«Елбасым, саған ризамын!»
Мақсаты: 1 Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
2. шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет
«Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»
Жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Жүргізуші: Қайырлы күн қонақтар!
Бірге:Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасым,саған ризамын!» атты
тәрбие сағатымызды бастаймыз!
ҚР Гимні ойналады.
Жүргізуші:
Алишер Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сыйлап алған,
Елімнің бар Президенті
Ұлдана Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған .
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
Тәуелсіздік шежіресі
1991 жыл 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. (Зарина)
1992 жыл 4 маусымда Қ Р Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады. (Аружан)
1995 жыл 30 тамызда жалпы халықаралық референдумда ҚР Конституциясы қабылданды. (Қуаныш)
1- жүргізуші : Алишер, сен қалай ойлайсың, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2- жүргізуші: Әрине,Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.Ұлдана, осының барлығы біздің Ата заңымызбен басқарылып отыр емес пе?
Музыка
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің. Ұлдана
Ата Заңмен бекітемін дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен,тұтастығын жеріміз. Гүлмина
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды ,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды. Әсем
Әрбір бабы маңызды,әр көңілдің жыры бір, Гүлназ
Бізде 30 тамыз –Ата Заңның күні бұл.
Хор. «Қазақстан жалауы»
Қазақстан! Мерей
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған ,
Бұл далада атам қолға ту алған .
Бұл далаға жылап келіп,уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Бірде шырқап,бірде төмен құлаған, Алішер
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.
Алішер Ән «Жасыл жайлау»
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы,
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бірі Елбасының арқасы. Сабыржан
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші,ағайындар –бәріміз. Жазерке
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де,әніміз.
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Қарлығаш
Президентім, елбасы,аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым,өр халқым!
Ән. «Жаса Қазақстан» Даулет
Би қазақша Ұлдана
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, 1-сынып оқушыларды дайындаған Төле би бабамыздың кемеңгірлігін дәріптейтін «Ақыл –жастан » көрінісін тамашалаңыздар!
Мұғалім: Кең байтақ қазақ даласына көз тіккен жоңғарлар, шүршіттер жан-жақтан шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Осындай аласапыран кезеңде ел қамы үшін найзаның ұшымен, білектің күшімен ғана емес, сөзге шешен, тапқырлығымен ел мүддесін қорғаған әйгілі Төле би, Қаз дпуысты Қазбак би, Әйтеке билер әділ шешім айтып, жастайынан ел билігіне араласты.
Қобызбен күй орындалып тұрады
Көрініс «Ақыл -жастан» -Сабыржан (Төле би), Қуаныш,Дәулет ,Есіл,Ерасыл
Сынып оқушылары сахнаға шығып тұрады.
Төле би (Сабыржан):
Ақты ақ деп бағалар,
О, игі жақсы ағалар.
Өзегі толса ел біткен,
Өзен бойын жағалар.
1би (Қуаныш):
Ата тұрып ұл сөйлегеннен без.
Ана тұрып қыз сөйлегеннен без-деуші еді,
Мына бала кім өзі?
Төле би:
О, игі асқар тауымыз,
Әділ ме, осы дауыңыз.
Жар астында тұрғанда ,
Жасырынып жауымыз.
Дәулет:
Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа ғой.
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса дана ғой.
Балам, ағалық билікті саған беремін.
Ерасыл:
Уа, халқым.
Сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Есіл:
Үй баласы ма десем,
Ел баласы екенсің.
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол.
Жүр, жүре ғой бізбен.
Туған жердің жайқалған алқабы егін, Айгерім
Биік сенің мәртебең, дархан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не дегенкең едің, шалқар едің . Зарина.
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары ,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары. Сабыр.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын Сүлеймен
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ,аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.-хормен Мадина Әбу.
Би: «Аққу» Зарина
Мен- қазақпын, биікпін байтақ елмін, Айым
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім”
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Әділ
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан да,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін, Есіл
Көңілім көкке шарықтады, серпілдім.
Көкірегім мұздап еді, ерідім,
Домбырадай «күмбірледі» көңілім,
«Кісен ашқан» күйі болып шертілдім.
1 жүргізуші:
Тұңғыш Президент күніне арналған
2 жүргізуші:
«Елбасым, саған ризамын !» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз.
ҚР Гимні ойналады.
Достарыңызбен бөлісу: |