Экскурсияларды ґткізудіѕ ўйымдастырылуы жјне методикасы



бет24/34
Дата22.02.2023
өлшемі452,5 Kb.
#169792
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
dip -fizikadan-synyptan-tys-zhumystardy-uyymdastyru-adisteri-jukgpi-2013-53

1-жүргiзушi: Бүгінгі кешіміздің ашылу сөзін мектеп директорына береміз.
2-жүргiзушi: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй
- демекші, қазіргі орындалатын ән:
1-жүргiзушi: Бүгінгі дәстүрлі мерекеміздің құрметіне физика декадасының қорытындысы жөнінде сөзді мектебіміздің физика пәнінен әдістемелік бірлестіктің жетекшісіне береміз.
2-жүргiзушi: Физика бірлестігінің бүгінгі күнгі жеткен жетістіктері мен жасалып жатқан жұмыстары туралы қысқаша бейнеклипті тамашалаңыздар!


1-жүргiзушi: Кешіміз жалғасады тағаттасақ,
Шыңымыз биік болар білім қусақ.
Өмір деген өнермен үйлеспей ме?
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ
- дей отырып келесі кезекті әнге береміз. Ән “Балалық шаққа саяхат”
2-жүргiзушi: Факультет студенттерінің қатысуымен қысқаша сахналық қалжыңымызды тамашалаңыздар.
1-жүргiзушi: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
–деп бүгінгі сайыскерлерімізді сахна төріне шақырамыз.
2-жүргiзушi: Ал енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жорғаға түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жарыспай
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл жорға ойдың жорғасы
Кім жүйрік ойға, сол алда ,- демекші, жорға сайысының шартымен таныстырып өтейік. Бұл сайыста алғырлық, шапшаңдық талап етіледі. Мұнда әр сайыскерімізге сұрақтар қойылады 1 мин ішінде мүмкіндігінше көп сұраққа жауап беру керек. Аз ұпай жинаған екі ойыншы ойыннан шығарылады. Ал енді сайысымызды қандай ретпен бастау керектігін анықтап алайық. Ол үшін жеребе өткіземіз.
1-жүргiзушi: сұрақтар:
І нұсқа
1. Күштің өлшем бірлігі.
(Ньютон)
2. Массаның жылдамдыққа көбейтіндісі.
(импульс)
3. Өткізгіштің ұзындығын арттырса кедергісі қалай өзгереді?
(артады)
4. Протонның зарядының таңбасы.
(теріс)
5. Электромагниттік индукцияны кім ашты?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет