Экскурсияларды ґткізудіѕ ўйымдастырылуы жјне методикасы


Үй лабораториясын қолдану



бет16/34
Дата22.02.2023
өлшемі452,5 Kb.
#169792
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
dip -fizikadan-synyptan-tys-zhumystardy-uyymdastyru-adisteri-jukgpi-2013-53

Үй лабораториясын қолдану

6-9 сынып оқушыларына физика декадасы басталуына екі апта бұрын тек қана қолда бар құралды қолданып, физика курсының кез келген тақырыбы бойынша үй лабараторияларын ұйымдастыру тапсырылады.


Декада уақытында оқушылардың үйде жасаған лабараторияларын демонстрациялауға және оларды өздері түсіндіруіне бір күн беріледі.
Үйде ең қызық тәжірбие дайындаған оқушы жеңімпаз саналады.
Үй лабараториялары тек сыныптан тыс сабақтар үшін ғана емес, физика сабақтары үшінде пайдалы болып табылады. Оқушылардың тапсырмасын оларға көрнекі құралдар мен приборлар жасауды тапсырып жайлап қиындатуға болады.
Оқу жылының соңында оқушылардың шығармашылығына көрме ұйымдастырған жөн.
Соңғы уақыттарда көрмеге балалар шығармашылығының тек қиын, күрделі моделдерін көрсету керек деп есептеліп жүр. Мұндай ережені дұрыс ден санауға болмайды. Балалардың техникалық шығармашылығын дамыту физика кабинетіне өте қажетті онша қиын емес құралдар мен қондырғыларды жасаудан басталады. Үй лабараторияларының байқауы мұғалімге қабілетті оқушыларға көмектеседі.


Мектеп радиоторабының жұмысы

Физика декадасының барысында 2-3 рет ғылыммен техниканың жаңа жетістіктері туралы, физикадан қызықты кітаптар туралы, мектеп физиктерінің жетістіктері туралы радиохабар ұйымдастыруға болады.




Физика декадасының қорытынды бөлімі

Физика декадасының қорытындысын кез келген үлкен қызықты физикалық іс-шарада: кеш, КВН, конференция әр түрлі физикалық сайыстар және т.б. жасауға болады. Бұл іс-шараның бірінші бөлімінде байқаулардың жеңімпаздарын, декадаға белсенді қатысқан сыныпты хабарлап, оларды марапаттау қажет. Егер декаданың аяқталуы жөнінде директордың бұйрығы оқылса жақсы болады. Бұл алғыс айтылған оқушылардың тізімі көрсетілген бұл бұйрықтың көшірмесін үлкен параққа жазып мектептің вестибюліне іліп қойған жөн.


2.2. “Физика озаты” –интелектуалды олимпиада

Мектептерде ұйымдастырылатын сабақтан тыс пәндiк iс-шаралардың алар маңызы зор. Пәндiк iс-шара оқушылардың физика пәнiнен алған бiлiмдерiн тереңдетедi, пәнге деген қызығушылығын және танымдық қызметiнiң белсендiлiгiн арттырады [4]. Төменде “Физика озаты” деп аталатын пәндiк iс-шараның жоспарын ұсынып отырмыз. Бұл iс-шара үш кезеңнен тұрады. Бiрiншi кезеңде мектеп көлемiнде жоғарғы сыныптар арасында физика пәнi бойынша тест өткiзiледi. Тест тапсырмаларынан жоғары ұпай жинаған бiрнеше оқушы iрiктелiп алынады. Екiншi кезеңде iрiктелiп алынған оқушылар қиындатылған есептерден тұратын тапсырмалар орындайды. Бұл кезеңнен жоғары нәтиже көрсеткен алты оқушы таңдап алынады да, олар қорытынды кезеңге қатысады. үшiншi қорытынды кезеңде таңдап алынған алты оқушыдан екi команда құрылады да, осы командалардың арасында интелектуалдық олимпиада ұйымдастырылады. Интелектуалдық олимпиада үш турдан және капитандар сайысынан тұрады:


1- тур.”Жорға“. Әр командаға 15 сұрақтан қойылады да, оған 200 секунд берiледi. Сұрақтар екi (дұрыс және дұрыс емес ) жауаптан тұратын тест түрiнде дайындалады. Әр сұрақ екi жауабымен оқылады, ал ойыншы екi жауаптың дұрысын таңдайды. Таңдаған жауабы дұрыс болса, ойынды бiрiншi ойыншы жалғастыра бередi. Қателескен жағдайда ойынды келесi ойыншы бiр саты алдынғы сұраққа жауап беру арқылы жалғастырады. Сөйтiп 15 сұрақ аяқталғанша ойын осылай жалғаса бередi. Ойыншылар 15 сұраққа 200 секундтан қаншалықты аз уақыт жұмсаса үнемделген әрбiр секунд ұшiн 10 ұпай береледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет