1.2. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту
Физикадан сыныптан тыс жұмыстың маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту. Егер оқушылардың
қызығушылығы болмаса практикалық өмірмен байланысты қажетті мысалдармен қамтылған өте жоғары ғылыми деңгейдегі материал әдістемелік дұрыс құрылған сабақта берілсе де күткен нәтижені бермейді [6].
Танымал кеңес педогогы В.А.Сухмлинский былай деп жазды: «Біздің бар ойлағанымыз, бар іздегеніміз және құрғанымыз, егер оқушының оқуға ынта-ықыласы болмаса көкке ұшады» [15].
Әрине танымдық қызығушылықты дамыту тек сыныптан тыс жұмыстың ғана міндеті емес. Бұл міндетті мұғалім бірде бір сабақта ұмытпауы керек. Бірақта сыныптан тыс жұмыстар бұл міндетті шешуде елерліктей үлес қосуға мүмкіндік беретін бір қатар ерекшеліктерге ие.
Физикадан сыныптан тыс жұмыстарының тиімділігін арттыратын ерекшелігі сабаққа қарағанда мүмкіндігі жоғары болып табылады. Оқушылармен жұмысты индивидуализациялау әрбір оқушыға өзінің қызығушылығына, талабына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыстарды таңдауға мүмкіндік береді.
Мына факті үлкен мәнге ие, бұл іс-әрекеттер қандайда берілген нәтижелерге жетуге міндеттелмеу керек, егер жетекші дұрыс ұйымдастырса ол оқушылар үшін міндетті түрде сәтті болады.
Физикаға танымдық қызығушылықтың дамуы және оның практикалық қосымшасы сыныптан тыс жұмыста қызықты ғылым мен техниканың элементтерімен кеңінен қатыстырумен және ғылыммен қазіргі өндірістің жаңа жетістіктерімен танысумен қамтылады.
Мұғалімнің алдында сыныптан тыс жұмысқа барлық оқушыларды тарту міндеті тұрмайды, бірақ ол физикаға қызығушылық танытқан оқушыларды байқау және оның жеке ерекшеліктерін қанағаттандыратын сыныптан тыс жұмыстың түрін табу керек.
Кейбір оқушыларға факультатив сабақтарға және физикалық үйірмелерге қатысып көруге, екіншілеріне техникалық үйірмелерге қатысуға, үшіншілеріне физикадан қызықты кітаптар немесе ғылыми-көпшілік мақалаларды оқып көруге бағыт беруге болады. Көпшілік оқушылар үй жағдайында тәжірбиелерді өз бетінше орындауға бейім болады. Бұл іс-әрекеттерде мұғалім тарапынан жетекшілік етуді талап етеді [9].
Есеп шығаруға қызығатын оқушыларға «Квант» журналындағы байқауға жүйелі түрде қатысуға бағыт беруге болады.
Жеке оқушылардың жеке қызығушылықтары мен бейімдерін ескеріп мұғалім оқушылардың бір бөлігі қатысатын физикадан кез келген сыныптан тыс жұмыс барлық оқушылардың физика сабағына танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал ету керектігін есте ұстау қажет.
Бұл бір түрлі көрінуі мүмкін, өйткені физика үйірмесінің сабақтарына қатысатын оқушылардың ішінде де физиканы оқып үйренуге танымдық қызығушылығы, әлсіздері де кездеседі. Сондықтан да сыныптан тыс
жұмыстың міндетті элементі-мектеп физика курсын терең және жүйелі
оқып үйренуге танымдық қызығушылығын дамыту. Ол үшін қызықты тәжірбиелерді және қызықты есептерді шешкенде, машиналардың моделі мен құралдар жасағанда, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің мәнін түсінуде мектепте физикадан алған білімдерінің қажет екендігін үнемі жалықтырмастан еске түсіріп отыру керек. Сынып оқушыларының біраз бөлігінде физикаға тұрақты қызығушылықтың дамуы қалған оқушыларда да физикаға қызығушылықтың пайда болуына және дамуына ықпал жасайтын күшті фактор болып табылады.
Жеке оқушылардың сыныптан тыс сабақтарда алған нәтижелерін физика сабақтарында қолдану пәнге деген танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал етеді. Ондай нәтижелерге оқушылардың өтілетін сабақтың материалымен байланысты тақырып бойынша дайындаған баяндамаларын, үйірмеде дайындалған демонстранциялық құралдар мен моделдерді жатқызуға болады.
Мысалы, факультатив сабақтарға қатысатындар 10-сыныпта физика сабағында «Жылу машиналары» тақырыбы бойынша бу машиналарының жұмыс істеу принципі мен құрылысы, ойлап табуының тарихы, іштен жану двигательдерінің әр түрлі типтері, бу мен газ турбиналары реактивті двигательдер туралы баяндама дайындап келуіне болады.
Оқушылардың мұндай баяндамалары сыныптағы жолдастарының қызығушылығын арттырады, ал ол баяндамашы оқушы үшін физикамен терең айналасуын одан ары жалғастыруға маңызды стимул болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |