1-жүргізуші: Қазір топ басшыларының сайысы. Оларға сұрақ қоялық:
1-топ:
Дене пішінінің өзгеруі қалай аталады?
Космонавтиканың негізін қалаған кім?
Меркурийдің қазақша аты? Ондағы температура қандай?
2-топ:
Космодром қай жерде, аты қандай?
Ең алғаш ғарышқа ұшқан ұшқыш, аты қандай?
Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
3-топ:
Судың үш күйін ата?
Есекқырған қай планета?
Қатынас ыдыстардағы сұйықтардың деңгейі қандай болады?
2-жүргізуші: Топ мүшелеріне зертханалық жұмыс жасату(эксперименттік тур).
Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау
Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау
Денені таразыға тарту арқылы массасын өлшеу.
1-жүргізуші: Командалар үшін “Бақытты сәт” ойыны.
1. Екі әкесі мен баласы 3 апельсин тауып алды. Теңдей бөлгенде әрқайсына 1 апельсиннен тиді. Бұл қалай болғаны?
Ұзындығы 135 см сымды бір бөлігі екінші бөлігінің екі есе үлкен етіп екі бөлікке бөлген. Әр бөліктің ұзындығын тап.
3. Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Ол қандай сандар?
2-жүргізуші: Музыкалық дыбыстар өмір бойы қасымызда қатар жүретіні белгілі. Музыкалық күш кез келген адамның жүрегін тебірентіп, көңілін шаттандырып, жан дүниесін толғандыратыны бәрімізге мәлім. Біздің әділ қазылар алқасы әділ шешімін шығарғанша әсем ән тыңдайық.
1-жүргізуші:
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп бүгінгі білім сайысын қорытындылап, физикалық кешімізді аяқтаймыз. Сіздердің келгендеріңізге көп рахмет!
Қорытынды
Қазіргі таңдағы метептердегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қазiргi күйiне талдау жасалып, олардың мазмұны мен ұйымдастыру формалары оқушылар үшін қызық болу үшін ұйымдастыруды заман талабына сай жасау қажеттілігі көрсетілді.
Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпалы айқындалды.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формалары анықталды. Физика бойынша сыныптан тыс жұмыс жекелей, топтық және жаппайлық болады.
1)Жеке жұмыс оқушылардың қызығушылығына байланысты әдетте теориялық сұрақтарды терең оқып үйренумен, қиындығы жоғары есептерді шешумен, физикалық эксперименттерді орындаумен, конструкциялаумен және модельдеумен байланысты болады.
2) Топтық сыныптан тыс жұмыстар факультатив сабақтарда, үйірмелерде, оқушылардың ғылыми қоғамының секцияларында жүзеге асырылады.
3) Сыныптан тыс жұмыстың жаппайлық формасы-физикалық олимпиадалар, КТК, «физикалық ұрыс», физикалық декадалар, тақырыптық кештер, лекторлар, ғылыми-практикалық конференция, ғылыми-техникалық шығармашылық көрмесі, ғалымдармен кездесу.
Физика декадасын өткізудің әдістемесі жасалды. Физика декадасын күндері өткізілетін іс-шаралар, ерекше есте қалатындай болу керек. Оқушылар арасында физика білімін насихаттау және мейлінше қабілеттерді айқындау қажет. Физика декадасы келесі бөлімдерден тұрады:
1) Байқаулар:
1. Крассвордтар мен ребустар байқауы.
2. Рефераттар байқауы (9-11 сыныптар үшін).
3. Ғылыми жобалардың байқауы (7-10 сыныптар үшін).
Достарыңызбен бөлісу: |