Lі), берилий (Be), бор (B) ғана аз тараған. Үшеуінің жеткіліксіздігі олардағы атом ядросының тұрақсыздығына байланысты. Элементтердің қатар саны жоғарылаған сайын таралуы да азаяды. Ауыр элементтердің ішінде көп таралғандары — Ас, Ra, Po, Pа. Бұл олардың радиоактивтік ыдырауына байланысты. Жерде тараған хим. элементтердің жұп нөмірлісі — 86,4%, ал тақ нөмірлісі 13,6%. Мұның себебі жұп элементтердің атом ядросының масса саны да жұп болғандықтан, ядр. реакцияларда тұрақты болуына сәйкес, Жер мен ғарыш денелерінде тараған элементтердің мөлшерінде көп айырмашылықтар бар. Жерді ауа қабаты (атмосфера) қоршап тұр. Одан төм. су қабаты (гидросфера), Жер қыртысы (литосфера), тірі организмдер мекендеген биосфера орналасқан.
Жердегі химиялық элементтер
Жердегі хим. элементтер 4 топқа бөлінеді:
Сидерофильдер [темірге жақындар (Fe, Nі, Co, т.б.)], көбінесе, орталық ядрода орналасқан;
Халькофильдер [күкіртке жақындар (Cu, Zn, Sb, т.б.)] оксидті және сульфидті қабатта кездеседі;
Литофильдер [тас құраушылар (Sі, Mg, Ca, Ba, т.б.)] — силикатты қабатта;
Атмофильдер [ауа құраушылар (Не, Ar, Ne, т.б.)] ауа қабатында жиналады.
Ауа қабатында элементтер газ немесе жеке элемент түрінде кездеседі. Атомның газ түрінде болуы оның кеңістікте еркін таралуын немесе су мен тас қабаттардағы атомдармен жылдам алмасуын жеңілдетеді. Геохимиялық процестер, көбінесе, тропосфера қабатында өтеді. Су қабатында элементтер ерітінді түрінде, ал Жер қыртысында — минерал, молекула, атом, ерітінді, бу түрінде кездеседі. Геохимия, физика, геология, минерология ғылымдарының әдістеріне сүйенеді. Геохимияның магмалық жыныстар геохимиясы (петрохимия), гидротермальдік процестер геохимиясы, изотоптар геохимиясы, биогеохимия, шөгінді жыныстар геохимиясы, гидрохимия, гидрогеохимиясы, сондай-ақ, метаморфтық процестер геохимиясы, мұхит геохимиясы, мұнай геохимиясы, кен байлықтарын іздеудің геохимиясы әдістері сияқты бөлімдері дамып келеді. Аймақтық геохимиялық зерттеулер Қазақстанның көптеген кендерінің түзілу заңдылықтарын ашуға мүмкіндік берді. Табиғи шикізатты кешенді пайдалану қажеттігіне байланысты кентастағы қоспа элементтердің таралу ерекшеліктерін және қандай күйде кездесетінін зерттеу кеңінен дамыды. Қорғасын-мырыш кендеріндегі талийдің, индийдің, фтордың, т.б. серіктес элементтердің Геохимиясы жөніндегі алғашқы зерттеулер Қазақстанның кен байлықтарын жете білудегі жаңа бағыттың бастамасы болды. Сирек және шашыранды элементтерді зерттеу нәтижесінде көптеген кендердің кешенді екендігі анықталды. Түсті металдарды іздеуге байланысты шашыраудың бастапқы ореолдары бойынша іздеудің геохим. тәсілдері кеңінен дамыды. Түсті металдардың көптеген кендеріндегі бастапқы геохим. ореолдардың түзілу ерекшеліктері айқындалды.[2]
Биогеохимияны зерттеушілер
Қазақстанда геохим. зерттеулерге елеулі үлес қосқандар: Р.Б. Әубәкірова, Х.А. Беспаев, Қ. Жәмінов, С.К. Калинин, Н.Г. Сыромятников, Б.Ә. Досанова, Ә.Е. Ермекбаев, Н.И. Замятин, К. Мұқанов, И.П. Новохатский, Г.Б. Жилинский, т.б.[3]
Пайдаланған әдебиет
Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003.
ISBN 9965-472-27-0
Қазақ энциклопедиясы
Биогеохимия және экотоксикология пәні
Дәріс тақырыбы №3 Витаминдер.
Мақсаты - 050608-«Экология» мамандығындағы студенттерге биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау
Витаминдер Витаминдерге жалпы сипаттама, аталуы және жіктелуі
Витаминдер химиялық табиғаты әр түрлі, организмдерде аз мөлшерде кездесетін, өмір сүруге өте қажетті, жеке, немесе құрылымы күрделі заттардың құрамына еніп, каталитикалық және реттеушілік қызмет атқаратын төменгі молекулалы органикалық қосылыстар.
Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин ашты. Ол тышқандарға тәжірибе жүргізу арқылы тағамның құрамында белоктар, майлар, көмірсулар және тұздар мен судан басқа, тағы бір қосылыстардың бар екендігін анықтады.
1912 жылы поляк ғалымы К. Функ күріш кебегінен сондай заттардың бірін кристалды түрде бөліп алып, оның құрамында азот бар екендігін анықтаған соң, оны витамин (лат. vіta – тіршілік, amіn – амин) деп атауды ұсынады.
Кейінгі ашылған витаминдердің көпшілігінің құрамында азот болмаса да, бұл термин қазіргі кезге дейін биология мен медицинада қолданылады.
Витаминдерді зерттейтін ілім витаминология XІІІ ғасырдың 80 жылдарында қалыптасты. Витаминология – витаминдердің ашылу тарихын, құрылымын, құрамы мен қасиеттерін, олардың алу жолдарын және организмге керекті мөлшерін анықтайтын ғылым.
Витаминдер өсімдіктерде, бактерияларда, балдырларда синтезделеді, ал адамдар мен жануарларда өте аз мөлшерде, ал кейбіреуі мүлдем синтезделмейді. Адам мен жануарлар организміне витаминдер тағам арқылы түседі, кейбір витаминдер ішек микроорганизмдері әрекеті арқылы түзіледі. Астың құрамында витаминдер жеткілікті болған кезде ғана тағам құрамы құнарлы, толық деп есептеледі. Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әр түрлі тағамдағы витаминдердің орташа мөлшері микрограммен есептеледі. Олар тек белгілі бір мөлшерде ғана зат алмасу процесін реттейді: аурудан қорғайды, терінің, органдардың қалыпты жағдайда қызмет істеуіне әсер етеді. Сондықтан, витаминдердің ас физиологиясында атқаратын маңызы өте жоғары. Егер организмге витаминнің қалыпты түсуі бұзылса, онда зат алмасу процесінде авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз, поливитаминоз сияқты әр түрлі өзгерістер пайда болып, адам ауруға шалдығады.
Авитаминоз дегеніміз белгілі бір витаминнің организмде өте аз мөлшерде, немесе жоқ болуынан туатын зат алмасу процесінің қалыптан тыс өзгерістері. Мұндай өзгерістер денсаулыққа өте зиянды, кейде өлімге әкеліп соғуы ықтимал.
Гиповитаминоз – кейбір витаминдердің организмде көп мөлшерде жетіспеуінен болатын зат алмасудағы өзгерістер.
Поливитаминоз – организмде көптеген витаминдердің аз мөлшерде болуының нәтижесіндегі метаболизмдік өзгерістер.
Гипервитаминоз деп кейбір витаминдердің организмде шектен тыс көп болуының әсерінен туатын зат алмасудағы, немесе физиологиялық функция процестеріндегі өзгерістерді айтады.
Адам организміне ас арқылы түсетін витаминдердің ферменттер коферменттеріне құрылымдық ұқсастығы бар. Сондықтан, витаминдер жоғарғы организмдерде коферменттік қызмет атқарады
Пайдаланған әдебиет
Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003.
ISBN 9965-472-27-0
Қазақ энциклопедиясы
Биогеохимия және экотоксикология пәні
Дәріс тақырыбы № 4 М а й д а е р и т і н Витаминдер
Мақсаты - 050608-«Экология» мамандығындағы студенттерге биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау.
М а й д а е р и т і н Витаминдер
Д-витаминозбен күрес жолдары
М а й д а е р и т і н Витаминдер. Бұған жататындар: Аі және А2 витаминдері (ретинол және дегидроретинол) — көз ауруларын емдеуге пайдаланылады. В2 және Въ витаминдері (эрго-кальциферол және холекальциферол) — баланың және жас төлдің мешел ауруына қарсы, Е витамині (то-коферол) — жануарлардың қысыр қалуына қарсы, Кь К2 және К3 витаминдері (филлохинон, фарнохинон және викасол) қан тоқтату үшін қолданылады. Адам мен жануарларға қажетті В. негізінен өсімдіктердің, (қ. Витаминді өсімдіктер), өсімдік тектес тағамдардың, өсімдікпен қоректенетін жануарлар өнімдерінің құрамында болады. Сондай-ақ кейбір Витамин адам мен жануарлар организмдерінде түзіледі. Витамин түзілуіне микроорганизмдердің, әсіресе жануарлардың (мыс, ірі қара малдың) ішек-қарындарындағы микрофлораның тікелей қатысы бар. Адам организміне өте қажетті Ві, В2. В3, В6, Ві2, РР витаминдері сиырдың бауырында, бүйректе, сүтте, қара бидай нанында, ашытқыда мол болады. С витамині овощ пен жемістерде, әсіресе итмұрында, шиеде, қарақатта көп. А витамині балық майында, сиырдың бауырында, жұмыртқаның сары уызында, сүтте болады.
В-дің мал шаруашылығында да маңызы аса зор. Мал азығында Витамин кем болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп-жадап, әр түрлі ауруларға (авитаминозға) шалдығады. Мал азығында А, В, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мыс, А витамині жетіспеген жағдайда сиырдың көзі ауырады, сүті кемиді жәнее ол қысыр қалуы.
А витамині жетіспеуінен биенің қысыр қалуы, іш тастауы жиі кез-деседі. Малға қажетті Витамин көк шөпте, жоңышқа, сүрленген жемшөптерде: т. б. болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, т. б. түрлі жағдайлармен жүдеген малға Витамин концентраттарын; немесе жемшөптік сәбіз, балың майы т. б. Витаминдері мол азықтар беру керек.
Мал азығындағы Витамин мөлшерін көбейту өнеркәсіптері арнайы В. құрғақ ашытқы шығарады.
Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі. Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, т.б. болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, т.б. түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, т.б. витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады. Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, т.б.) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін. Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, т.б. аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, т.б. жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.
ВИТАМИНДІ ЖЕМШӨП —өсімдіктектес және жануар тектес азық, сон-дай-ақ құрамында витамині көп құрама жем. Рационға В. ж. қосу арқылы арнайы витамин қоспасын қолданбай-ақ малдың витамин қажетін өтеуге болады. А витамині мен каротин балық майында, уызда, сүтте, жұ-мыртқада, көк шөпте көп болады. Бұршақ туқымдас шөптерде (бөде, жоңышқа, сиыр жоңышқа, эспарцет т. б.) каротин көп. Мыс, 1 кг мұндай шөпте 30—100 мг, астық тұқымдас шөптерде (қара бидай, сулы, арпа, судан шөбі, атқонақ т. б.) 20—70 мг каротин болады. Шөпті кептіргенде, әсіресе пішенді жаңбырлы күні жинағанда каротин мөлшері күрт кемиді. Шөпті күн сәулесіне кептіргенде және арнаулы қорада желдеткіш кө-мегімен құрғатқанда каротин 20—25%, шөп кептіргішпен құрғатқанда(85% сақталады. 1 кг пішенде 35— 50 мг каротин болса — өте жақсы,20—30 мг болса жақсы, 10—15 мг болса — орташа деп бағаланады. Барлық мал үшін ең жақсы Б. ж.—қолдан кептірілген пішен ұнтағы. Мұның жоғарғы және 1-сортыньщ 1мл г-нда 110—250 мг каротин болады. Сүрленген азықта да каротин жақсы сақталады. Әр түрлі дгөдтен салынған сүрлемнің кг-нце 25—30 мг, бұршақ сүрлемінде 40—60, жүгері-бұршақ сүрлемінде 20—40 мг каротин болады. СССР-де құрама жем өнеркәсібінің дамуына байланысты В. ж. көп өндіріле бастады.
ВИТАМИНДІ ӨСІМДІКТЕР — құрамында витаминдер болатын өсімдік-тер. В. өсімдіктерден өндірісте витамин концентраттары алынады. В. ө., құрамында витаминдермен қатар, олардың провитаминдері де болады. Олар азықпен бірге организмге түскеннен ;кейін, қажетті витаминге айналады.Мыс, өсімдікте А витамині болмайды. Бірақ кейбір өсімдіктер құрамында болатын А провитамині — каротин организмге түскеннен кейін А витаминіне айналады. Сол сияқты, Т -витамині — эргостерин организмге барғаннан кейін В витаминіне айналады. А витамині, негізінен, құрамында каротині бар жасыл өсімдіктерде мыс, сәбіз, қымыздың, көк.
Достарыңызбен бөлісу: |