Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2016 ж мәжілісінің № хаттамасымен бекітілген «6М080400 – балық шаруашылығы және өнеркәСІПТІК балық аулау»


Білім беру бағдарламасының пререквизиттері



бет2/4
Дата20.12.2023
өлшемі105,5 Kb.
#197846
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
6М080400 каз

3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
Зоология – 6 кредитов
Аквакультура -3 кредита
Ихтиология – 6 кредитов

4. Емтихан тақырыптарының тізімі


«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша


1. Омыртқасыздар зоологиясының мақсаты мен міндеті. Қысқаша даму тарихы, негізгі даму кезеңдері және бағыттары.
2. Зоологияның биология ғылымдарының арасындағы алатын орны мен олармен байланысы. Зоологияның тараулары және оларды зерттеу әдістемелері.
3. Омыртқасыз жануарлардың систематикасы, практикалық маңызы. Жалпы сипаттамасы және клеткалық құрылым деңгейіндегі жануарлардың систематикасы. Жануарлардың құрылым деңгейі.
4. Клеткалық деңгейдегі жәндіктердің систематикасы мен жалпы сипаттамасы. Қарапайымдылардың клетка деңгейінің күрделенуі.
5. Төменгі сатыдағы көпклеткалылардың сипаттамасы. Губкалардың құрылым ерекшеліктері және дамуы. Ішекқуыстылар – төменгі клеткалы жануарлар. Ішекқуыстылардың салыстырмалы-анатомиялық сипаттамасы және олардың тіршілік ортасы. Практикалық маңызы.
6. Паренхиматозды құрттар, жалпы сипаттамасы және жалпақ құрттардың маңызы. Мезодерманың қалыптасуы мен оның туындылары. Мезодерманың қанайналу жүйесін қалыптастырудағы ролі. Паренхиманың қызметі және құрылысы. Алғашқы қуыс, оның пайда болуы мен атқаратын қызметі. Жұмыр құрттардың сипаттамасы, жануарлардың паразиттік тіршілік етуге бейімделуі. Целом қуысты жануарлар. Целомның пайда болуы, атқаратын қызметі мен қалыптасу әдістері. Көпқылтанды құрттардың сипаттамасы, олардың құрылымының ерекшеліктері, дамуы және көбеюі.
7. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы және систематикасы. Шаянтәріздіер. Өрмекшітәрізділердің құрылым деңгейі, биологиясы және мінез-құлқы және олардың адам өміріндегі практикалық маңызы. Көпаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Олардың құрылымының ерекшеліктері және практикалық маңызы. Насекомдар класының сипаттамасы. Насекомдардың эмбриональды және постэмбриональды дамуы. Насекомдардың табиғатта, адам өмірінде және ауыл шаруашылығындағы маңызы.
8. Тікентерілер. Мшанкалар. Иінаяқтылар. Тікентерілердің құрылымының ерекшеліктері, систематикалық маңызы.


«Омыртқалылар зоологиясы» пәні бойынша
9. Хордалылар типінің шығу тегі, сипаттамасы, филогениясы мен систематикасы. Төменгі сатыдағы хордалылардың және омыртқалылардың жалпы құрылымы. Омыртқалылар тип тармағының жалпы ұйымдасуы. Омыртқалыларды Анамния және Амниота тобына бөлудің морфофизиологиялық негіздері. Омыртқалы жануарлардың дамуы. Эмбриональды дамудың сатылары.
10. Омыртқалы жануарлардың жабындысының морфологиялық эволюциясы. Анамниялар мен Амниоталардың эпидермисі мен дермасының және оның туындыларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Омыртқалылардың бассүйек қаңқасының шығу тегі мен эволюциясы. Анамниялар мен Амниоталардың нейрокраниумы мен спланхнокраниумының эмбриональды дамуы мен құрылысы. Жақтарының дамуы. Анамниялар мен Амниоталардың посткраниальды қаңқасының шығу тегі мен эволюциясы. Құрлық омыртқалыларының бессаусақты аяқтарының шығу тегі.
11. Дөңгелек ауыздылар мен шеміршекті балықтардың шығу тегі, жалпы сипаттамасы мен систематикасы. Сүйекті (қалаққанаттылар мен сәулеқанаттылар) балықтардың шығу тегі, жалпы сипаттамасы мен систематикасы.
12. Омыртқалылардың мүше жүйелерінің морфологиялық эволюциясы: қантасымалдау және тыныс алу, орталық және перифериялық жүйке, асқорыту және зәр-жыныс шығару жүйелері. Су және құрлықтағы омыртқалылардың су-тұз алмасу ерекшеліктері.
13. Құрлық омыртқалыларының шығу тегі. Қосмекенділердің жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы.
Тасбақалар, Крокодилдер мен Қабыршақты рептилиялардың жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы, шығу тегі. Жүзгіш, Жүгіргіш және Ұшқыш құстардың жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы. Жұмыртқасалушылар, Қалталылар және Плаценталы сүтқоректілердің жалпы құрылымы, биология мен систематикасы шығу тегі.


«Жалпы гидробиология» пәні бойынша

14. Су биоценоздардың классификациясы. Гидросфера жануарларының тіршілік ортасы-негізгі факторлары және олардың гидробионттарға әсер етуі: абиотикалық - температура, жарық, суда еріген заттар (газ, минералды тұздар, органикалық заттар), сутегі көрсеткіші және тотығу-қалпына келу мүмкіндігі; биотикалық факторлар.


15. Әлемдік Мұхит және оның экологиялық зоналарына жалпы сипаттама. Теңіздер және олардың сипаттамасы. Теңіз суының құрылымы және оның тұздылығы. Гидродинамика, температура, суының тұздылығы, оттегі, Әлемдік Мұхит және оны мекендеушілері зоопланктонның және зообентостың негізгі өкілдері. Теңіздің толқыны, қайтуы мен келуі. Су массасының араласуы. Теңіз гидробионттарды және экологиялық ерекшеліктері.
16. Көл және суқойма. Көлдің пайда болуы және олардың типтері мен бөлімдері. Көл суы және жылулық балансы. Тереңдікке байланысты температураның тербелісі. Көлдердің қатуы. Көлде тіршілік ететін организмдердің негізгі қоректену ортасының сипаттамасы.
17. Өзендер, олардың қоректенуі және су режимі. Өзеннің жылдық ағысының тербелісі. Өзендер ағысы мен үйінділердің қалыптасуы.
Өзендердің термикалық және мұздық режимдері. Гидробионттардың өзенде таралуы және құрылымының ерекшеліктері мен биологиясы.
18. Батпақ, олардың пайда болуы және негізгі типтері. Батпақтардың таралуы және олардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Батпақ фаунасын зерттеу. Су қабатындағы жануарлардың таралуы және олардың тіршілік формалары. Планктон, нектон, плейстон, нейстон. Рельеф түбінің және оның мекендеушілерінің сипаттамасы.
19. Бентос, пелагобентос, перифитон. Гидробионттардың қозғалу ерекшеліктері. Вертикальды және горизонтальды миграция. Гидробионттардың қоректенуі, қорегін табу тәсілдері, қоректену спектарлары мен қорегін таңдау. Қоректік база. Қоректену спектрі және тағамдық элективтілік. Гидробионттардың су-тұз алмасуы. Кеуіп қалудан қорғану, осмотикалық құрғату және суландыру. Гидробионттардың тыныс алуы және газ алмасуға бейімделуі. Гидробионттардың оттегі жетіспеушілігіне төзімділігі, жаппай қырылуы. Газ алмасудың интенсивтілігі. Көбею ритмі мен тәртібі. Гидробионттар популяциясының динамикасы мен ұдайы өндірісі. Популяциялардың сандық динамикасы және биомассасы.


«Жалпы ихтиология» пәні бойынша


20. Ихтиология пәннің түсінігі және оның биологияның басқа пәндерімен байланысы. Ихтиология дамуыныңы негізгі этаптары.
21.Жануарлар әлемі жүйесіндегі балықтар мен жақсыздардың орны. Су жануарлары ретіндегі олардың негізгі белгілерінің құрылымы. Балықтар мен жақсыздардың терісінің құрылысы. Тері бездері және олардың қызметі. Қабыршақтардың құрылысы және құрылысының эволюциясы. Хроматофорлар және тері пигменттері. Балықтардың түсі. Қаңқа және бұлшықет құрылысы. Қаңқаның систематикадағы құрылымдық маңызы. Жүзбеқанаттардың қызметі және құрылысы.
22. Балықтардың су қысымы мен тығыздығына бейімделуі. Негізгі қозғалу типтері, орын ауыстыруы. Асқорыту жүйелері: әртүрлі таксономиялық топтағы балықтардың және дөңгелекауыздылардың ас қорыту жүйесіне сипаттама, сүйекті және шеміршекті балықтар қатарының асқорыту жүйесінің эволюциясы. Тыныс алу мүшелері. Тыныс алу және қан айналу жүйесі. Сүйекті, шеміршекті, қостынысты балықтардың қан айналу жүйесінің ерекшеліктері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері.
23. Тіршілік ету ортасына байланысты балықтардың негізгі экологиялық топтары. Эври- және стенобионт туралы түсінік. Суқойманың термикалық режимінің балықтардың биологиялық процестерінің жылдамдығына, мінез-құлқына, таралуы мен көбеюіне әсері. Балықтардың толқын дыбыстарына сезімталдығы және олардың дыбысты бағдарлауы. Балықтар дыбыс шығару көздері. Балықтардың дыбыстық классификациясы.
24. Балықтардың түр ішілік қарым-қатынасы. Түрішілік топтардың пішіндері: популяциясы, үйірі, топталуы, колониясы, элементарлы популяция, мезгілдік тұқым. Топтасудың биологиялық маңызы. Балықтардың жасы мен өсуі. Балықтардың көлемі және өмір сүру ұзақтығы. Балықтардың өсуіне қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторларының әсері.
25. Балықтардың қорегі және қоректенуі, қоректік қарым-қатынастары. Қоректену сипаты бойынша балықтардың экологиялық топтары. Балықтардың көбеюі. Балықтардың көбею әдістері. Балықтардың тіршілік циклі. Тіршілік циклінің кезеңдері. Балықтардың миграциясының циклдары және себептері.
26. Шеміршекті және сүйекті ганоидттылардың биологиясы.
Отрядүсті Chondrostei. Сүйекті ганоидтылардың құрылым ерекшеліктері. Албырттәрізділер (Salmoniformes). Морфологиялық және биологиялық сипаты, системасы. Албырттар отряд тармағы: негізгі тұқымдастарының – албырттар (Salmonidae), хариустар (Thymallidae) таралуы, аулау шаруашылыққа маңызды өкілдері. Корюшкалар отряд тармағы (Osmeroidei), сипаты, маңызы.
27. Перкоидттылардың биологиясы мен систематикасы. Отрядүсті Percomorpha. Алабұғатәрізділер - Perciformes. Құрылымының негізгі ерекшеліктері. Отряд тармағының сипаттамасы. Әртүрлі пішіндері. Алабұға отряд тармағының (Percoidei) сипаттамасы, биологиясы және шаруашылық маңызы.

«Балық эмбриологиясы» пәні бойынша
28. Балықтардың эмбриологиясы басқа биологиялық пәндердің арасындағы орны. Эмбриологияның басқа биологиялық пәндермен байланысы. Эмбриологияны зерттеу әдістері, қазіргі бағыттары, теориялық биология және балық шаруашылығы тәжірибелері үшін маңызды.
29. Алғашқы немесе ұрықтық, жыныс клеткалары (АЖК), олардың жекелену орны мен уақыты, морфология және миграция. Жыныс клеткаларының дифференциациясы мен дамуы. Аналықтардың жыныс жүйесі. Аталық жыныс бездерінің құрылысы, типтері. Оогенез периодизациясы. Аталықтардың жыныс жүйесі, ұрық бездерінің құрылысы. Сперматогенездің периодизациясы. Шәуеттің құрылысы.
30. Балықтардың жұмыртқа типтері. Жұмыртқа қабықтары. Ішкі секреция бездерінің жыныс клеткаларының дамуы мен пісіп жетілуіндегі рөлі, көбею кезіндегі мінез-құлқы, өрістеу кезіндегі некелік түстің пайда болуы.
31. Ұрықтандыру және ұрықтану. Сырттай ұрықтанатын балықтардың эякуляты. Ұрықтану. Ұрықтану типтері. Плоидтылықты қайта қалпына келтіру тәсілдері. Табиғи гиногенез бен гибридогенездің сипаттамасы. Индукциялық диплоидты гиногенез.
32. Балықтәрізділер мен балықтардың эмбриональды және постэмбриональды дамуы. Радиальды немесе голобластикалық бөлшектенудің сипаты. Дискоидальды немесе меробластикалық бөлшектенудың сипаты.
33. Бластуланың морфологиясы. Гаструляция мен нейруляцияның ерекшеліктері; құлақ алды сомиттердің дифференцирациясы. Органогенез ерекшеліктері. Эктобласттың туындылары: эпидермис, нерв жүйесі, бас бөлімінің нерв түтігінің және сезімтал эктодермальді плакодтардың гипофиздің дифференциациясы (иіс сезу, көз жанары (хрусталик) және есту).
34. Сомиттердің бастамасы және дифференциациясы (эпи- және гипосомит), олардың туындылары. Энтодерманың туындылары: ішек түтігі, желбезек қапшықтары, қалқанша без. Мезомердің туындылары (гононефротоманың).
35. Жұмыртқадан шығу. Сүйекті балықтардың және бекірелердің постэмбриональды дамуының ерекшеліктері.


«Балық қорын қалыптастыру теориясы» пәні бойынша

36. Балықтар қорын қалыптастыру теориясының дамуының қысқаша тарихы. К.Линней, К.Бэр, Ч.Дарвин, Апштейн, Йорт, Г.Мендель, Т.Морган, С.С.Четвериков, Н.В.Тимофеев-Ресовский, Г.В.Никольский, А.В.Яблоков және т.б. еңбектерінің маңызы.


37. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Популяция және балықтар популяциясының динамикасы жайында ұғым. Популяцияның жыныстық, жастық, экологиялық және генетикалық құрылымы. Популяция – эволюция, басқару, меңгеру және мониторинг негізгі бірлігі ретінде.
38. Популяцияның жастық құрамының бейімдеушілік маңызының сипаты. Популяциядағы жыныстық құрамның қатынастары. Популяцияның мөлшерлік-жыныстық құрамы. Жалпы және кәсіптік өлім-жетім. Аулау кезендегі өлім-жетім. Балық популяцияларына жыртқыштардың және кәсіптік аулаудың әсерінің салыстырмалы сипаттамасы. Балықтардың қорекпен қамтамасыз етілуі және қоректік қарым-қатынастар.
39. Балықтар популяциясының абсолютті және салыстырмалы санын есептеу әдістері: Белгілеу арқылы үйір санын есептеу. Қоректі пайдалану қарқындылығы бойынша санын бағалау әдісі. Аудан бойынша есептеу әдісі. Активті (сүйретпен, кермеше ау т.б.) және пассивті (құрма аулар, қабадандар-мордушкалар, нәретелер- вентерлер және басқалары) аулау құралдары негізінде санын бағалау.
40. Қазіргі кездегі балық қорын тұрақты пайдалану және биологиялық әртүрлілікті экологияға маңызды заңдар мен принциптер тұрғысынан қорғау.
41. Балықтар популяциясының өнімділігін арттырудың негізгі принциптері. Аулау мөлшерін болжаудың биологиялық принциптері және әдістері.
42. Суқойманың қоректік ресурстарын тиімді пайдалану. Шаруашылықтағы бағалы популяцияның тиімді эксплуатациясы. Үйірдің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету. Шаруашылықта маңызды популяцияларды тиімді пайдалану.


«Аквакультура» пәні бойынша
43. Аквакультураның даму тарихы. Балық өсірудің пайда болуы. ТМД-да, шет елдерде балық шаруашылығының дамуы. Қазақстанда балық өсірудің даму тарихы. Тоғанда балық өсіру шаруашылығының құрылысы. Тоғанда балық өсіру шаруашылықтарының типтері, жүйелері және айналымдары.
44. Балық өндіру ғылымының жаңа жетістіктеріне байланысты аквакультураның құрылымына дәстүрлі және заманауи көзқарастар. Қазақстандағы балық өндірудің қазіргі жағдайы: қазіргі балық шаруашылықтары, оларды пайдалану технологиясы және маңызы.
45. Балықөсіру шаруашылықтарында тоғандарды ұйымдастыру. Типтері, жүйесі және балықөсіру тоғандарының айналымдары. Тоғандардың категориялары. Балық өсіру тоғандарының обьектілері және олардың биологиялық ерекшеліктері. Балық өсіру шаруашылығының құрылысына жер телімін таңдау. Тұқыны өсіру және көбейту технологиясы.
46. Технологияның жалпы сипаттамасы. Ұрпақ алу. Дернәсілдер өсіру. Шабақтарды өсіру. Шабақтарды қыстату.
47. Тауарлық балықтарды өсіру. Тұқыны өсірудің жаңа технологиялары. Технологияның жалпы сипаттамасы. Өсімдікпен қоректенетін балықтарды өсіру биотехникасы. Бекіре балықтарын жасанды өсіру биотехникасы. Өсірілетін объектілер. Албырт балықтарын жасанды өсіру биотехникасы. Жайын, тиляпия, жылан балықтарды өсірудің технологиясы.
48. Поликультура. Технологияның жалпы сипаттамасы. Балық өсірудің біріктірілген формалары: 1. Балықтарды күріш атыздарында өсіру. Балық өсіруші тоғандарды ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруде қолдану. Балық өсіруші тоғандарда суда жүзуші құстарды өсіру. Балықты торфтық карьерлерде өсіру. Балықтарды балық-биологиялық тоғандарда өсіру. Су аэрациясы.
49. Тоғандардағы лайлану мен өсімдіктердің өсіп кетуінен күрес. Тоғандарды тыңайту. Суқоймадағы азот пен фосфордың айналымы. Суқоймаларға тыңайтқыштың қажеттілігі және оларды пайдалану мөлшері. Суқоймаларды тыңайту технологиясы. Балық өсіруде тыңайтқышты қолдану сипаты. Қоректік организмдерді дамыту және интродукциясы. Жалпы сипаттамасы.
50. Көл-балық өсіру объектісі ретінде. Қазақстандағы көлде балық өсірудің даму перспективасы. Көл-тауар балық өсіру шаруашылығы (КТБШ), ұйымының принциптері, КБТШ технологиясы. КБТШ-да өсірілетін объектілер. Көлдердің мелиорациясы. Жыртқыш балықтармен күрес, көл өнімділігін ұлғайту. Эффективтілігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет