Кештің жоспары
Кешті жүргізушінің кіріспе сөзі (қатынасушыларды кештің программасымен таныстырады).
Атмосфераның Жердегі тіршілік үшін маңызы және атмо- сфераның құрылысы туралы қысқаша әңгіме.
Атмосфералық кысыммен түсіндірілетін тәжірибелерді демонстрациялау: «графинге сиған жұмыртка», «ауыр газет», «жазаланған әуесқойлык».
Ежелгі гректің көрнекті ғалымы Архимед туралы әңгіме.
«Денелердің жүзу шарты» деген тақырыпқа тәжірибелерді демонстрациялау. Мысалы, су бетіне қалқып шықпайтын парафин (алдымен шыны ыдыстың түбін жұка парафин қабатымен жауып, оған парафинді жазық жағымен салады да, ыдысқа еппен су құйғанда кесек
парафин қалқып шықпайды); ыстық ауамен толтырылған қолдан жасалған
ауа шарының көтерілуі; суға батып бара жатқан адам не істеуі керек (суда жүзіп жүрген ағаш қуыршақтың қолдарын көтерсек, оның бату тереңдігі артады).[20]
Сурет-жұмбақтар керсету. Мысалы, суретте теңіз қабатының қимасы көрсетілген. Су ішінде теңіз түбіне жетпей «ілулі» тұрған корабль тұр. Сурет бойынша сұрақ: «Бұлай болуы мүмкін бе?» Кешке белсене қатысқан оқушыларға жүлде тапсыру.
Физикалық кештерді қазіргі техниканың қызықты мәселелеріне, техника тарихына, физика саласының даму келешегіне арнайды. Кеште 3- 4 оқушы қысқа баяндамалар жасайды. Баяндамалар жақсы көрнекіленуі керек. Көрнекі құралдардан басқа техникалық құрылғылардың жұмыс істейтін моделі, қолдан жасалған прибор- лар, кинофильмдерден фрагменттер көрсетіледі. Мұндай кештерді физика үйірмесінің мүшелері дайындайды. Бұл кешті үйірме мүшелерінің өз жұмыстары туралы өзінше творчестволық есебі деуге болады. Кештің түгел бір бөлігін үйірме жұмысының қорытындысына арнауға болады.
ФИЗИКАЛЫҚ КВН
Мектептерде физикадан сыныптан тыс жұмыстардың жаңа формаларын ұйымдастыру орын алды. Солардың неғұрлым қызықты формасының бірі — КВН, зеректер мен тапқырлардың конкурсы. Ол екі топтың жарысы ретінде өткізіледі (параллель сыныптар немесе көрші мектептер арасында). Топтың құрамы капитанымен бірге 6—8 адамнан тұрады. Конкурстан 3—4 апта бұрын топтар мынадай тапсырмалар алады: топтың эмблемасы мен сәлем беруі; қарсыластар топ үшін сурет-жұмбақ немесе ребус дайындау (физикалық мазмұнымен); физика сабақтарындағы эпизодқа арналған 3—4 минуттық шағын пьеса дайындау; «ор- кестр» ұйымдастыру, мысалы, қолдан жасалған музыкалық ас- паптардан сыбызғы, барабан, ксилофон); физикадан қызықты 2—3 тәжірибе дайындау. Топтардың үй тапсырмасын орындау барысында топ шығарып отырған жақтын, барлық оқу- шыларының көмектесуіне болады. Конкурсты КВН-ды жүргізуші (көпшіліктің алдында өзін жақсы ұстайтын, батыл да тапқыр оқушыны тағайындау керек) ашады. Ол конкурстың өту барысына жетекшілік жасайды.Үй тапсырмасынан басқа конкурсқа топтардың, капитандардың және жанкүйерлердің өзара жарысы кіреді. Үй тапсырмасын топтар кезекпен көрсетеді, ал басқа тапсырмаларды топтың өкілдері бір мезгілде орындайды.
Жюри құрамына мұғалім және 2—4 оқушы (мысалы, жоғары сынып оқушылары) кіреді. Әрбір көрініс оның дұрыстығына, толықтығына, тапсырманың орындалу жылдамдығына қарай анықталған баллмен бағаланады. Ең көп балл жинаған топ жеңімпаз атанады. 7 сынып үшін тапсырмаларға мысалдар келтіреміз.[17]
Топтық жарыс
Үстел үстінде су құйылып (бірақ ернеуіне дейін емес), аузы тығындалған сүттің бөтелкесі, сызғыш бар.
Тапсырма: бөтелкені толтыру үшін тағы қанша су қажет екенін анықтау керек.
Үстел үстінде сым шумақтары, таразы, жүкшелер, сызғыш, жұмыр қарындаш бар.
Тапсырма: шумағын жазбай, сымның ұзындығын анықтау ке- рек.
Үстел үстінде су құйылған банка, бетелке, резеңке түтік- шенің қиындысы бар.
Тапсырма: банканы еңкейтпей, ондағы суды бөтелкеге құю керек.
Достарыңызбен бөлісу: |