«Эксперименталды психология» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚАУ


Такырып 4. Әдіснама, әдіс және әдістеме



бет10/39
Дата31.03.2022
өлшемі138,47 Kb.
#137487
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
Практ зан Эксп псих

Такырып 4. Әдіснама, әдіс және әдістеме
Әдіс - бұл ғылыми зерттеудің жолы немесе қандай да бір болмысты танудың тәсілі. Өз құрылымы жағынан ғылыми әдіс қандай да бір объектіні қарастырудың немесе операциялардың жиынтығы.
Әдіс (Метод;грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) – көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі. Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі, рейтинг әдісі, басқару әдісі және т.б. жатады.
Әдіс - өзінің психология пәнімен зерттеу объектісімен бірлігі арқылы зерттелінетін болмысқа деген ғылыми қадамды көрсетеді. Психологиядағы әдіс зерттеу әдістемелерінде нақтыланады.
Әдістеме (Методика) - әдістер жиынтығы; оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы.
Әдістемелер - зерттеудің нақтылы мақсаттары мен міндеттеріне жауап береді. Онда зерттеу объектісі мен зерттеу шараларының сипаттамасы бар. Бір әдістің төңірегінде бірнеше әдістемелер жасалынуы мүмкін.
Әдіс туралы ілім білімнің ерекше аумағын методология құрайды. Методология теориялық және практикалық іс-әрекетін құрылысын ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптерінің жүйесі негізінде, сондай-ақ осы ілім туралы жүйе ретінде қарастырылады.
Әдіснама (методология; грек methodosзерттеу жолы, теория, ілім және логия ) – ғылыми таным әдісі; ғылымда қолданылатын негізгі принциптер; дүниенің, қоғамның объективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игертуге және және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты – объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жолда, әдісте ақиқат болуы қажет. әдіснама негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснаманың дұрыс құрылған теорияға негізделгендіктен қате болуы да мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолдануда қателік болуы мүмкін. әдіс – пәннің ерекшелігі арқылы анықталғанмен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қарама-қайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін. Теория – объективтік шындықтың идеялық бейнесі. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Дұрыс құрылған теория – жаңа құбылыстарды танудың әдіснамасы. Әрбір ғылымның өзіндік пәні, демек өзіне сәйкес әдістері болады. әдістің негізінде білімдер жүйесі жатқандықтан (мыс.,математикалық немесе филосоиялық, логикалық және т.б.) олардың әдістері де әр алуан болып келеді. Осыған орай, ғылымда әдістерді топтастыру мәселесі пайда болды. Топтастыру әдістері белгісіне (қолдану өресіне, онгың заңдылықтары мен ұғымдарының сипатына байланысты) қарай іске асырылады. Осыған байланысты әдістерді екі үлкен топқа бөлуге болады: философиялық әдіс және жеке ғылымдар әдісі. Философиялық әдіс таным теориясымен байланысты болағндықтан, барлық ғылымға ортақ болып келеді. Белгілі бір ғылым саласында философиялық әдісті дұрыс қолдана білмеу көптеген әдіснамалық қателерге соқтырады. Диалектикалық материализм – дүниені танудың және өзгертудің бірден – бір ғылыми әдісі. әдіснаманы әдістен ажырата білген жөн.
Методология адамның теориялық та, практикалық та іс-әрекетіне жатады. Методология ғалымды немесе практикті ақиқат немесе шынайы нәтиже алу үшін оны қалай алу керектігін үйретеді. Методология-білімнің ұйымдастырылуы мен қозғалыс логикалық ішкі механизмдерін олардың өзгеру, қызмет ету механизмдерін зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет