Экскурсияларды ґткізудіѕ ўйымдастырылуы жјне методикасы


Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формалары



бет6/34
Дата22.02.2023
өлшемі452,5 Kb.
#169792
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
dip -fizikadan-synyptan-tys-zhumystardy-uyymdastyru-adisteri-jukgpi-2013-53

1.4. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формалары

Физика бойынша сыныптан тыс жұмыс жекелей, топтық және бұқаралық болуы мүмкін. Сыныптан тыс жұмыстың бұл түрлерінің бөлінуі


бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан айтарлықтай мөлшерде
шартты екендігін айтып өту керек.
Жеке жұмыс оқушылардың қызығушылығына байланысты әдетте теориялық сұрақтарды терең оқып үйренумен, қиындығы жоғары есептерді шешумен, физикалық эксперименттерді орындаумен, конструкциялаумен және модельдеумен байланысты болады.
Топтық сыныптан тыс жұмыстар факультатив сабақтарда, үйірмелерде, оқушылардың ғылыми қоғамының секцияларында жүзеге асырылады.
Сыныптан тыс жұмыстың бұқаралық формасы-физикалық олимпиадалар, КТК, «физикалық сайыс», физикалық декадалар, тақырыптық кештер, лекторлар, ғылыми-практикалық конференция, ғылыми-техникалық шығармашылық көрмесі, ғалымдармен кездесу. Физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жеке формаларының тізімі 1-кестеде көрсетілген [6].

1-кесте. Оқушылардың физикадан сыныптан тыс жұмыстарының формалары



Жекелей


Кітаптар мен журналдарды оқу

Рефераттар дайындау

Есептер шығару

Мектептің сырттай физикалық тапсырмаларын орындау

Үй жағдайында физикалық эксперименттерді орындау

Модельдер мен құралдар жасау

Зерттеулік типтегі эксперименттік жұмыстарды орындау




Топтық

Факультатив сабақтар

Физикалық үйірме

Физика-техникалық үйірме

Техникалық үйірме

Оқушылардың ғылыми қоғамының секциялары

Экскурсия




Бұқаралық





Физикалық олимпиада

Физика бойынша лектория

Физика декадасы

Физикалық кеш

КТК

Ғылыми-практикалық конференция

Қабырға газеттерін шығару

Ғылыми-техникалық шығармашылықтың
көрмесі

Өндіріс қызметкерлерімен кездесу

Оқушылардың тобымен кез келген сабақты немесе жұмыстың бұқаралық формасын өткізген кезде маңызды этаптардың бірі міндетті түрде жеке оқушылармен жеке жұмыс істеу болып табылады. Бір жағынан жеке оқушылармен жеке сыныптан тыс жұмыс әдетте оның үйірмедегі немесе факультатив сабағының, физикадан бұқаралық сыныптан тыс іс-шараға қатысуының жалғасы немесе құрамдас бөлігі болып табылады [9].
Сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлі формаларын басқару және оқушылардың алуан түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру бір адам үшін ауырлық қылады.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда физика мұғалімінің алдында тұрған мәселенің қиындық дәрежесі туралы толық көрсету үшін өздерінің үйірмесі, өздерінің факультативтері, қабырға газеттері, кештері, олимпиадалары болу керек, сондықтан да мұғалімге мұндай жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі тағы бес есе қиындай түседі. Екіншісі, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда ғылымға сияқты оқушылардың физикаға қызығушылығын дамытуға бағдарлау мүмкін еместігімен байланысты. Физика мұғалімі қоғамға физик-ғалымға сұраныс шектеулі екендігін, сондықтан оқушыларды жұмысшы техник және инженер кәсіптерін таңдауға бағдарлау керек екендігін әр уақытта есінде ұстау қажет. Өндіріс сферасындағы көптеген кәсіптерге қызығушылықты физиканың практикамен тығыз байланысына бағдарланған әр түрлі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде сәтті қалыптастыруға болады.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырған кезде жүргізушіде физикаға немесе оның практикалық өмірдегі қосымшаларына қызығатын оқушылардың қызығушылығын және оның қабілеттерінің дамуын қанағаттандыру мүмкіндігін көрсету принципі болу керек.
Физика ғылым ретінде оқушылардың біраз бөлігінің қызығушылығын тудырады, ал одан да көп оқушылар оның практикалық қосымшасына қызығады. Сыныптан тыс жұмыстардың әр түрлі формаларына қатысушылар оқушылардың жалпы санының ¼ бөлігінен аз болмайды.
Бұл жұмыстарды мұғалім қалай игереді екен? Физикадан мұндай жұмыстардың негізгі мәселелерін шешудің мүмкін жолдары алуан түрлі және мектеп жұмысының нақты жағдайларына байланысты болады. Егер мектеп шағын ғана болса және ол жерде бір ғана физика мұғалімі жұмыс істесе, онда әрбір сынып үшін (7-ден 11-ге дейін) физикадан үйірмелермен факультативтерді ұйымдастыру іс жүзінде мүмкін емес. Бұл жерде сыныптан тыс жұмыстың центрі 9-11 сынып оқушыларына арналған физикалық немесе физика-техникалық үйірме болуы мүмкін. Осы үйірменің мүшелерінен тұратын арнайы топ төменгі және ортаңғы сыныптардағы физикаға икемділік танытқан оқушылармен жұмыс істеуіне ұйымдастыруға болады.
Үлкен мектептерде (3-5 параллель сыныптары бар) сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі әжептеуір жеңілдейді, өйткені жұмыстар бірнеше мұғалімдердің арасында бөлінеді.
Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың барлық жүйесінің ұйымдастырушылық пен координациялық орталығы факультатив сабақтарға немесе үйірмелерге қатысатын оқушылар тобы болады. Осы топтағы оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін оқып үйрену негізінде жеке оқушылармен индивидуальді жұмыстар жүргізуге болады. Ал сыныптан тыс жұмыстардың әрүрлі бұқаралық формаларын (физкалық олимпиада және конкурстар, физика декадасы және тақырыптық кештер және т.б.) ұйымдастыруда физикалық үйірме мен факультатив ұжымдары жетекші роль атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет