22. Әл-Фараби философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі туралы Әбу Насыр әл-Фараби – көрнекті, аты әлемге әйгілі ғалымдардың бірі болып саналады. Ол көптеген ғылымдарға өз үлесін белсене қосқан ғалымдардың бірі. Толықтыра айта кетсек, ислам діні туралы, әлеуметтану ғылымына,, математика, физика,астрономия, ботаника, лингвистика, логика, музыка және көптеген салаларға өз үлесін қосқан. Сол зерттеген ғылымдарының бірі философия ғылымына назар аударсақ, жан мен тәннің зерттелуіне баса көңіл қоятынын байқауымызға болады. Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында негізгі үш бағытқа тоқталады: біріншісі, ол дүниенің мәңгілігін мойындады, екінші, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ал үшінші, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, адамзаттың ақыл-парасатынан, адамның ішкі жан-дүниесінен, түр мен заттар арақатынасынан іздеді. Өзі зерттеу жүргізген грек ғалымы Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын өзіне қабылдады және оны осы тұрғыдан барынша түсіндіруге тырысты. Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған дұрыс болады. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, сонымен қатар өз алдына жеке ғылым. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл болып саналады. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған қорған еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның негізгі 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы бар мақсат —жалпылықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу болып табылады. Философ адамның өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Сонымен қатар қайырымдылықты біреуге мейірім төгумен теңестіруге тырысты. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.Шынында барлығы адамның жеке өзіне тікелей байланысты деп айтсақ та болады. Себебі, адам нені қалайтынын, нені жасағысы келетінін жақсы біледі. Өз-өзін қолға алып, жеке өзімен жұмыс жасаса барлық адам қайырымды. Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салады. Аристотельдің «Никомахтың этикасында» келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, яғни айтқанда мәңгілік заттарды қамтыса, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі деп есептейді. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай босқа тек бір бағытта жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Яғни, айтқанда логиканы миды жанжақты дамыту қажет. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн. Шынында да, кез келген мәселені ақылға салып, логикамен шешсек барлық дерлік түйіннің күрмеуі шешіледі. Кез келген нәрсе адамның жеке өзіне байланысты. Ол проблеманы немесе қиындық тудырып жатқан мәселелерді ақылға салып, тыныш жерде отырып, АЛЛАдан көмек сұраса кез келген жағдай оңалады ол үшін қайырлы болса әрине. Қорытындылай келе, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс. Сонымен қатар, айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатса, адам тек шыншыл адамға айналып, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Бабамыздың бізге қалдырып кеткен мұраларын біз бойымызға сіңіріп, ұрпақтарымызға жеткізуіміз керек деп білемін! Әл-Фарабидың философияны үйрену үшін нені білу қажеттігі жайлы ойлары.
23. Әл-Фарабидың іліміндегі болмыстың бастамалары жайлы көзқарастары.