Физика декадасын өткізу
Физика декадасын күндері өткізілетін іс-шаралар, ерекше есте қалатындай болу керек. Оқушылар арасында физика білімін насихаттау және мейлінше қабілеттерді айқындау қажет.
Байқаулар.
1. Крассвордтар мен ребустар байқауы. 8-9 сыныптардың үй тапсырмасын орындау формасының бірі крассвордтар, сканвордтар, ребустар құрастыру болуы мүмкін. Мұндай жұмыстардың маңызды қорытындысы оқушылардың физикалық терминдерді, ұғымдарды, атауларды анық түсініп және саналы меңгеру болып табылады. Ойындарды өз бетінше құрастыру күшті оқушылардың өзін оқулыққа бірнеше рет қарауға мәжбүр етеді. Ең маңыздысы оны оқушы өз еркімен істейтіндігінде. Дұрыс құрастырылған кроссвордтар мен ребустарға мұғалім журналға баға қояды, ал ең жақсыларын (10-15) байқауға іріктеп алады.
Осы байқауды өткізуге жауапты штаб мүшесі іріктен алынған материалдарды безендіруін басқарады. Таңдап алынған крассвордтар мен ребустарды құрастырушының аты-жөнін көрсетіп мектеп каридорына іледі. Оқушылардың үзілісте және сабақтан соң шешуге мүмкіндіктері болады. Егер шешу тез өтсе( 2-3күн) крассвордтар мен ребустарды басқасымен ауыстырып қойса болады.
2. Рефераттар байқауы (9-11 сыныптар үшін). Декаданы өткізуден 7-10 бұрын әдебиеттер тізімі көрсетілген рефераттар тақырыбы мен қабылдау мерзімі декада стендіне ілінеді. Оқушылар тақырыпты қалаулары бойынша таңдайды, бірақ мұғалім сыныптарда оқушының назарын әр бір тақырыптың маңыздылығына аудара отырып, түсіндіру қажет.
Оқушыларға ұсынылған тақырыптардағы сұрақтар кең ауқым қамту керек, яғни тек қана физикаға емес, тарихты, әдебиетті, биологияны қызықтыратын оқушылардың сұранысына жауап беру керек. Бұл жағдайда оқушылардың физикаға қызығушылығын өзінде бар басқа пәнге қызығушылығы арқылы тәрбиелеуге мүмкіндік жасалады.
Белгіленген мерзімде байқауға жауапты штаб мүшелері авторлардан безендендірілген рефераттарды қабылдайды. Бір-екі күннен кейін байқау жеңімпаздарын хабарлайды. Мазмұны мен безендендірілу бойынша ең жақсы жұмысты стендке іліп қояды және мектеп кітапханасына тапсырады. Сөйтіп барлық оқушылардың өздерінің жолдастары жазған қызықты жұмыспен танысуларына мүмкіндігі болады. Кітапханадағы рефератпен жұмыс істеу оның мазмұнына және рефераттың авторларын беделіне талап айтарлықтай күшейді.
Рефераттардың мүмкін тақырыптарын келтіреміз:
9 сынып
Ауырлық күшінің әсерінен қозғалыс.
Ньютон заңдарын қолдану шекарасы.
Механикадағы сақталу заңдары.
Ғарыштық ұшулардың физикалық негіздері.
Физика және климаттық өзгерісі.
10 сынып
М.В.Ломоносов-ұлы орыс ғалымы.
Температура ұғымы және температуралық шкалалар.
Термодинамгиканың ІІ бастамасы және Әлемнің жылулық қоспасы.
Қатты денелердің электр өткізгіштігінің зоналық теориясы.
Заттың магниттік қасиеттері.
Биофизика-ХХ ғасыр ғылымы.
11 сынып
Механикалық тербелістерді ғылымда және техникада қолдану.
Радионы ойлап табу тарихы.
Электрондық микроскоп.
Салыстырмалық теориясының парадокстары.
Э.Фермидің өмірі мен шығармашылығы.
Физикадағы жаңа дәуір.
3. Ғылыми жобалардың байқауы (7-10 сыныптар үшін). Бұл байқаулар мақсаты-оқушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетіншелігін дамыту,оларды зерттеушілік жұмыспен таныстыру.
Физика декадасы бойында мектепте ОКБ-1 (Оқушылардың конструкциялық бюросы мен мектп номері) декада штабының, мүшелерінің басшылығымен жұмыс істейді. Физика мұғалім әр бір сыныпта жобалар байқауға қатысатындығы жөнінде. Байқау шарты қандай екендігін түсіндіреді. Оқушылар уйде өз қалауы бойынша ғылымы өнертапқыштықпен айналысады. Ол нақты және фантастикалық жобалар болуы мүмкін. Жобаның эскизі, суреті немесе сызбасын өнертапқыш ОКБ-да үлкен парақты белгіленген мерзімде көрсету қажет. Байқауға тапсырылған жобаларды мектеп оқушылары таныстыру үшін ОКБ-ң арнайы стендінде ілінеді.
Декада соңында ең қызық іс-шаралардың бірі-жобаларды қорғауды өткізуге болады. Қорғау үшін он бірінші сыныптардан әділ қазылар тағайындалады.
Қорғау келесі түрде өтеді:
Жоба авторы өзінің жобасының мәнімен таныстырды.
Жобаның оң және теріс жақтарын көрсететін оппоненттің сөзге шығуы-2 мин (оппонентті өнертапқыштың өзі таңдайды, ал ОКБ-ң басшысы бекітеді)
Жоба авторына сұрақтары және жауаптары-1-2 мин
Іріктелген барлық жобаларды әділ қазылар талқылаған соң жобаны практикалық құндылығына ерекше көңіл аударып олардың әрқайсысын бағалап, жеңімпаздарды марапаттайды.
Ғылыми жобаны құрастыру-шығармашылық және көлемді еңбек сондықтан барлық авторларды марапаттау педагогикалық дұрыс болады (1-ші орын-біреу, 2-ші орын-екеу, 3-ші орын-үшеу, қалғандары-жұбаныш сыйлықтары). Сыйлық ОКБ жобалар байқауы жеңімпаз-автордың есінде қалатындай болу керек.
Мектеп оқушылары орындайтын жобалары мысалы:төмендегіше болады.
Ұшақ-сүңгуір қайық.
Альфа-1 ай станциясы.
Фотонды қозғалтқышты ракета.
Судың электролиз реакциясына негізделген суасты кастюм.
Берілген климатқа арналған мейлінше ыңғайлы ерекше формалы үй.
Егер жобаны қорғау отырысына жоғары оқу орындарына ғалымдар қатыстырылса қорғау оданда қызығыр-ақ өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |