Мектеп-оқушыларының ғалым-физиктермен, инженерлермен, жұмысшылармен кездесуі.
Мұндай кездесудің мақсаты әр түрлі болуы мүмкін: мектеп бағдарламасы бойынша лекция; ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктері жөніндегі лекция; қонақтардың өздерінің кәсібі туралы, физика заңдарының өндірістегі қолданылуы туралы әңгімелеу.
Әртүрлі кәсіп иелерінің «Дөңгелек столда» кездесуі өте қызық болуы мүмкін. Мұндай кездесуге оқушылар алдын-ала дайындалу керек: қонақтарға сұрақтар ойлап табу керек, солармен бірге көрнекті құралдардың қажеттілігін талдау қажет (плакаттар, кестелер, диафильмдер, құралдар, бір бөлігін шақырылғандар алып келуі мүмкін). Физика туралы «еркін» сұхбаттасу мүмкіндігі оқушыларды қызықтырады.
Физика бойынша көрме.
Декаданың алғашқы күнінен –ақ мектеп кітапханасында «Физикадан не оқу керек?» немесе «Физикадан жаңа кітаптар» атты көрмелер ұйымдастырған жөн. Кітапхананың кірісіне хабарландыру іліп қою қажет: «Бұл жерде физика бойынша көрме ашылды». Егер кітаптар жабық витриналарға орналастырылған болса, онда аннотациялар құрастырып міндетті түрде кітаптардың жанына қойылған дұрыс. Көрмеде кітаптардың мазмұнымен таныс және оқушыларды қызықтыра білетін декада штабының мүшелері кезекшілік ету қажет.
Физика кабинеттерінде ашық есік сағаттары.
Оушылардың физикалық эксперименттерге қызығушылығы өте жақсы екендігі кеңінен белгілі. Физика декадасы барысында бұл қызығушылықты физика кабинетінде ашық есік сағатын өткізу уақытында дамытуға мүмкіндік туады.
Бұл іс-шараны барлық қалаушы 7-10 сынып оқушылары үшін алдын ала құрылған кестеге сәйкес (декада уақытында 3-4 рет) сабақтан соң өткізген дұрыс.
Алдын-ала тәжірбиелер тізімі жасалады, мүмкіндігінше мектеп физика курсының бір тақырыбына қатыстылары бір серияға біріктіріледі. Сериядағы тәжірбиелер саны 30-40 мин есептелгені жөн.
Табиғаттың шын заңдарын ашатын тәжірбиелердің мәні үлкен болады. Сондықтан қызықты тәжірбиелерге физикалық құбылыстардың мәнін ашатын тәжірбиелерді де қосу қажет.
Тәжірбиелердің бір сериясына жеке стол қойған жөн. Тәжірбиелерді оқушылар 2-3 адамнан тұратын оқушылар тобы орындауы мүмкін.
«Тәжірбиелер сағатын» 11 сынып оқушылары ұйымдастырады. Олардың міндетіне тек тәжірбиелерді дайындау және физика кабинетіне кезекшілік ету кіреді. Әрбір оқушыға тәжірбиелердің бір немесе екі сериясы бекітіледі. Ол төменгі сыныптарға көмектеседі, оларға тәжірбиенің мәні бойынша сұрақтар қояды және кабинеттегі тәртіпке қарайды.
Ашық есік сағатын арналған мүмкін тәжірбиелерден мысал келтірейік:
1-ші серия. Денені қыздырған кезде ұлғаю (металдардың ұлғаю, жылу релесінің жұмысы, судың айрықша қасиетін демонстранциялау).
2-ші серия. Дененің молекулалық құрылысы (дененің бөліктерге бөлінуі, сынаптың шала тотығының жетілуі, броундық қозғалысты бақылау, сұйықтардағы және қатты денелердегі молекула арасындағы тартылыс)
3-ші серия. Атмосфералық қысым (ауаның салмағы, ауа насосының қоңырауымен тәжірбие, магдебург жарты шарларымен тәжірбие, «ауыр газет» тәжірбиесі)
4-ші серия. Қатты және сұйық денелердің қысымы (қысымның тіреуіш ауданына тәуелділігіне демонстрнациялау, Паскаль шарымен тәжірбие).
5-ші серия. Дененің инерциясын иллюстрациялаушы тәжірбиелер.
6-шы серия. Салмақсыздық және асқын салмақ (сумен тотырылған, тесігі бар теннис шаригінің құлауымен тәжірбие; денені диномометрмен көтеру мен түсіру, катушка құлаған кезде жіптің таралуының тоқтауы, құлау уақытында жанудың тоқтауы).
7-ші серия. Денелердің жүзуі (картошканың тұзды суда жүзуі, кері итеруші күштің дененің көлеміне тәуелділігі, Архимед шелегімен тәжірбие).
8-ші серия. Дененің жылу өткізгіштігі (металдар мен диэлектриктердің жылу өткізгіштіктерін салыстыру,судың, шынының ауаның нашар жылуөткізгіштігі, «жанбайтын» қағазбен тәжірбие, судың қағаз ыдыста қайнауы).
9-шы серия. Механикалық және жылулық процестердегі энергияның сақталу заңы (қайнаған судың буымен тығынның ұшып шығуы, соққы кзінде дененің қызуы).
10-шы серия. Денелердің электризациясы (эбонит және шыны таяқшаның, тарақтың, металл және ағаш сызғыштың, сұйықтың электризациясы; электрометрлермен электрленбеген денелердің өзара әсерінің тәжірбиесі).
11-ші серия. Электрофор машинасымен тәжірбиелер (ұшқын разрядты алу, «сұлтандармен» тәжірбие, электростатикалық маятниктің қозғалысы, адамның электризациясы).
12-ші серия. Магниттік құбылыс (тұрақты магнитпен тәжірбие; жасанды тұрақты магнит дайындау).
13-ші серия. Электро және радиоконструкторлармен жұмыс (бірнеше стол).
14-ші серия. Фоторелемен жұмыс (фотоэлементтің әрекеті, фотокедергі, шамды ажыратып қосатын фотореленің жұмысы, деталдардың фотосанағышы, деталдардың сапасын анықтау).
Достарыңызбен бөлісу: |