Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Тақырып 11 дәріс. Салықтық құқығы – қаржылық құқықтың институты ретіндегі өзекті мәселелері



бет38/53
Дата08.02.2022
өлшемі157,05 Kb.
#122501
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР (1)

Тақырып 11 дәріс. Салықтық құқығы – қаржылық құқықтың институты ретіндегі өзекті мәселелері.


Түйінді сөздер: Салықтық құқық, салық, баж, төлем, салық объектілері, салық субъектілері және т.б.

Негізгі сұрақтар:


  1. Салықтық құқықтың пәні, әдісі, қайнар көздері және қағидалары. Салықтық құқықтық қатынастардың субъектілері.

  2. Салықтардың қалыптасу тарихы және ерте кездегі салықтардың түрлері.

  3. Салықтың түсінігі, құрамы және салықтың түрлері.Салықтың атқаратын рөлі. Салықтардың жіктелуі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі.

Тезис:


Салықтық құқық деп, салық төлеуші мен мемлекет немесе мемлекеттік органдар
арасында пайда болатықнұқықтық қатынаста рды ретейтінқұқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз. Салықтық құқықтың пәнін осы салық салау саласындағы туындайтын қоғамтық қатынтастар тобы. Салықтық құқық та басқа құқық тәрізді құқықтық реттеу әдістерінен тұрады. Олардың ішінде басты құқықтық реттеу әдіс – императивті, өктем әдіс болып табылады. Салықтық құқық қаржылық құқықтың бір бөлімі болғанымен, өзіне тән құқық жұйесін құрайды. Ғалымдардың тұжырымы бойынша салықтық құқықтық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұратын құқықтық
институттардан ұтрады. С алық тек мемлекеттік-өктем түрде белгіленген төлем.
Салықтарды белгілеу және алу кезінде мемлекет салық төлеушілердің келісімін , ерік білдіруін қажет қылмайды. Салық – еріксіз төлем болып табылады. Салық төлеушілер мемлекеттің біржақты-өктем ерік білдіруінің нәтижесінде салықты еріксіз түрде төлеуге мәжбүр болады. Салық – меншік нысаны ауысатын өтлем. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың меншігіндегі ақшалар мемлекет меншігіне айналады.
Салық туралы ұғым ерте заманнан қалыптасқан. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер” Салық көдексіне сәйкес, салық дегеніміз – мемлекеттік органмен қамтамасыз етілетін, бюджетке төленетін міндетті, қайтарымсыз ақшалай төлем. Салық кодексінде көзделге ндей салықтың төғыз түрі бар, мысалға, жеке табыс салығы, корпорациялық табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы, әлеуметтік салық, акциздер, т.б. салықтан басқа да міндетті төлемдер болады, атап айтатын болсақ: төлем ақылар, алымдар, баж және кедендік төлемдер.
Салық салу объектісіне байланысты салықтыр тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салықтар, яғни жеке және заңды тұлғалардың табыстары мен мүліктеріне тікелей, нақты белгіленетін салықтар. Жанама салықтар тауарлардың бағасы мен көрсетілген қыз меттердің тарифтері арқылы алынатын салықтар. Салықтар бақа да белгілерге байланысты жіктеледі.
Салықтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне:

  • мемлекет;

  • мемлекеттік органдар;

  • заңды тұлғалар;

  • жеке тұлғалар;

Аталған субъектілерді формасына, құқықтық жағдайына байланысты тғаы да жіктеуге болады. Салқытық құқықтық қатынастарды субъектілердің арасында негізге субъект – салық төлеушілер болып табылады. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, экономикасының тұрақты болуы үшін салықтық құқықтық рөлі аса маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет