Кіріспе Елдес Омарұлы-қазақтың сан салалы ғалымы,лингивст,математик, публицист,аудармашы,қоғам қайраткері. Алаш қозғалысының белсенді өкілі.
Алғашында Елдес ауылдың молдасынан хат таныды, содан соң Қостанай орыс-қазақ училищесiн бiтiрiп, Дубай ауылында мұғалiм болып жұмыс iстейдi.
Үш жыл (1917 ж. ақпан айына дейiн) жергiлiктi соттың кеңсесiнде қызмет еттi.
Сол жылдары оны Минск қаласындағы Земство Одағына хатшы қызметiне шақырады.
1917 жылы оқулық дайындау комиссиясының мүшесi етiп тағайындайды.
Азамат соғысы жылдары Елдес Омарұлы Қостанай уезi бойынша «Алаш Орданың» комиссары және Қостанайдағы бөлiмшесiнiң төрағасы дәрежесiнде қызмет еттi.
1917 жылы Орынбор қаласында өткен II бүкiл қазақ-қырғыз құрылтайында Қазақстанда ұлттық автономия — Алаш Орда атты өкiмет құру туралы шешiм қабылдаған болатын. Бұл бастаманың басында «Алаш» партиясы тұрды, ал осы бағдарламаның авторларының бiрi замандастары жан-жақты бiлiмi, таланты үшiн қазақтың Ломоносовы деп атаған белгiлi Елдес Тиесов болған едi.
1920 жж. бастап Орынбордағы халыққа бiлiм беру комиссариатының мектеп бөлiмiнде қызмет ете жүрiп, өлкелiк академиялық орталықтың қызметкерi болды.
Елдес Омарұлы да «халық жауы» деп айыпталып, ОГПУ-дың үкiмiмен 58 бабы бойынша он жылға сотталды. Көп кешiкпей сол ОГПУ Елдес Омарұлын ату жазасына кестi, бiраз уақыт өткен соң бұл үкiм өзгертiлдi.
Алғашқы жылдарын (оған дейiн Елдес Мәскеудегi Бутырка түрмесiнде отырған) ол Карелияда өткiздi. 1933 жылдың шiлдесiнде Елдес Омарұлы мерзiмiнен бұрын босатылды, бiрақ ол бостандық көпке ұзамады.
Елдес Омарұлы алғашқылардың бiрi болып Мұхтар Әуезовтың ғылыми еңбектерi туралы пiкiр жазған. Ол М. Әуезовтың еңбектерiне жоғары баға бердi. Мұхтар Әуезов 1927 жылы туған ұлының атын Елдес Омарұлының құрметiне Елдес деп қойды.
Белгiлi ғалым Елдес Омарұлы ғалым-филолог Телжан Шонановпен көп жылдар бойы дос болды. 1937 жылы Шонановқа «халық жауы» деген айып тағылғанда, Е. Омарұлы досының сөзiн сөйлеп, құтқарып қалғысы келдi, бiрақ оның өзiне де «халық жауы» деген жалған айып тағылды. Алдымен, ҚазГУ-дiң жатақханасында тұрып жатқан жерiнен шығарып жiбердi.
1937 жылдың 20 қарашасында ол тұтқындалып, желтоқсанның бiрiнде ату жазасына кесiледi.
Е. Омарұлы тек 1989 жылы ғана ақталды. Соған қарамастан ғалым еңбектері ұзақ уақыт бойы халқымен қауышқан жоқ. Тек тәуелсіздік жылдары ғана архивтерден ғалым еңбектері табылып,көңіл бөліне бастады. 2016 жылы М.Шуақаев.пен А.Шаяхметов құрастыруымен шығармалар жинағы жарық көрді. А.Шаяхметов жазған алғы сөзде Елдес Омарұлы еңбегіне жоғары баға берілген болатын.Кейін 2018 жылы 3 томдық шығармалар жинағы шығарылды.Алдыңғы айтылған жинақта ғалымның тек тіл біліміне қатысты еңбектері енгізілсе,соңғы үш томдықта пішіндеме,физике сынды Елдес Омарұлының аударма еңбектері халыққа ұсынылды. Алғы сөзін жазушы-Орынай Жұбаева.
Кейін 2019 жылдың 17 мамырында өткізілген «Ұлы даланың жеті қыры:өркениеттің түпқазағы-жазу» конференциясында Елдес Омарұлы мен оның тіл біліміне қосқан үлесі жөнінде баяндамалар оқылған болатын.
Ғылыми жоба барысында сіздер Елдес Омарұлының тіл біліміне және аударма ісіне қосқан өлшеусіз үлесіне жасалған талдаумен танысатын боласыздар. Ғылыми жұмыс үш негізгі тақырыпты қарастырады.Соның ішінде латын әліпбиіне қатысты Елдес Омарұлының пікіріне талдау жасалынады. Ғалымның фонетика,орфография, синтаксис саласына байланысты еңбектерімен танысасыздар. Үшінші тақырып Елдес Омарұлының аудармаларын қамтиды. Ғалым аударған терминдердің өзектілігі мен қазіргі таңдағы қолданысы талқыланады.