Экскурсияларды ґткізудіѕ ўйымдастырылуы жјне методикасы



бет12/34
Дата22.02.2023
өлшемі452,5 Kb.
#169792
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
dip -fizikadan-synyptan-tys-zhumystardy-uyymdastyru-adisteri-jukgpi-2013-53

Капитандар жарысы. Тактаға ұлы физиктердің фамилиясын жазу керек.
Өздеріңе белгілі физикалық приборлардың атауларын жазу керек. Паскаль заңын тұжырымдау керек. Есеп шығару (шарты парақ қағазға жазылып беріледі). Сондай-ақ эксперименттік тапсырмалар да қамтылуы мүмкін. Үстел мен тақтаны сахнаның ортасыиа қояды. Әрбір тапсырманы орындау үшін бір-бір окушы шығады.
Тапсырмалар. 1. Тактада кескінделген кесіндінің ұзындығын көзбен мөлшерлеп анықтау керек. (Кесіндіні жетекші жүргізеді. Жарыска түсушілердің әркайсысы тақтаға өзі ұйғарған ұзын- дықты жазады; сонан соң жетекші кесіндіні өлшейді де, нәтижені айтады.)
Көз мөлшерімен шырпы қорабының немесе басқа нәрсенің көлемін анықтаңдар. Алақанға салынған дененің салмағын анықтаңдар.
Қоңыраудың қанша уакыт шылдырлағанын анықтаңдар (жетекші секундомер бойынша анықтайды). Жарысқа физикалық аттракциондарды да енгізуге болады.[20]


ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ ЖАРЫСТАР

Кластан тыс жұмыстың бағалы формасы — жас зерттеушілер мен өнертапқыштар конкурстары. Жарыстық тапсырмалар (шамамен айына бір рет) шығарылатын бюллетеньдерде беріліп отырады. Оларда оқушылардың алдыңғы тапсырмалар бойынша берген ең қызықты шешулері, олардың жақсы жақтары мен кемшіліктерін талдай отырып, беріледі. Бюллетеньмен қатар «Кім жеңді?» деген тақырыппен, конкурстың барысын көрсететін таб- лиңа ілінеді. Жұмыстарды бағалау кезінде ең алдымен оқушылардың идеяларының өзіндік ерекшелігі, сондай-ақ конструкциялардың немесе зерттеулердің мұқияттылығы


ескеріледі. Конкурсты оқу жылының соңында қорытындылайды.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ КӨПШІЛІККЕ АРНАЛҒАН ЖӘНЕ АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТІ ОҚУ

Оқушыларда ғылыми және техникалық кітапқа деген сүйіс- пеншілігін қалыптастыру, оларды кітапты пайдалана білуге үйрету, мұғалімнің кластан тыс жұмыста езінің шәкірттеріне бере алатынының ең бағалысы десек болады. Оқушылардың сыныптан тыс оқуын қалайша ұйымдастыруға болады? Ең алдымен мектеп кітапханасында қажетті әдебиет: ғылыми-көпшілікке арналған, физика мен техникадан журналдар мен арнайы әдебиет бөлу жағын ойластырған жөн. Кітапхананы осы әдебиетпен жабдықтау мәселесімен мұғалім табанды түрде, үнемі айналысып отыруы керек.


Физика кабинетінде 7 - сынып оқушыларына (жеке-жеке) ұсынылатын, ең алдымен, мектептік, аудандық және қалалық кі- тапханаларда бар әдебиеттер тізімі ілінуі тиіс.[18]
Физика саласына арналған әдебиеттердің тізімдерін жасаған пайдалы. Егер мұғалім оқу жұмысында үнемі қосымша әдебиетті пай- даланып отырса, сабақтарында жеке бір кітаптар мен журнал- дардағы материалды пайдаланып, олардан шағын үзінділер келтіріп отырса, оқушылардың кітапқа деген ынтасы артады. Жауап берген кезде басқа кітаптардан материалдар пайдаланыи отырған оқушыларды, қандай түрде болса да, мадақтап отыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет