Әл-фарабидің педагогикалық-психологиялық КӨЗҚарастары мазмұны кіріспе



бет14/21
Дата07.02.2022
өлшемі459 Kb.
#87347
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

1.4 Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі.

Ұстаз шеберлігі дегеніміз — тек мұғалімнің жан-жақты және методикалық сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді бойға сіңіруі, ұстаздық әдеп жайын сөз еткенде біз әрдайым ғалымдардың зерттеулеріне назар аударамыз. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда "Ұстаз", "Тәрбиеші, "Мұғалім" деп қастерлі мамандық сыр сипаты 200-ден астам компоненттерден тұрады екен. Осы ұстаз өнегісінің, озат үлгісі жөнінде ғұлама ғалым Әл-Фарабидің айтуы бойынша нағыз ұстаз ғана айтқанын екі еткізбейтін, ешкім шағым жасауға батылы бармайтын, білімі телегей - теңіздей, ақыл-ой парасаты да, ерік- жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге көрсетеді, ол халықты соңына ертіп, оның мұң-мұқтажын, талап- тілегін орындай алады.


Әл-Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық қадірлісі. Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса мұның екеуі де "сегіз қырлы, бір сырлы" қай жағынан да болса барша халықтан қош ілгері тұрған кісілер. Сондықтан бұл екеуіне де мынадай 12 түрлі қасиет сәтті қабысып келсе нұр үстіне нұр болған болар еді:
1. Тән ерекше жетілген түрлі іс-әрекетті нәтижелі етіп орындауға ыңғайлы бейім болуы;
2. Нені болса да жақсы айырып, тез тұжырымға келе алатын;
3. Өзінің түсініп, сезгенін көріп, білгенін есіне жақсы сақтай алатын;
4. Көреген ойлы, талғампаз, ақылды адам болуы;
5. Ойын анық, дәл бере алатын, көркем сөйлей алатын шешен;
6. Ілім-білімді, оқу-ғылымды жан тәнімен, ұңғыл-шұңғылын ақыл-ой жұмысының үлкен бейнетін тек ләззат санайтын адам;
7. Қайда жүрсе де өте ұстамды;
8. Өтірік-өсекті, мылжыңдықты жек көріп, шындықты, әділдікті бар ынтасымен сүйе білу;
9. Өр кеуделі, жан мен арын бірдей кіршіксіз ұстайтын адам;
10.Мал-мүліккке, дүние-жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпау;
11 .Табиғатынан әділ, шынайы, шыншыл;
12.Басқаға дау, өзіне де қиянат қыңыр-қиқар болмай, әркез шешімге келе алатын байсалдығы мен батылдығы қатар жүре алатын, қорқыныш пен үрейге жол бермейтін адам; /13/.
Осылайша бабамыз Әл-Фараби өнегелі ұстаз бен әділ билеушіге ортақ 12 қасиетке мән береді де, бұған қосымша жұртты аузына қаратқан даналық, заң мен әдеп-ғұрыптарға жетістік, іс-әрекеті осыларға сәйкес. Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандайда бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да бір - біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселерінің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады. Осындай қауымның барлық мүшелерінің іс - әрекеті жиналып келгенде олардың әрқайсында өмір сүру үшін және кемелділікке жету үшін керекті нәрсенің бәрін тауып беріп отырады. Міне, сондықтан да, адамзат индивидтері көбейе түсіп, жер жүзіндегі әр түрлі мекендерге қоныс тепті, осының нәтижесінде адам қоғамдары пайда болды... /14/.
Әл-Фараби ұстаз бен шәкірт арасындағы ара- қатынастарды олардың моральдық қатынастың қандай болу керектігін де ескерген. Ұстаз өз шәкірттерінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы қасиеттер болу қажет. "Мұғалімдік" (ұстаздық) еткен адамның өлшеуі тым өкпелі болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты үнемі ызғармен болса, онда оқушылар мұғалімді жек көретін хәлге жетеді. Егер тым босатып жіберген кішіпейілдік болса, онда оқушылар жағынан мүғалімдерді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі тұрады деп жазды өзінің "Философияны үйрену үшін алдын-ала не қажет" деген еңбегінде.
Ешбір жанға бағынбайтын басшы - адам, міне, осындай. Ол - иман, ол -қайрымды қаланың бірінші басшысы, ол - халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы. Өз бойында туа біткен он екі қасиетті ұштастырған адам ғана осындай бола алады. Біріншіден, бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы тиіс, сонда егер, осы адам әлде бір мүшесінің жәрдемімен әлденендей бір іс істемек болса, ол мұны оп - оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанын бәрін жете түсінетін, айтылған сөзінің сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай — жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгенін айдан - анық айтып бере алатын тілмар болуы шарт; өнер - білімге құштар болу, оқып -үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай бұған оңай жететін болуы керек: тағамға, ішімдік ішуге, сыр - сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болуы керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; шындықпен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік — жалған мен суайттарды жек көру керек; жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын болуы шарт; оның жаны жаратылыстан пасық істердің бәрінен жоғары болып, жаратылысынан игі істерге ынтызар болуы тиіс; дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; жаратылысынан әділеттілікпен әділеттілерді сүйіп әділетсіздікпен озбырлықта және осылардың иелерін жек көруі керек; жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып, жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыру қажет; әділ болу керек, бірақ қыңыр болмауы керек, әділеттілік алдында ойыс мінез көрсетіп қасарыспау керек, бірақ әділетсіздікпен пасықтық атаулыға мүлдем рақымсыз болуы шарт; өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқынышпен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек... /8,25/.
... Кімде — кім туған кезінен бастап және жас жеткіншек шағында жоғарыда аталаған шарттарды бойына дарытқан болса және есейгеннен кейін басқа алты шартқа сай келетін болса, біріншісінің орнын басатын екінші басшы сол болады:
- Бірінші шарт - дана болу.
- Екінші шарт - қалаға арнап бірінші имамдар белгілеген заңдарды, ережелер мен әдет - ғұрыптарды жадында сақтап, жетік білу, өзінің барлық іс -әрекетін осыларға сәйкес жүргізу.
- Үшінші шарт - бұрынғылардан тиісті заң сақталмаған жағдайда, бірінші имамдардың үлгісімен әрекет жасай отырып, бұл жөнінде тапқырлық көрсету.
- Төртінші — бірінші имамдар аңдай алмаған нәрселерді, бұрыннан қалыптасып қалған жағдайды да, болашақ оқиғаларды да қалаған кезінде танып - біліп отырарлықтай тапқыр да білгір болу; өзінің осындай іс - әрекетінде ол халықтың әл - ауқатын жақсартуды мақсат етуге тиіс.
- Бесінші - бірінші имамдарының заңдарын және солардан кейін, солардың үлгісі бойынша өзі белгілеген заңдарды орындауға жұртты өз сөзімен жігерлендіре білу.
- Алтыншы - әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу, оның бер жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде біліп алу...
Фараби ең әуелі ұстаз, ағартушы, оның бүкіл философиялық ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған. Ол-адамдарды шынайы бақытқа жеткізу жолдарын табуды мұрат тұтады.
Ұстаздың айтуы бойынша адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жетеді. Ол шартты түрде адамды нағыз бақытқа, мұратқа бастайтын негізгі кредосы - адамдар бақыт жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік қатынаста өмір сүруі ләзім.
Бала тәрбиесі қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі қамқорлығы, жастарды халық өміріне байланысты білімдермен қаруландыру, балаға оның жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп шын жүректен қамқорлықты қарым-қатынас мұның бәрі ұлы ұстаздың педагогикалық жүйесінің құрамды бөлігі. Халықтан алып пайдаланылған көптеген ережелер оның ілімінің демократикалық, гуманистік өзегін құрады және оның педагогикасының озық бағыттылығын күшейтеді. /15/.
Әрине, ұлы педагогтің халықтық тәрбие дәстүрлерін алып пайдаланып және өз жүйесіне негізін салып қана қоюымен шектелмеуі әбден табиғи жағдай. Ол педагогикалық құбылыстардың жиынтығын байыптады. Тәрбие және тәрбиелеу орындары мәнін түсіндіруге жаңа мазмұн беріп, әрі қарай шығармашылықпен дамыта алды.
Ұстаздың пікірінше, оқу, білім алу, ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты. Мәселен, "Философияны үйрену ушін алдын-ала не қажет" деген еңбегінде бірінші алғышарт ретінде жан тазалығын, ар тазалығын қойған.
Адам өмірі үшін, әсіресе ұстаздарға бұл құралдың қажеттігі түсінікті. Ұстаздың негізгі мақсаты- өз шәкіртіне білім беріп, ізгілікті мінез-кұлыққа тәрбиелеу деп білсек, сол тиянақты білім, ізгілік ұстаздың өз бойында болуы шарт. Егер де өзінің бойында кездеспейтін болса, онда логика саласында надан деп есептелініп, қайсыбір мәселеде кімдікі жөн екенін, оның қалайша жөн екенін ажырата алмайды. Бұл жағдай ұстаз бойында кездесетін болса, сөзсіз оның беделін түсіріп, өз шәкірттерінің мінез-құлық, іс-әрекеттеріне дұрыс баға бере алмағандықтан, олардың арасында түсінбеушілік, кейде бір-біріне деген дөрекілік, жүрген жерде әрине, логика, парасаттылық туралы дұрыс түсінік болуы мүмкін емес. Сол себепті шәкірттің ой-талағамын жетілдіру, оның іс-әрекет жасауына көмектесу-ұстаз парызы./77/
Кемеңгер ұлы ғалым ұстаз туралы былай деген екен: "Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны жақындарына да жай адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақындық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек".
Сонымен, Әл-Фараби бабамыз шәкірт пен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың тиімді әдістерін пайдалана білгендіктен, оның ұстаздық шеберлігі жоғары деңгейде бағаланып, оны "ұлы ұстаз" деп танимыз.
Яғни, ол өз дәуіріндегі замандастары оны "Шығыстың екінші ұстазы" деп мойындағанынан-ақ көруге болады және де Әл-Фараби ең әуелі ағартушы болғандықтан, оның бүкіл философиялық ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған. Әл-Фараби — адамдарды шынайы бақытқа жеткізу жолдарын табуды мұрат тұтады. /14,16/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет