Экскурсияларды ґткізудіѕ ўйымдастырылуы жјне методикасы


“Брейн-ринг”- пәндік сайыс



бет30/34
Дата22.02.2023
өлшемі452,5 Kb.
#169792
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
dip -fizikadan-synyptan-tys-zhumystardy-uyymdastyru-adisteri-jukgpi-2013-53

2.4. “Брейн-ринг”- пәндік сайыс.

“Брейн-ринг”- пәндік сайысын өткізу үшін 3-5 оқушыдан тұратын 4-6 топ құрылады. Мүмкіндігінше топтарды параллель сынып оқушыларынан құрған жөн. Әр топ бір оқушыны топ басшы етіп сайлайды. Алдымен рингке топ басшылары шақырылады да оларға бір сұрақ қойылады. Сұраққа алғашқы болып қол көтерген топ басшы жауап береді. Егер дұрыс жауап берсе сайысты сол топ бастайды. Топ рингке шығып қарсылас топты өздері таңдайды. Рингтегі топтардың жайғасуы 2-суретте көрсетілгендей болады. Сайысты төреші


2-сурет. Брейн-ринг ойынындағы оқушылардың жайғасуы


жүргізеді. Топтар ойынға дайын болған соң төреші ойынды бастайды. Яғни топтарға сұрақ қойылады, сұраққа қай топ алғашқы болып қоңырауды басса сол топ жауап береді. Қай ойыншы жауап беретіндігін топ басшы айтады. Егер жауап дұрыс болса, топқа бір ұпай беріледі. Ал дұрыс болмаса, онда екінші топ жауап беруіне болады. Ойын осылайша топтардың бірі 3 ұпай жинағанша жалғаса береді. Қай топ бұрын 3 ұпай жинаса жеңімпаз саналып, олар келесі топты ойынға шақырады. Спорттық жарыстар сияқты барлық топ бір-бірімен кездесіп, шығады. Ойын нәтижелері арнайы кестеде жазылады. Ең көп ұпай жинаған топ чемпион болады. Сұрақтар сапалық, эксперименттік, сурет есептерден құралады. Мысалы,



  1. Қолды ауызға жақындатып дем алғанда жылу сезіліп, ал қолға үрлегенде суық сезілетіні неліктен ?

  2. Эфирдің меншікті булану жылуы, судың меншікті булану жылуынан анағұрлым аз. Адамның қолына су жұққанан гөрі эфир жұққаны салқынырақ сезілетіні неліктен?

  3. Аязды күні бөлмеге кірген адамның көзілдірігі неліктен тершиді?

  4. Аязды күні дем шығарсақ, түйдек ақ бұлт тәрізді көрінеді, оны кейде бу дейміз. Осынымыз дұрыс па ?

  5. Моншада суық су ағатын құбырды ыстық су ағатын құбырдан сыртқы түсіне қарап қалай ажыратуға болады?

  6. Біртекті өріске шар енгізілген. Шар маңындағы өріс біртекті күйінде қала ма ?

  7. Зарядталған металл қаңылтырды цилиндр етіп ораған. Зарядтың беттік тығыздығы қалай өзгереді ?

  8. Егер өткізгішті (изоляциясы жоқ) ортасынан бүктеп, ширатып қойса, оның кедергісі неше есе өзгереді?

  9. Неліктен электр қыздырғыш приборлардың спиральдарын меншікті кедергісі көп материалдан жасайды?

  10. Бірдей үш шам 3-суретте көрсетілген схема бойынша қосылған. Егер осы шамдарды ретімен бір-бірлеп өшіріп отырса, олардың әрқайсысының қызуы қалай өзгереді?

3-cурет


  1. Мектепке арналған универсал трансформатордың катушкасы тізбекке қалта фонарның шамымен және реттеліп отырған жиілікті айнымалы ток көзімен қосылған. Жиілігін өзгертпей, катушкаға темір өзекшені енгізсе шамның қызуы қалай өзгереді ?

  2. Мектеп трансформаторының катушкасын өзекшеден шығарып алып, оған айнымалы кернеу беруге бола ма ?

  3. Жанып тұрған алаудың жанында отырғанда неліктен бізге жалынның арғы жағындағы нәрселер тербеліп тұрған сияқты болып көрінеді?

  4. Аспан денесінің горизонттан жоғарғы бұрыштық биіктігін өлшегенде, неліктен ол шын мәніндегіден үлкен болып шығады?

  5. Бетінде жазуы бар қағаз бетке мөлдір желім тамып кетке. Желім тамшысының астындағы әріптердің басқа әріптерге қарағанда үлкен болып көрінетіні неліктен ?

  6. Призма арқылы үлкен ақ қабырғаға қарайды. Бұл қабырға спектр түстеріне бояла ма ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет