Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған


Биогеохимия және экотоксикология пәні



бет2/11
Дата15.09.2017
өлшемі1,33 Mb.
#32471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Биогеохимия және экотоксикология пәні


Дәріс тақырыбы №1: Биогеохимия пәні.
Мақсаты - 050608-«Экология» мамандығындағы студенттерге биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Биогеохимия пәні




Жоспар:


  1. Биогеохимия пәні

  2. Оның міндеттері


Биогеохимия — биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялықпроцестерді зерттейтін ғылым саласы, геохимияның бір бөлімі. Тірі организм өз тіршілігінде түрлі химиялық элементтерді бойына сіңіреді, ал ол өлген соң бұл элементтер ыдырайды, шашырайды немесе белгілі бір орынға шоғырланады. Жербетінде тірі организмдер біркелкі тарамаған, кейбір тіршілік ортасында олардың белгілі бір тобы көп жиылады. Бұған мұхиттар мен теңіздердегі планктонқұрлықтағы қалың орман мен шалғындар, ылғалы мол қара топырақты жерлердегі шірінді мен шымтезек, халықтың бір жерде тығыз, бір жерде сирек орналасуы мысал болады.

Тірі заттың негізгі массасы — өсімдіктерде. Олар жерге түсетін күн энергиясының 1%-ке жуығын сіңіреді. Биогеохимиялық процестердің қарқыны организмдердің шапшаң көбеюіне байланысты. Тірі дене құрамының негізгі массасы химиялық элементтердің аз ғана тобынан құралады. Бұларға биосфера жағдайында оңай қозғалып, тез қосылыстар түзуші: CO2, NH3 сияқты газдар, су, H+, OH-, NО3- — SО32-, PО43-, Na+, K+ иондары, т.б. жатады. Организмдер тіршілік ортасында белгілі бір элементтер тобының химиялық қосылыстарын ғана сұрыптап сіңіру арқылы геохимиялық функция атқарады. Олардың қаңқасын құруға кальций оксиді қатысады. Организмдердің тікелей қатысуымен диатомит,әктаскөмірмұнай пайда болады. Жасыл өсімдіктер фотосинтезінен оттек бөлінеді. Микроорганизмдер темірмарганец, т.б. элементтер қосылыстарының тотығуына да қатысып, оларды тұндырады, сульфаттарды тотықсыздандырып, күкірттің биогендік кендерін түзеді. Тірі организм геохимиялық процестердің сипатын, элементтердің шоғырлану ортасын өзгертіп отырады. Тіршілік ортасы организмдер құрамына да әсер етеді, ал организмдер химиялық элементтердің биогендік шашырауына (миграциясына) себепші болады, олардың (көміртектің, оттектің) изотоптық құрамын да өзгертеді. Адамның атмосферабиосфера және жер қыртысының изотоптық құрамына тигізетін әсері ұдайы артып келеді. [1][2]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет