(көлденең) Магнит өрісінің электр тогына әсері қандай күш?
(Ампер) Жылдамдықтың өлшем бірлігі
(м/с)
Индуктивтікті азайтса катушкадағы магнит өрісінің энергиясы қалай өзгереді?
(азаяды)
2-жүргiзушi: Олар жайлы төреші
Көрермендер өздерің
Ақ – қарасын айырып,
Куә болды көздерің
- деп сөзді әділ қазыларға беріледі.
1-жүргiзушi:Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Қалған топты қалайық
Қол соғып қарсы алайық ,
- деп үш ойыншыны шақырамыз
2 тур 2-жүргiзушi:Физика патшалығы өмір сүрген
Заңдары салыныпты дана тілмен.
Патшалыққа саяхат жасай жүріп,
Әр адам табиғаттың сырын білді.
Бұл сайыс кім тапқыр деп аталады. Ойынның шарты: алдымен түсті таңдау керек , ал таңдаңыздар
Қызыл көк сары Сайыскерлерді сөзге тартайық. Сізді қандай тақырып қызықтырады ?
Сіз таңдаған түстерде сіздің тақырыбыңызға сәйкес сұрақтар жазылады.
Ал түстер ұяшықтары нөмірленген кестеге орналастырылған. Кестеге қарауға 20 сек уақыт беріледі. Әр кім өзі таңдаған түстердің орналасқан жерін есте сақтап алыңыздар. Одан соң кестедегі түстер нөмірленген ақ түспен алмасырылады. Ең ұпайы жоғары сайыскер алғаш болып сұрақты таңдайды. Егер таңдаған сұрағы өзінің таңдаған түсіне сәйкес болса 2 балл, қарсыласының үсіне сәйкес болса 3 балл, ал жалпы сұрақ қойылса 1 балл беріледі.Сұрақ тыңдалып болған соң 7 сек уақыт беріледі Осы уақыт ішінде жауаптың бірнеше нұсқасы айтуға рұқсат беріледі. Сайыстың бұл турынан соң ең аз балл жинаған бір ойыншы ойыннан шығады. Ал, енді іске сәт.
ІІ тур
Электромагниттік индукция заңы. Электромагниттік индукция құбылысы 1831 жылы қай айда ашылды?
(тамыз)
Магнит индукция векторының өлшем бірлігі?
(Тесла)
“Магнетизмді электрге айналдыру керек”деп қай ғалым күнделігіне жазды?
(Фарадей)
Дыбыс зорайтқышта катушканы және онымен байланысқан диафрагменті тербелтетін қандай күш?
(Ампер күші)
Индуктивтік механикалық қай шамаға ұқсас?