Жаңадан қатынасушылар үшін физика үйірмесі. Бұл үйірменің мақсаты – оқушылардың физика пәніне деген сүйіспеншілікке баулу, жеке оқушылардың ынтасы мен қабілетін анықтау, барлық үйірме мүшелеріне, физикалық үйірменің алдағы жұмыстарымен игеріп кетуі үшін, ең қажетті икемділік, шеберлік беру.
Тек негізгі практикалық шеберлікке үйреніп қана қоймай, оқушылар эксперименттік үйірмедегі болашақ жұмыстарына қажетті, оларға таныс емес физикалық құбылыстар мен оның практикалық қолданылуы туралы
ұғым алып, жаңа физикалық приборлармен танысып, қызықты есептер шығарады.
Жаңадан қатынасушылар үйірмесі жұмысының қажетті шарты – жұмыс формасының әр түрлілігі, шұғылдану элементін пайдалану, сондай-ақ теория мен практиканың тиімді ұштасуы болып табылады.
Жаңадан қатынасушылар үшін үйірме әдетте физикадан сыныптан тыс оқудан тәжірибесі жоқ оқушылардан құрылады. Олар үшін мерзімі бір жылға созылады. Осы уақыттың ішінде оқушылардың ынта-ықыласы, қызығушылығы анықталады да, ал келесі жылы олар арнаулы немесе жалпы физикалық үйірмелерге өтеді. Бұл үйірменің жұмысы бағдарламадағы негізгі тақырыптарды терең оқып үйрену мақсатында болғаны жөн.
Физикалық приборлар дайындау және конструкциялау үйірмесі.
Оқушылардың мұндай жұмысқа деген тұрақты қызығушылығы мен практикалық бағдарының арқасында, бұл үйірме кең қолдау тапты. Алайда, үйірмедегі оқу тек оқушылардың практикалық жұмысымен ғана шектелсе, онда, тәжірибенің көрсетуінше, оқушылардың қызығушылығы тез жоғалады. Бұл үйірмеде оқушылар тек қана практикалық шеберлікке ие болып қоймай, сонымен бірге конструкторлық және теориялық білім алса, сонда ғана үйірме жұмысты жемісті болмақ. Оқушы қандай да бір прибор жасау үстінде, оның атқаратын қызыметін айқын біле тұра, сонымен қатар осы прибордың көмегімен демонстрацияланатын физикалық құбылыстың табиғаты қандай, бұл құбылыс қайдан кездеседі, оның демонстацияның тиімді болуы қандай факторларға байланысты деген сұрақтарға жауап бере алуы тиіс.[18]
Физика кеші
Физика кеші — физикадан көпшілік сыныптан тыс жұмыстың тартымды да пайдалы түрінің бірі. Жақсы ұйым- дастырылып өткен кеш көбінесе оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырады да, олардың кейбіреулерінің физикаға шынайы еліктеуінің бастамасы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |