1.3. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физикаға қызығушылығы тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады [11],[12].
Шығармашылық қабілетті дамыту үшін оқушылар алған білімдерін жаңа жағдайларға қолдануды талап ететін проблемалармен кездесу керек. Яғни, оларға таныс емес заңдар мен заңдылықтарды өз бетінше ашу, жаңа құралдар мен машиналардың конструкциясын ойлап табу. Физика сабақтарында мұндай текті тапсырмаларға қажетті уақытты бөлуге мүмкіндік болмайды. Ал, сыныптан тыс сабақтар оқушылардың іс-әрекеттерінің басым көпшілік түрінің негізгі шығармашылық тапсырмалар типінен құралу керек. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын іздеу психология ережелеріне сүйенеді. Яғни, қабілеттілік тек айқындалып қана қоймайды және ол іс-әрекеттерде жасалады, әрі қалыптасады. Сондықтан да шығармашылық сипатқа ие оқушылардың өз
бетінше жұмыстарын ұйымдастыруға айрықша назар аудару керек. Физика сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін В.Г.Разумовский толық қарастырған. Барлығынан бұрын мына фактіге көңіл аудару керек, яғни шығармашылық ойлау процесі ерекше интуиция мен байланыстылығына интуитивті білімдер тікелей секірмелі түрде алынады. Оның этаптары айқын емес, сондықтан оқушы алынған шешімге қалай келгені туралы бірден айта алмайды. Ол жол белгісіз болып қала береді. Интуитивті тақырыптылықты негіздеу кейінірек келеді. Егер теориялық проблемаларды немесе практикалық мәселелерді белгілі білімді қолданып тізбектелген әрекеттерді орындау жолымен шешу мүмкін болса, онда мұндай жолды қамтамасыз ететін ойлау процесі дискурсивті деп аталады [6].
Білім алудың дискурсивті жолы тізбектелген байланысты талқылаулармен сипатталады. Мұнда, әрбір келесіні жалғастырушы логикалық ой алдынғыдан шығады да, алдынғыға тәуелді болады.
Интуитивті ойлаудың дискурсивтіден айырмашылығы, оның логикалық қадамы оның өрнектелмеген және проблеманың шешімі логикалық негіздеуді талап ететін ойлап табу сияқты табылады.
Мәселені дискурсивті шешу мүмкін болмағанда, интуитивті шешілетін жағдайларда кездеседі. Бірақта көбінесе дискурсивті шешілетін мәселелер ғана интуитивті шешіледі. Олай болса интуитивті ойлауда ең маңыздысы процесс сыртынан қысқа және танылмаған сияқты айқындалады.
Оқушылардың шығармашылық процесін ұйымдастырғанда екі шарт іске асырылуы керек. Біріншіден, қолда бар ақпарат пен мәселелерді шешуге арналған ақпараттың арасында тиімді арақатынас сақталу қажет. Қолда бар оқу ақпараты мәселені шешуге арналған ақпараттан бірнеше кіші болу керек. Бірақта айырмашылық аса үлкен болмау керек, әйтпесе оқушының мәселені шешуге қызығушылығы жоғалады. Екіншіден, сабақтарға эмоциональді бояу беру керек.
Шығармашылық іс-әрекетті басқарудың маңызды проблемаларының бірі- жаңалығы болуы проблемасы.
Жаңалығының субьективтігі шығармашылық іс-әрекеттің сипатты белгісі үшін мүмкіндік береді. Оқушыға жаңа және әлі белгісіз нәрсе мұғалім үшін белгілі болу керек. Осындай жағдайларда мұғалім мектеп пәнінің білімі негізінде шешуге мүмкіндік беретін шығармашылық проблемаларды тудыратын ситуациялар жасауға болады.
Физикалық идеялардың дамуын, фундаменталдық физикалық теориялардың жасалуын талдау физикадағы ғылыми шығармашылықтың циклдік сипаты туралы ойға алып келеді. Әрбір цикл бақылаулардан алынған фактілер тобын таңдаудан басталады. Әрі қарай олардың жалпылығына қатысты гипотезалар қозғалынады. Бұл гипотезалар
эвристикалық қасиетке ие. Олар жалпылау кезінде белгісіз болған басқа фактілерді алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Алдын ала көрудің дұрыстығы экспериментпен тексеріледі. Егер бастапқы модель гипотезалардың теориялық салдары эксперимент жүзінде дәлелденсе, онда теорияның негізіне қабылданған абстрактілі модель зерттелетін құбылыстың зерттелетін қасиетін дұрыс бейнелейді. Егер эксперимент күтпеген нәтиже берсе, онда бұл жаңа құбылысты түсіндіру үшін теорияның негізінде жататын абстрактілі модельді айқындауды немесе алмастыруды талап ететін теорияның қолдану шекарасы табылғандығын білдіреді [9].
1-сурет. Жаратылыстану ғылымындағы бастапқы фактінің, абстрактілі модель-гипотезаның, теориялық салдар мен эксперименттің өзара байланысы.
Сонымен, ғылыми шығармашылықтың процесі мынадай бөлшектерден тұратын цикл түрінде беріледі: фактілер-гипотеза-салдар-эксперимент (1-сурет).
Шығармашылық циклдағы ең қиын фаза фактілерден абстрактілі моделдер құруға өту және керісінше өту, теориялық салдардан жаңа фактілерге өту болып табылады.
Физика бойынша шығармашылық есептің екі түрі мүмкін: анық емес құбылысты физикалық теориялардан алынған сәйкес келетін абстрактілі модельдің негізінде түсіндіруді қажет ететін зерттеушілік есептер (неліктен?) және берілген абстрактілі моделге (заңға, формулаға, графикке және т.б.) сәйкес нақты эффектілерді алуды талап ететін конструкторлық есептер (қалай істеу керек?). Мұндай бөлу зерттеу-конструкциялаумен, ал өнертапқыштық-зерттеумен жиі түйіндес болғанымен шартты түрде алынған. Шығармашылық есептердің мазмұнын жасағанда бұл екі тәсілдің түріндегі тапсырмалар өте пайдалы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |