Елбасымыз Н. Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында Мемлекет құрудағы бірегей бай тәжірибеміз арқылы, біз жаңа кезеңге енуіміз жайлы айтылған. Шындығанда да біздің басты күшіміз бірлігімізде



бет6/6
Дата11.04.2020
өлшемі10,58 Mb.
#62226
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жоба тақырыбы12


3.3. Makeblock mbot ranger жинағы
Makeblock – жоғары сапалы әмбебап алюминий бөлшектер жиынтығы. Makeblock жинағы роботтар және басқа да әртүрлі жобалар мен механизмдерді құрастыру үшін өте ыңғайлы. Makeblockтың mBot сериясы балаларға бағдарламалау, электроника және робототехника негіздерін оқытуға арналған. Біз қарастыратын жинағымыз бұл mBot Ranger. MBot Ranger – бұл үш түрге модельге айнала алатын оқу роботы: барлық жерде жүретін көлік, тепе – теңдік сақтайтын құс және жарыс көлігі.

MBot Rangerді компьютер, смартфон немесе планшет арқылы бағдарламалап басқаруға болады. Бұл жинақпен 9-11 сынып оқушылары айналысады.



MBot Ranger жинағының жұмыс сатысы.



Бұл жинақ екі мотор, дөңгелек, алюминий блоктар және т.б. құрылғылардан тұрады.


Me Auriga платасы

MBot роботымен жұмыс істеуде жаратысытану ғылымдары, математика және инженерлік білім негіздері (STEM – ғылым, технология, инженерия, математика) біріктіріледі.

MBot Ranger құрамында шамамен 100 механикалық бөлшектер және электрондық модульдер бар.

MBot Ranger сенсордың біраз түрін біріктіреді: жарық сенсоры, температура сенсоры, дыбыс сенсоры, ультрадыбыстық сенсор, сызық сенсоры және т.б. Бұл кең ауқымды сенсорлар Ranger-ге деректер жинауды, желіні қадағалауды және кедергілерді болдырмауды қамтитын көптеген функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Балалар сонымен қатар Ranger-ді зерттеуге көмектесу үшін қызықты жобалармен жұмыс істеу үшін қолдана алады.

Ranger-дің бағдарламаусыз басқарудың екі түрі бар: 1. Makeblock қосымшасын ашамыз. Тінтуірді бір рет басу арқылы дауыстық және қашықтан басқаруға болады. 2. Ranger Bluetooth қашықтан басқару құралын пайданалу.

Бұл жинаққа бағдарлама жазу үшін Scrath бағдарламалауды қолданады. Қазіргі таңда Scrath 3.0 қолдануда.




  1. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА САУАЛНАМА НӘТИЖЕЛЕРІ

Менің жобамның мақсаты – робототехника тек конструктор ғана емес, оқыту пәні ретінде қосылу мүмкіндігін дәлелдеу.

Робототехниканы қандай мақсатта және оны пән қып оқытса қалай болатынын білу үшін 3 – 10 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргіздім. Менің сауалнамамда мектебіміздің 1000 жуық оқушылары қатысты, яғни 60%.

Ең басты сұрағым: «Робототехника ұнайды ма?» деген сұраққа 80% «ия» деп жауап берді.

Келесі сұрағым: «Лего...» деген сұраққа 79% конструктор, 6% жауап беруге қысыламын, 15% бұл бір тәтті тағам атауы деп жауап берді. Осы жауаптарды саралай келе, әлі де нақтылау түсіндіру керек екен деп тұжырымдадым.

Келесі сұрағым: «Легодан жақсы макеттерді құрастырып, бағдарламалай аласың ба?» деген сұрағыма 75% «ия» деп, 25% «жоқ» деп жауап берді.

«Егерде робототехниканы жетік меңгеріп, осы саланы жетік білетін маман болсаң, не құрастырар едің?» деген сұрағыма еркін жауап берулерін сұрадым. Қорытындысында 60% жуық елімізге пайдасы тиетін робот жасау, яғни өндіріс саласына, ауыл шаруашылық саласына, медицинаға, әскери ұрысқа шапшаң роботтарды жасау, 20% робот мұғалім құрастыру, 15% робот-аспаз, үй жинайтын робот т.б. болса, 5% менің орныма үй жұмысын жасайтын робот деп жауап берді.

«Мектепте робототехника пән болып енсінбе?» деген сұрағыма 81% «ия» 19% «жоқ» деп жауап берді.

Осы сауалнаманың арқасында көптеген оқушылар Лего-ны жақсы біледі және де робот құрастыруға қызығушылықтарының бар екенін білуге болады. Сондықтанда «Робототехника» пән боп енгізілсе деген қорытындыға келдім.


  1. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

Lego WeDo 2.0 жинағы бойынша келесі тапсырма берілді. Яғни, Майло атты робот көмекшіні құрастыру. Оқушылар құрастырмас бұрын, оның қандай түрде болатынын анықтап, алдын ала виртуалды елестетип, кейін роботты құрастырды.



VirtualRoboticsToolkit бағдарламасы арқылы роботты виртуалды құрап, бағдарламалап, содан кейін барлық сатылардан өткен соң, роботты құрастыруға кіріседі. Бұл оларға не береді? деген сұрақ туындауы мүмкін. Яғни бұл бағдарлама арқылы қателіктерді болдырмаудың алдын алу боп келеді.

Алдымен WeDo 2.0 конструкторымен робот құрамас бұрын, оны bluetooth арқылы сигналды қабылдап тұр ма алде жоқ па соны білуіміз керек.



Бастауыш сынып оқушыларына құрастыру қызығырақ болу үшін оларға Азамат пен Асемнің бастан кешкендері сияқты ертегі тапсырма береміз. Мысалы

Асем мен Азамат екеуі ғылыми жаңалық ашқысы келеді. Бірақ олар сенің көмегіңсіз ештеңе де жасай алмайды. Оларға қиын, адамның аяғы баспаған жерлерге бару үшін робот жасау керек. Сен соған көмектесесің бе?

Яғни оқушылар, ертегінің жалғасын білу үшін робот жасауға кіріседі.




Оқушыларға алдын ала осындай ноутбуктен тапсырма көрсетіледі. Роботты құрастырып, түрлі командалар беріп, алға, артқа жүргізу.

Түсіндіріп, балалар бәрін ұққан соң, робот Майлоны құрастыруға кірісті.















Нұсқаулыққа қарап отырып Майло роботын құрастырды.
Енді Майлоны жүргізу үшін оны bluetooth сымсыз байланысы арқылы қосамыз. Олүшін планшет немесе компьютерді пайдаланамыз.

Енді бағдарламалауға көшеміз.



Үлгіге қарап отырып, дәл сондай батырмаларды қойдырамыз. Бұл балаларға қызықты болу үшін. Осыдан кейін, оларғаөз бетімен басқа да операцияларды құруға команда береміз.

ҚОРЫТЫНДЫ.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісінде заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Халық пен халықты теңестіретін – білім» деген нақыл сөзін өсиет ете отырып, мемлекетіміздің ұлы мұраты – білімнің кілтін табу екендігін атап көрсетті. Елбасының биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан да еліміздің алға өрлеуінің, дамыған 30 елдің қатарына қосылуының ең негізгі түп қазығы ғылым мен білімнің әлемдік стандартқа сәйкес дамуы болып табылатынын ұғынамыз.

2018 жылдан бастап №56 жалпы орта білім беретін мектебімізде «Робототехника негіздері» элективті курстар, үйірмелер ұйымдастырылуда.

LEGO MINDSTORMS EV3 конструкторлары пайдаланылатын оқу платформасы болады және оқушыларға практикалық тәжірибе алу, инженерлік, нұсқаушы, шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға және өз потенциалын ашуға мүмкіндік береді. Оқушылар түрлі есептерді шешу үшін роботтарды құрастыруды, құрылымдауды, үлгілеуді және бағдарламалауды жүзеге асырады. 21 ғасыр техниканың даму ғасыры болғандықтан, компьютерлер мен роботтар адам өмірінде алатын орны өте зор.
Робототехниканы зерттеу оқушылардың болашақта ізденісін одан әрі дамытуына ықпал етеді. Оқушылар робот құрастыра отырып, өзінің автоматтандырылған құрылғыларын құрады, оларды қадағалайды және эксперимент жүргізеді, моделдің практикалық қолданылуын іздейді, ғылыми бағыттағы инженерлік мамандықтың іргетасын қалыптастырады. Оқушылар нақты мақсат қоюға үйренеді, өмірдегі проблемаларды шешу үшін сыни ойлайды және шығармашылық дағдыларын қолданады.

Егер бұрын қыздар еңбек сабағында алжапқыш тігіп, ал ұл балалар ағашпен немесе металлмен жұмыс істесе, онда қазіргі уақытта бұл жеткіліксіз. Робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 3D-жобалау және тағы басқа – бұның бәрі енді дүниежүзінің қазіргі оқушыларын қызықтырады. Бұл қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін анағұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттер керек. Білу мен істеу ғана емес, сонымен қатар зерттеу және ойлап шығару маңызды.

Информатикада ең күрделі болып табылатын бөлімдерінің бірі бағдарламалау тілі болып отыр. Информатика сабағында программалау тілі басталғанда оқушылардың қызығушылығы төмендейді, енжерлық, төмен үлгерім көбейеді. Мұғалімнің міндеті — оқушыларға қазіргі заман қоғамның талаптарына жауап беретін пәндегі өзекті мазмұнды көрсету. Бұл робототехникаға көмектесе алады, өйткені робототехникалық жүйені бағдарламалық басқарудың серпінді дамитын бағыттарының бірі бағдарламалау. Робототехника сабақтары 5-6 сынып оқушыларына қиын-бөлім «Алгоритмика және бағдарламалау негіздерін» қиындықсыз жүргізуге мүмкіндік береді, негізгі алгоритмдік құрылымдарды үйрену: программаның қадамдарын игеруді, зерделеп нақтылайды.

Қорытынды: ХХІ ғасыр информатика ғасыры,яғни ақпараттандыру технологиясы, жасанды интеллектің дамыған заманы.

Жобамды қорытындылай келе, егерде робототехниканы мектепте факультатив немесе уйірме емес, пән етіп енгізсе, оқушыларға робототехникамен байланысты пәндер қызығырақ болатын еді. Мектеп қабырғасынан робототехниканың қыр сырын біліп шыққан оқушы университетте білімін әрі қарай шыңдай түсіп, еліміздің дамуына біраз үлестерін тигізер еді.

Қазір кейбір өңірлерде жоғарғы оқу орындарында Lego Mindstorms жинағымен сабақ өтілуде. Бұл дегеніміз менің ойымша елімізде робототехниканың дамуына ешқандай пайдасы жоқ деуге болады. Себебі, 1-3 курста Lego Mindstorms жинағы және 4 курста Arduino платасын оқытады.



Егерде еліміздің мектептерін толықтай робототехника жинақтарымен қамтыса, мектептер университеттерге дайын өнім шығаратын еді. Ал өз кезегінде университет студенттері мектепте алған білімдерін ары қарай шыңдай түсіп еліміздің дамуына біраз үлесін қосатын роботтарды дайындауға мүмкін алатын еді.
«Ойланбай оқыған адам адасады, оқымай тұрып ойланған адам қиындыққа тап болады»

Конфуций


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. «Робот техникасы» оқу курсы. НИШ

  2. Оқу құралы Lego EV3. IT халықаралық университеті

  3. Lego Mindstorms EV3. Қолданушы нұсқаулығы.

  4. Робот техникасы. Кирнос В.Н.

  5. https://www.makeblock.com/steam-kits/mbot-ranger

  6. https://education.lego.com/en-us





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет