Жаһандану мен ақпараттандыру үрдістерін терең түсіну, әлемдік білім беру кеңістігіне ену қажеттілігі көптілді тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді, осы орайда ағылшын тілін – халықаралық тіл ретінде білу маңыздылығы өседі.
Ағылшын тілі арқылы қазақ елін, қазақ халқының бай мәдени мұрасын әлемге таныту көкейкесті мәселеге айналды.
Ағылшын тілін оқытуда отандық әдістемелік өнімдердің тапшылығы, көбіне ресейлік және шетел әріптестеріміздің әдістемелік құралдарының қолданылуы;
Ақпараттық-коммуникативтік технологияның мол мүмкіншілігін үйрену және тиімді пайдалануды күнделікті іс-әрекетте пайдалану.
Проблема
Оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы қалай арттыруға болады?
Ағылшын тілін оқыту арқылы жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалай дарытуға болады?
Жобаның мақсаты
ақпараттық-коммуникативтік технологияның жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын дамытуды қамтамасыз ету
Проблеманы шешудің жолдары
Қазақ халқының мәдени мұрасын ағылшын тілінде беруде түрлі әдістемелік әзірлемелер жасау(ертегілерді аудару; мультипликациялық фильмдерге ағылшынша дубляж жасау; әндерге, мәтіндерге субтитрлер жасау;
Басқа елдердің видео, аудиоқұралдары негізінде Қазақстан еліне лайықтап оқу құралдарын дайындау (сергіту жаттығулары, әндер шығару, видеоматериалдар т. б.)
Міндеттер
Ақпараттық-коммуникативтік технологияның белгілі әдіс-тәсілдерін үйрену;
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны жақсы меңгеру үшін техниканың барлық жаңалықтарынан хабардар болу;
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны бойынша семинарларға қатысу;
АКТ технологиясын меңгере отырып, әдістемелік, пәндік және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан мұғалімнің жетілуі.
Ағылшын тілін оқытуда оқушыларға арнап әдістемелер, құралдар жазу;
Оқушыларға АКТ бойынша білік-дағдаларды меңгерту (интерактивті тақтамен жұмыс істеу, интернет арқылы ағылшын тілін білетіндермен қарым-қатынаста болу, қажетті ақпаратты таба білу және т.б.)
Оқушылар білімінің нәтижелілігін бақылаудың жолдарын жасау.
4. “Оқушының ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігі” атты диагностика;
5. Оқушылардың пән бойынша функционалдық сауаттылығын арнайы тестер арқылы анықтау.
Алынған білім нәтижелерінің сипаттамасы
Жұмыс барысында алынған нәтижелер:
“Алдар көсе мен бай” ертегісіне оқушылар ағылшын тілінде дубляж жасады. Бұл оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу білігін дамытуға және шығармашылық қабілетінің артуына себін тигізгені анық.
Қазақ балаларына арналып ағылшын тілінде бірнеше ән әуенімен жазылды. Ән айту арқылы оқыту тиімді, оқушылар сөздерді ұмытпайды, үнемі жадында сақтап айтып жүреді.
Түрлі ертегілердің қойылымдары ағылшын тілінде көрсетілді, қойылым барысында техникалық құрал-жабдықтар арқылы дыбыспен және музыкамен көркемдеу жүргізілді.
4.Ақпараттық-коммуникативтік технологияны түрлі сыныптан тыс іс-шараларда колдану жақсы нәтиже береді. Мысалы, “Не? Қайда? Қашан?” ойыны, зияткерлік жарыстар т. б.
5. Сабақтарға презентациялар, флипчарттар дайындау және т.б.
Қорытынды
Жас ұрпаққа білім беруде жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның әлі де ашылмаған сырларын игеру - болашақтың ісі.